Мұғалім оқушылардан Бауыржан ата туралы білетіндерін сұрап,
өз тарапынан толықтырады. Оқулықтағы ақпаратты
пайдаланады.
(Ұ) «Түсініп оқы» айдары «Аялдамамен оқу» әдісі бойынша
жүзеге асады. «Ұшқан ұя» мәтіні оқылып, оқу барысында
аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік
жүргізіледі. (Мұғалім өзі оқуына немесе оқушыларға оқытуына
болады. «Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына
талдау жасатады).
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың
мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде
талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету. Сөздердің мағынасын ашу.