Ширату тапсырмасы. Орман өсімдіктерінің барлығының биіктігі бірдей бола ма?
Ағаштар жарықтың әртүрлі түсуіне қалай бейімделген?
Қандай өсімдіктер жарықты көбірек алады? Неліктен?
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда) 1-топ «Сары кәмпиттер» Эврика үстел үстінде тұрған гүлдің жапырақтарының терезеге бағытталғанын байқады. Оның себебі неде деп ойлайсыңдар? Эврика өсімдікті мұқият бақылап, оның төменгі жапырақтары жоғарғы жапырақтарға қарағанда үлкен екенін көрді. Ол ойланып қалды. Ал қазір бұл өсімдікке жарық жеткілікті ме? Ойыңды түсіндір.