Алаш – қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы. Тәу ету – қасиетті деген нәрсеге басын иіп, тағзым ету. (ЖЖ) «Білгенге маржан» айдары бойынша Қазақстан
Республикасында 16-17 желтоқсанда Тәуелсіздік күні ұлттық
мерекесі аталып өтілетіні туралы біледі.
(ЖЖ)«Қосжазба күнделігі» әдісі бойынша төмендегі
сұрақтарға жауап береді.
*Өлеңдерде бостандық үшін күрестің құрбандары туралы не
айтылған?
*Бұл өлең неліктен «ең шуақты, «ең шырайлы», «ең шерлі»?
*Ақынның жүрегі кімдер үшін сыздады?
*«Еркіндіктің қыраны» деп ақын нені меңзеп тұр?
Дескрипторы: 1. Сұрақтарға жауап береді.
2. Автор пікірін мысал келтіру арқылы дәлелдейді.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі арқылы әр топ көрші топтың жұмысын дескрипторлар негізінде бағалайды.
Дәптермен жұмыс.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.