Өткенді қайталау.
Оқушылар оқулықтағы №6 тапсырманы орындайды. Мұғалім бұл теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрайды (қиындатылған). Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:
1.Теңдеуді оқы.
2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан.
3. Шығара алатын есептеуді орында.
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз.
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Оқушылар теңдеуді алгоритмге сәйкес есептейді.
Оқушылар оқулықтағы №7 тапсырманы қанша тәсілді қолданатынын түсіндіре отырып орындайды. Басқа нұсқаларын бейнелеп көрсетеді.
|