№6 сабақ
Пән: Қазақ тілі
|
|
№ 6-сабақ
|
Мұғалім: Кабанова Надежда
|
Сынып: 4 Ь-сынып
|
|
Сабақ тақырыбы
|
Фонетика әлеміне саяхат.
|
Сабақ мақсаты
|
4.11.1 тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
Тыңдаған материал бойынша негізгі тұсын түртіп алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту
|
Бағалау критерийлері
|
Диалогке қатысады;
Берілген тақырып бойынша өз көзқарасын білдіріп, ой қорыту жасай алады.
Оқу мақсатына сәйкес дауыстап, түсініп, іштей, мәнерлеп, сын тұрғысынан бағалап, көз жүгіртіп оқу дағдылары жетілдіріледі.
|
Ресурстар
|
Оқулық, суреттер, кері байланыс, стикер, слайд, флипчарт.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
Дыбыстарды тыңдау.
- Мерей, тыңдашы. Айналамыздан сан түрлі дыбыстар естілді: ұшып бара жатқан ұшақтың гүрілі, желдің гуілі, судың сылдыры, құстардың сайрағаны, күннің күркірегені, ағаш жапырақтарының сыбдыры .
- Бұлардан басқа тіл дыбыстары бар емес пе?! Олар бір-бірімен бірігіп, мағыналы сөз жасайды. Тіл дыбыстарын естиміз әрі айтамыз. Осы тіл дыбыстарының жасалу, айтылу, естілуін, буын, екпін, интонация мәселелерін тілдің фонетика саласы қарастырады.
Фонетика дегеніміз - тіл білімінің, яғни тілдің дыбыстық жағын зерттейтін саласы.
|
|
Сабақтың ортасы
Тапсырма 1
Тапсырма 2
|
Сұрақтарға жауап бер.
Бірінші сұрақ не туралы?
Екінші сұрақ нелер туралы?
Жер астындағы су қорына нелер қосылады?
Су жердің бетіне не арқылы шығады?
Кейбіреуі қайда құяды?
Көл айдыны арқылы не істейді?
Бабаларымыз бұл туралы не деген?
Қарамен жазылған сұрау мағынасындағы сөздерге жауап болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құра.
Жаңбыр, шағын бұлақтар, ...
Өзің құрған тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын айтып көр
25-тапсырма.Сөздерді оқы.
Көбелек, шың, ұлан, ер, жапырақ, өлке, көгершін, пияз, киік.
Әр сөзде неше дыбыс, неше әріп барын айт
Қай сөзде дыбыс пен әріптің саны бірдей емес?
Дыбыс пен әріптің бір-бірінен өзгешілігі неде?
Дескриптор:
1.Тақырыпты және негізгі ойды анықтап үйренді.
2.Дыбыс пен әріпті ажырата алды.
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмала
ры.
Туған жердің ауасы да шипа
|
Сабақтың соңы
|
Рефлексия
«Бас бармақ» кері байланыс.
|
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмала
ры арқылы білдіре алады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |