Сабақтың басы
|
«Мен пікір білдіремін, сен пікір білдіресің» жаттығуы
Мақсаты:өзінің бір нəрсеге көңілі толмау, ренжу, көңілі қалу сияқты жағымсыз сезімдерін толерантты түрде жеткізе білу;қарым-қатынасты еркін жүргізуді үйрету.
Көк маркерлер тобы:
Қызыл маркерлер тобы:
Жасыл маркерлер тобы:
Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
«Жедел жауап» әдісі
Сұрақтарға жауап беріңдер:
– Бүгінгі сабағымызда не жайында айтатын боламыз деп ойлайсыңдар? (электр жайында)
– Электр күші мейірімді күш пе, мейірімсіз бе? Жауаптары:
– егер электр күшін дұрыс қолдана білсең, ол – мейірімді күш!
– электр қуаты – әлемдегі ең жақсы көмекші!
– электр тогы – қауіпті әрі қорқынышты жау!
Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бүгін біз электр күшін қалай дұрыс пайдалану керек және біздің қауіпсіздігіміз жайлы сөз ететін боламыз.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
|