Сабақ Пән: Математика Орта мерзімді жоспар бөлімі



бет299/385
Дата24.01.2022
өлшемі2,66 Mb.
#129726
түріСабақ
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   385
Байланысты:
matem-kmzh

Сабақтың ортасы

Өздік жұмыс

Кітаптағы №2 тапсырмада балалар бөлудің жазбаша амалын өрнек түрінде баған түрінде жаза отырып орындайды.

Оқушылар №3 тапсырмада күрделі теңдеуді шешу амалын қолдана отырып теңдеуді шешеді, бұл есепте олар сәйкес келетін амалды қолданады.

Қиындықты шешу

Оқытушы тапсырманың дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындықтар туындады?

– Қай жерде қате жібердіңдер?

– Жіберілген қатенің себебі неде?

– Өздік жұмыста қателік жібергендер, өз іс-әрекеттерінің мақсатын тұжырымдаңдар.



(Қосымша тапсырмалар орындау).

–Есептеу барысында қиындық туындағандар, ары қарайғы жұмысқа мақсаттарың қандай?



(Қатемен жұмыс).

– Қатемен жұмыс амалын қолданамыз.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айтады.

Оқытушы бағалау критерийі бойынша дәптерге есеп орындауды ұсынады.

Мен:


  • разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін түсіндіре аламын;

  • разрядтан екі аттап өту арқылы көбейту мен бөлудің алгоритмін қолдана аламын.

Өткенді қолдану

Оқытушы баланың деңгейіне қарай өздік жұмыс береді. Кітаптағы №5 тапсырма бойынша есептер шығару талап етіледі. а) пунктінде санның бөлігін табу беріледі, балалар оны табудың ережесін еске түсіреді.

Оқулықтағы №6 тапсырмада сызба бойынша бірнеше есептер құрастыруға тырысады. Оқулықтағы «Материал элементтерін бөлуді» жұптасып орындау барысында, бірінші оқушы барлық есепті өзі орындайды, ал екінші оқушы оны тексереді. Жұптасып орындау «амалында», бірінші оқушы түсіндіреді, екіншісі оны жазады, бірінші келісе ме жоқ па. Жұптасып орындауда «бірлесуді» таңдаған оқушылар жұмысқа бірге кіріседі, әрбір операция сайын өз есептерін салыстырып, тексереді, қарама-қайшылық туындаған жағдайда әрқайсысы өз есебінің дұрыстығын дәлелдеп, бір келісімге келуге тырысады.

№7 тапсырма зерттеушілік сипатта берілген. Оқушылар таңдалған дөңгелектердің ішінде неге біреуінің жасыл болатынын түсіндіреді (5 дөңгелекті алу ұсынылған, сарының саны 4, қалғаны жасыл).



Өздік жұмыс.

Кітапта берілген 4 тапсырмада оқушылар өрнекті жазып, ретін сақтай отырып олардың мәнін табады, барлық есептерді разрядтан аттап өту арқылы екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға жазбаша көбейту және бөлу алгоритмдерін және екі, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу, азайту алгоритмдерін пайдалана отырып орындайды.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.

Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   385




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет