Мағынаны тану кезеңі (ЖЖ) «Есіңе түсір» айдары«Қойын дәптер» әдісі арқылы
жүзеге асады. Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығы
жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер
қорын толықтырады.
Аты-жөні
Туған жылы
Шығармалары
Ақпарат
Жаңалық
(Т) «Түсініп оқы» айдары бойынша Қадыр Мырза Әлидің
«Арман» өлеңін оқулықтағы суретпен салыстыра отырып оқып,
өлеңнің әр тармағына сәйкес суретті табады.
Мақсаты: Өлеңді суретпен салыстыра отырып оқуға үйренеді.
Тиімділігі: Топ ішінде талдай отырып, өлең мазмұны мен сурет
мазмұнын салыстыра отырып оқуға дағдыланады.
Дескрипторы: 1. Өлеңнің әр тармағының мағынасын топта талдайды.
2. Әр тармаққа сәйкес суретті сәйкестендіреді.