Өткенді қайталау.
Оқушылар оқулықтағы №5 тапсырманы орындайды, есептерге өрнек құрады және оларды шығарады.
Оқушылар оқулықтан №6 тапсырманы орындайды, ә) тапсырма жұппен орындалады, оқушылар жұппен жұмыс түрін өздері таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші – бақылайды. «амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы түсіндіреді, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады.
Оқулықтағы 7 а) тапсырмасында үшбұрыштың ауданын есептеу керек. Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуді естеріне түсіреді, есеп шығарады: (4 ⋅ 9) : 2 = 18(см2)
оқулықтағы №7ә) тапсырмада тәжірибелік жұмыс жүргіземіз: тіктөртбұрыш сызамыз, оны қиғаш сызықпен екі тікбұрышты үшбұрышқа бөлеміз, тікбұрыш үшбұрыштың ұзындығы мен енін өлшейді, тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептейді.
|