Пән
|
Қазақстан тарихы
|
Мектеп
|
№2 ЖОББМ
|
Күні:
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Мұғалімнің аты-жөні
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
XX ғ. 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым
Зерттеу сұрағы:Білім мен ғылым саласының қандай жетістіктері мен кемшіліктері болды?
|
Оқу мақсаты
|
8.2.3.3 – XX ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы өзгерістерді талдау;
8.2.3.2 – кеңес дәуіріндегі қазақ тілінің ахуалын анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
-ХХ ғ. І жартысындағы Қазақстанда білім мен ғылым саласының дамуын сипаттай отырып, жетістіктері мен кемшіліктерін талдап, маңыздылығына баға беру;
-Кеңестік саясаттың қазақ тіліне тигізген әсерін анықтау.
|
Бағалау критерийлері
|
Білу және түсіну:
-ХХ ғ. 20-30 жылдарындағы «Сауатсыздықты» жою шараларын сипаттайды;
-Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының ашылуын біледі.
Қолдану:
-Кеңес үкіметі тұсындағы қазақ тілінің мәселесін анықтайды.
Талдау:
-Білім саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерді талдайды
|
Құндылықтарға баулу
|
-Ұлттық сана-сезім,
-шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау
-тарихи тұлғаларды құрметтеуге баулу
- патриотизм
- отансүйгіштік
- өз халқы үшін мақтаныш
- көшбасшылық
|
Ойлау дағдылары
|
Талдау, жинақтау, бағалау
|
Пәнаралық байланыс
|
Дүниежүзі тарихы
|
Тілдік мақсат
|
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
бірыңғай еңбек мектептері,
сауаттылық, техникум,
алғашқы жоғары оқу орындары,
институт,
атеизм,
идеология,
ұлттық сана-сезім
мәдениет
|
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
Ахмет Байтұрсынов – ұлт ұстазы
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
7 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Ой шақыру. А. Құнанбаевтың «ғылым таппай мақтан ба» өлеңін талқылау. Оқушылардың көзқарасын білу.
Сабақтың тақырыбын, оқу мақсаттарын және бағалау критерийлерін анықтау.
|
http://www.youtube.com/watch?v=gChCSRCvjkM А.Байтұрсынов
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы, 2010.
Қазақстан жастарының 1920-30 жылдардағы сауатсыздықты жою науқанына қатысуы
http://kzdocs.docdat.com/docs/index-10256.html?page=17
Б. Ғ. Аяған, Х. М. Әбжанов, Д. А. Махат. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы: Раритет, 2010
Бас ред. М.Х.Асылбеков, Қ.С.Алдажұманов, К.М.Байпақов. Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. ІV том. – А: Атамұра, 2010ж.
Қозыбаев, М. Қ. Қазақстан тарихы [Текст] : оқулық / М. Қ. Қозыбаев, І. М. Қозыбаев. - Алматы : Атамұра - Қазақстан, 1993. Ғылым мен білім
С. Сабырұлы. Қазақстан тарихы. – Алматы: Жеті жарғы, 2012.
Г.В. Кан, Н.У.Шаяхметов. Қазақстан тарихы. – Алматы: Алматыкітап, 2012.
К. Бегалин. Империя құрамында. – Алматы: Аруна, 2013.
Стикерлер
|
Сабақтың ортасы
31 мин
|
Мәтінмен жұмыс. Кәсіби даму мақсатына сәйкес тарихи контекстегі мәтінде абзацтарға бөліп, әр абзац бойынша тапсырмалар беру. Екінші тілде оқитын сыныптар үшін ауқымды мәтінді түсіну және талдау қиын болғандықтан, мәтінмен жұмыстың осы түрі таңдап алынды.
1-тапсырма: Мәтінді және өз біліміңізді пайдалана отырып, кеңестік білім саласын сипаттаңыз
Дескриптор: оқушы мәтін бойынша ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы білім саласындағы 2 ерекшелікті анықтай алады.
1-ерекшелік
2-ерекшелік
Оқушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін, өз жауаптарын тақтадағы жауаптармен салыстырып, өзін-өзі бағалады.
2-тапсырма: мәтін бойынша негізгі ақпаратты жазыңыз.
Жеке жұмыс
Дескриптор:
оқушы оқулықтардың авторларын анықтай алады;
оқушы оқу орындарының атауларын кестеге жаза алады.
Оқушылар кесте толтырады. Кестеге оқулықтардың авторлары мен Жоғары оқу орындарын анықтап, жазады.
Тапсырманы аяқтап болғаннан кейін, оқущылар жұмыстарымен алмасып, бірін-бірі бағалады.
3-тапсырма: Кеңес үкіметі кезіндегі қазақ тілі мәселесін анықтаңыз.
Жеке жұмыс
Дескриптор: оқушы қазақ тілінің жағдайына кері әсер еткен фаторларды анықтай алады.
1-фактор
2-фактор
Оқушылар қазақ тілінің жағдайына әсер еткен 2 факторды анықтайды. Тапсырма аяқтағаннан кейін біріне-бірі кері байланыс береді.
|
Сабақтың соңы
|
4-тапсырма: ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласының жағдайын талдаңыз.
Жұптық жұмыс.
Дескриптор:
-жұптар ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы білім мен ғылым саласындағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап, SWOT талдауын жасай алады.
Жұптар өз жұмыстарын аяқтап болғаннан кейін, топтарға бірігіп, талқылау жүргізеді. Топ ішінде бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс:
Әр оқушы жаңа сабақ бойынша өз пікірлерін білдіріп, кемені әр түрлі түске бояйды.
|
|
Үйге тапсырма
|
§41-42 – оқып келу
|
|