Т.Байсырымов атындағы Құлсары гуманитарлық-техникалық колледжі
«Құқық – өмір айнасы» - тақырыбындағы ашық сабақ
Пән: Қылмыстық құқық
Топ: Құқықтану ІІІ курс
Оқытушы: Ұзақбай Жазира
Мақсаты:
Студенттерге адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру
Азаматтық құқық бұзушылық түсінігі мен түрлерінің мазмұнын ашып түсіндіру
Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру
Әдісі: колледжішілік, топтық сайыс
Көрнекілігі: ҚР – ның рәміздерінің суреттері, ҚР Конституциясы, интерактивті тақта, ҚР азаматтық және қылмыстық кодексі, өзге де заң жинақтары, көрме, заң туралы қанатты сөздер, слайдтар, видеокөрініс және видеосұрақтар.
Студенттерді 2 топқа бөлу:
Топ: Судьялар
Топ: Ішкі істер қызметкерлері
Сайыстың мақсаты мен мазмұнын таныстыру
Кіріспе:
Мұғалім сөзі: Құрметті мұғалімдер, студенттер жылдық жоспарға сай, құқықтану тобы студенттерінің арасында ұйымдастырылып отырған ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосқан, тарихта өшпес аттарын қалдырған шет ел ойшылдары Томас Гоббс, Жан Жак Руссо, Иммануил Кант, Томас Джефферсон, т.б. олар адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап белгілеп берген. Өз халқымыздың ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғасырдың орта шенінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық әдет-ғұрыптармен, жүйелерді ала отырып, дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны «Қасым ханның – қасқа жолы» деп атады. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім ханға халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Сонымен қатар Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың тұжырымдарын жасады.
1991 жылы 10 желтоқсан күні Республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 жылы 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.
1991 жылы 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
1993 жылы 15 қараша күні Президент Н.Ә.Назарбаев ҚР Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттілігіне сәйкес елімізде ұлттық валюта – теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойғанын хабарлады.
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.
ҚР Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Конституциямыздың 1 бабында адам құқықтарын сақтау нормасы бекітіліп, 30 – түгелдей азаматтардың құқытарына, бостандықтарына, мүдделеріне арналған. Бұл демоктратиялық ашық қоғамда өмірдегі барлық құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен бостандықтары ең маңызды болып саналатындығын білдіреді. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» деген қанатты сөзімен сайысымызды бастасақ.
Сайыс жоспары:
Әр топ өздерін таныстыру
«Жасырын сұрақ» әр топқа 5 сұрақтан
Бейнесюжет арқылы тапсырма
Заң алдында жұрттың бәрі тең
(Берілген суреттерге қарап қандай қылмыстың түріне және нешінші бапқа жататындығын айту)
Үй тапсырмасы
Әр бөлім баллдық шкаламен бағаланады, жоғарғы ұпай 10 балл, төменгі ұпай 5 балл. Сайыс соңында баллдарын есептеп, жеңімпаз атанған топ марапатталады.
І – бөлім Әр топ өздерін таныстыру
ІІ – бөлім «Жасырын сұрақ». Қағазға жазылған сұрақтар оралып, таңдау еркіндігі беріледі. Әр топ кезекпен бір сұрақтан алып жауап береді. Әр топқа бес сұрақтан тиесілі.
1 сұрақ: «Конституция» сөзінің аудармасы (Латынның «constitution» құрылым, өкілім деген сөзінен шыққан)
2 сұрақ: Сыйға тарту шартының сипаттамасы (біржақты-міндеттеуші, реалды, консенсуалды,екіжақты, ақысыз)
3 сұрақ: Республикада жоғарғы заң шығарушы орган (Парламент)
4 сұрақ: Балалар құқығының конвенциясы қашан қабылданды? (1994 жылы 8 маусым)
5 сұрақ: Жазаның түрлері (айып салу, құқықтан айыру, қоғамдық жұмысқа тарту, еңбекпен түзету жұмыстары, бас бостандығын шектеу)
6 сұрақ: Жоғары қауіптілік көздері келтірілген зиянды өтеуге міндетті (жоғары қауіп көзін иеленуші)
7 сұрақ: Сот дәлелдемелерді қалай бағалайды? (өзінің ішкі сенімі бойынша)
8 сұрақ: Республика заңдары қай кезде күшіне енеді? (Президент қол қойғаннан кейін)
9 сұрақ: Реституция – дегеніміз не? (жақтардың мүлікті мәмілеге дейінгі болған алғашқы қалпына кетіруін айтамыз)
10 сұрақ: Судья талап арыз түскен бастап оны сот ісін жүргізу үшін қабылдау туралы мәселені шешуге құқық мерзімі. (5 күн мерзімде)
ІІІ - бөлім Бейнесюжет арқылы тапсырма
ІV – бөлім Заң алдында жұрттың бәрі тең. (Берілген суреттерге қарап қандай қылмыстың түріне және нешінші бапқа жататындығын айту)
1 сурет: ҚР Қылмыстық кодексінің 259 – 265 баптары. Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп алу, сақтау – 3 жылға бас бостандығынан айыру
2 сурет: 233- бап Терроризм- төрт жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру
3 сурет: 102 бап Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу - 3 жылға бас бостандығынан айыру
4 сурет: 97 – бап Жаңа туған сәбиін анасының өлтіруі – 4 жылға дейін
бас бостандығынан айыру
Достарыңызбен бөлісу: |