Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
Сабақтың соңы
|
Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Мұғалім: Ол шөп қазақ даласының символына айналған. Оның емдік қасиеті бар. Көптеген ақын-жазушылар ол шөпті өзінің шығармасына қосып, оның иісін туған жердің иісіне балаған. Қай шөп туралы айтып отырмын, балалар! (жусан туралы)
Емшан-шөп туралы аңыз кеңінен танымал. Жусанды «емшөп» деп атаған. Емшан-шөбі аңызында қазақ даласында өсетін жусанның иісін сағынып, жат елдегі алтын тағын тастап, «Туған жерім, қайдасың?» деп туған еліне оралған Бейбарыс сұлтан (қыпшақ) туралы айтылады. «Жат елде сұлтан болғанша — өз еліңде ұлтан бол!» деген қазақ халқының мақалы бар.
Ресми емес нышандар арқылы ұлттың тарихын, мәдениетін көруге болады. Туған жерінің иісін, жусан шөбінің иісін ұмытқан адамдар, ерте ме, кеш пе, міндетті түрде өздерін жоғалтады, есімдерін де ұмытады.
Жусан шөбі аңызынан сабақтың тақырыбы бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
|