Сабақ Пән: Математика Орта мерзімді жоспар бөлімі


Түсіндіре отырып алғашқы бекіту



бет169/385
Дата24.01.2022
өлшемі2,66 Mb.
#129726
түріСабақ
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   385
Байланысты:
matem-kmzh

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Оқушылар жұппен жұмыс жасауды еске ала отырып, оқулықтағы №3 тапсырманы жұппен орындайды.



Жұппен жұмыс жасау ережесі.

1. Ақырын және байыппен сөйле.

2. Өз достарыңа құрметпен қара, жұбыңды мұқият тыңда.

3. Жолдасыңды бөлмей, оны аяғына дейін тыңдауға тырыс.

4. Ескертпені мәдениетті түрде жаса, дөрекі сөйлеме.

5. Егер қиындықты шеше алмасаңдар, онда мұғалімнен көмек сұраңдар.



Жаттығу: балалармен келісіп алыңыз, егер екі рет шапалақ ұрсаңыз (немесе қоңырауды сылдырлатсаңыз), барлығы қаттырақ сөйлей бастайды, үш шапалақ (қоңырау) болса, онда үндемей қалады, екі рет – тек жұбы ғана еститіндей сөйлейді.

Бірінші бағандағы өрнектердің мәнін табу кезінде жұппен жұмыс түрін қолдануға болады «амалдар бойынша»: бірінші оқушы алгоритм бойынша әрекетті түсіндіреді, екінші оқушы жазып отырады, бірінші оқушы тексереді; бірінші оқушы бірлікті санға көбейтеді, нәтижесін айтады, екінші келісіп, жазады; екінші оқушы осы санға ондықты көбейтеді, нәтижесін айтады, бірінші оқушы келісіп, алгоритмге сәйкес жазады, екіншісі тексереді.

Екінші бағандағы өрнектің мәнін есептеуді ұсынуға болады, «материал элементтерін бөлу» жұмысын жұппен жұмыс жасауды қолданып: бірінші оқушы бар жұмысты өз мойнына алады, ал екінші оқушы бақылайды.Үшінші бағандағы өрнекті шығарғанда, оқушылардың қызметтері өзгереді.

Өздік жұмыс

Оқушылар оқулықтағы №4 есепті нұсқалар бойынша есептейді.



Жаңаны қолдану.

Оқушылар оқулықтағы №5 тапсырманы орындайды, кесте бойынша өрнектер құрастырады, оларды бағанға тізіп жазады да, көбейту компоненттері бойынша алған білімдері негізінде есептеп шығарады. №5 (ә) тапсырманы орындау барысында оқушылар «екі есе артық» деген сөзді қолдана отырып, кестеде берілген сандық мәліметтер бойынша екі амалдан тұратын есеп құрастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   385




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет