Ашық сабақ.
Пән: Қазақ әдебиеті.
Күні: ...................
Тақырыбы: Сәкен Сейфуллин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Қазақтың «Үш бәйтерегі» атанған ақындарынан бірі С. Сейфуллин жайлы оқушыларға жан-жақты таныстыру үшін, алдын-ала ұсынған әдебиеттер бойынша, өз беттерімен дайыңдалып келген білімдерін дамыту, қалыптастыру, бағалау, белсенділігін арттыру т.б.
Дамытушылық:
Ой-сезімді дамыту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру
Тәрбиелік:
Адамгершілік тәрбиесін беру, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдауға үйрету, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап
Сабақтың түрі: өзіндік жұмыс сабағы
Сабақтың көрнекіліктері: интерактив тақтада слайд, бейнематериал, тест, оқулық.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, өзбек тілі, орыс тілі.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеу, нәтижелерді топ журналына жазу, оқушы назарын сабаққа аудару, поэзия минуты.
- Амансыңдарма, ұл-қыздар, әзірміз бе сабаққа?
Әдебиет - сөз өнері, Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық? Тапсырмаңыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым қып, тығылмаңыз қуысқа.
Ойымыз айтайық. Білімімізді байқайық.
Тексеруші ұстаздар қалсын бір сәт марқайып.
№
|
Сабақтың құрылымы
|
Уақыты
|
1
|
Ұйымдастыру
|
3 минут
|
2
|
Өткен сабақты қайталау
|
10 минут
|
3
|
Жаңа сабақты түсіндіру
|
20 минут
|
4
|
Жаңа сабақты бекіту
|
5 минут
|
5
|
Сабақты қорытындылау
|
5 минут
|
6
|
Үйге тапсырма беру
|
2 минут
|
Бүгінгі сабағымызда 7 баспалдақ арқылы көздеген мақсатымызға жетеміз деп ойлаймын.
Оқушылар, біз сіздермен өткен сабақтарымызда ХХ ғасыр басындағы әдебиетпен танысқанбыз.
Қазақ әдебиеті аса бай, мол мұра.
Әдебиет арабша сөзден алынған болып, «асыл сөз» деген мағынаны білдіреді. Ол 8 кезеңге бөлінеді:
Ауыз әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті
Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
ХІХ ғасыр І жартысындағы әдебиет
ХІХ ғасыр ІІ жартысындағы әдебиет
ХХ ғасыр басындағы әдебиет
Кеңес дәуіріндегі әдебиет
Қазіргі әдебиет
Сабағымызды бастаудан алдын сіздерді бағалап бару үшін әділ қазылар алқасы етіп Эралиев М. тағайындап алайық.
Оқушыларды екі топқа бөліп, «Алғырлар» және «Тапқырлар» деп атадық.
Әр топ өздерін таныстырады.
1-топ «Алғырлар»
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды.
Қабылдаңыз шын жүректен
Сәлем сізге жалынды.
Қолында болса бар билік,
Қапа болып қалмаңыз.
Алдына келсе бітпес дау,
Әділін айтып қорғаңыз.
2-топ «Тапқырлар»
Толағайдын тасындай
Ұланнан тұрамыз.
Сөзге жүйрік баламыз
Тапқырлар тобы осындай.
Ал енді 1-баспалдаққа өтейік. Ол «Кімнің ойы ұшқыр?» деп аталады.
Әдебиет сөзі қандай мағынаны білдіреді?
Қазақ әдебиеті қандай кезеңдерге бөлінеді
ХХ ғасыр басындағы қазақ елі жайлы айтыңыз.
ХХ ғасыр басында қазақ жазушыларын неше топқа бөлді?
ХХ ғасыр әдебиеті туралы айтыңыз.
ХХ ғасыр басында шығармашылықпен айналысқан ақындар.
Құрметті оқушылар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы қазақ халқы "Үш бәйтерек" деп атап кеткен ақындарынан бірі Сәкен Сейфуллин. Қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен көрінеді. "Үш бәйтерек" ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
Әдебиеттің "үш бәйтерегі" өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегіне жол тапты.
2-баспалдақ.
Іздену стратегиясы.
Бұл жолы жаңа тақырыпқа оқушылардың өздері дайындалып келген.
Сәкен Сейфуллин - өнер күйшісінің өлеңдері, драматургия, саласындағы еңбектерімен таныстырып өтеді.
Сәкен Сейфуллин
(1894 - 1938)
Туған жері: бұрынғы Ақмола облысы, Ақмола уезі, Нілді Болысының Бірінші ауылы (қазіргі Қарағанлы облысы, Шет ауданы, (бұрынғы Жаңаарқа ауданы) Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Яғни Сарыарқада туған.
Қызметі: акын. жазушы. драматург, қоғам қайраткері, педагог, әдебиет тарихын зерттеуші ғалым, публицист.
Өмірінен деректер:
1905-1908
|
Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде оқыды.
|
1908-1913
|
Ақмолада приходская школада, қалалық училишеде оқыды.
|
1913-1916
|
Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Омбыда қазақ жастарының «Бірлік» қауымын. Ақмолада «Жас қазақ» ұйымын ашып. «Тіршілік» газетін шығаруды ұйымдастырған.
|
1917
|
Ақмола Совдепі президиумының мүшесі.
|
1918
|
КОКП мүшесі.
|
1919
|
Ақмола совдепшілермен бірге тұтқындалып, Атаманның «азап вагонында» 47 күн азап шегіп, Колчактың Омбыдағы түрмесінен қашып құтылады.
|
1920
|
Қаз АКСР жариялаған Кеңестердің 1-Құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті Президиумының мүшесі, Жер-су комиссиясының төрағасы болды.
|
1922-1925
|
Қазақстан Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы.
|
1922
|
«Еңбекші қазақ» газетінің редакторы.
|
1925
|
Халық ағарту комиссараты жанындағы Ғылым орталығының төрағасы, Қазақтың пролетар жазушылары ассоцияциясының (Қаз.АПП) басшысы.
|
1926
|
БК(б) П Өлкелік комитеті партия тарихы бөлімінің меңгерушісі.
|
1927
|
Қызылорда Халық ағарту институтының, Ташкенттегі Қазақ педагогикалық институтының директоры.
|
1932
|
«Әдебиет майданы» журналының редакторы.
|
1934
|
Қазақтың коммунистік журналистика институтының профессоры.
|
1936
|
Әдеби қызметінің 20 жылдығы тойланып, оған Еңбек Қызыл ту ордені берілді.
|
1937
|
Тұтқындалды.
|
26.02. 1938
|
«Халық жауы» ретінде атылды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |