Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Жаңаны қолдану.
№3 тапсырма ұсынылады.
а) Есепті шығар. Дизайнер 6 дана көк, 4 дана қызыл түсті қағаз қораптар жасады. Бір қорапқа 36 см2 қағаз жұмсалған болса, онда барлық қорапқа қанша қағаз қажет?
б) Есептегі деректерді өзгерт. Қосындысы 10 саны шығатындай қораптардың санын кез келген екі санға ауыстыр. Алынған есепті шығар.
Өткен материалмен жұмыс.
№5 тапсырманы орындау ұсынылады. Ойнайық. Әр ойыншы екі текшеден лақтырады. Түскен сандарды көбейтіп, нәтижесін жазады. Досы есептеудің дұрыстығын тексереді. Нәтижесін жазады. Әр ойыншы ойынды 10 рет қайталайды.
|