Байланысты: Әдебиеттік оқу ҚМЖ 4-сынып 1- тоқсан-1
«Түсініп оқы» айдары (Т) «Ғажайып бақ» ертегісін түсініп оқу.
Оқушылардан ертегіде баяндалған сәттен кейін не болатынын
болжайды, топ мүшелеріне айтып береді.
«Болжа» айдары
Әр топтан өздері таңдаған болжамдарын ұжымға ұсынады.
Содан оқушылар ертегінің соңын оқиды. Қай топтың болжамы
мазмұн жағынан жақын келгенін анықтайды.
Дескриптор: Оқушылар болжай алады.
Ертегіні түсініп оқи алады.
ҚБ: болжамдардың ертегі мазмұнына сәйкес келетінін мадақтап,
оқушыларға қайта тыңдату
Сөздік жұмысы
Тентіреп кету – қаңғырып, қайыр сұрап кету
«Түсіндір» айдары
Мұғалімнің көмегімен «ұлтарақтай жер» сөзінің мағынасын
түсіндіреді. Жауабын сурет арқылы немесе саусақпен бейнелеп
көрсет:
а) көлемді жер;
ә) азғана, өте кіші жер;
б) ұлтараққа ұқсайтын жер.
«Есіңе түсір» айдары
- «Ғажайып бақ» ертегінің қай түріне жатады?
(Т) Оқушылар ертегі түрлерін естеріне түсіреді (тұрмыс-салт,
қиял-ғажайып, жануарлар туралы ертегі). Оқушылар топта талқылай отырып, тұрмыс-салт ертегісіне жататынын анықтайды, пікірлерін дәлелдейді.