2-топ «Көк кәмпиттер» Ағаштар жарықтың әртүрлі түсуіне қалай бейімделген?
3-топ «Қызыл кәмпиттер» Ашық алаңқайда өскен ағаштың ұшар басы әдемі болады.Қайыңның ұшар басы неліктен дөңгелек болады деп ойлайсыңдар?
Дескриптор:
Өсімдікке жарықтың әсерін айтып береді.
Ағаштардың жарықтың әртүрлі түсіне бейімделуін түсіндіріп береді.
Ашық алаңқайда өскен ағаштың жарыққа бейімделуін түсіндіре алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау. Жұмыс дәптеріндегі жазылым тапсырмаларын орындау Зертте. Сыныпты кіші топтарға бөліңіз.«Ресустар» айдарында айтылған суретті үлестірме парақшаларды, ватман қағаздарын таратыңыз.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық. • Орманда және ашық кеңістікте өсетін өсімдіктерді қандай белгілері бойынша ажыратуға болатынын топта талқылайды (бұтақтарының саны,
діңінің ұзындығы).
• Ватманды екіге бөледі. Әрқайсысына суретті жапсырады.
• Әр суреттің өзіне тән өзгеше белгілерін анықтап, жазып қояды.
• Нәтижелерін өзге топтармен салыстырады.