Өздік жұмыс
Оқушылар оқулықтан №2 тапсырманы орындайды, қалдықпен бөлудің жазбаша алгоритміне сәйкес өрнекті баған түрінде жазып, жазбаша қалдықпен бөлуді орындайды.
Оқушылар №3 тапсырманы орындайды, қиындатылған теңдеу шешу алгоритмі бойынша, теңдеуді шешеді.
Қиындықтарды түсіндіру
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын тексереді.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қателік туындамаған болса, өз мақсатыңызды нақтылаңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?
(Қателерді түзету).
– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.
– Әркім өзінің оқыту есебін айтады.
Мұғалім бағалау критерийлері бар дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
разрядтан аттап өту арқылы екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіруді;
разрядтан аттап өту арқылы екі таңбалы санды біртаңбалы санға көбейту алгоритмін қолдануды білемін.
|