А сық арқылы бөлу
Сыныптағы бала санына қарай 3 түрлі асық шашылады, әр оқушы өзіне ұнаған түсті алады түстер бір-бірін тауып, бір топ құрайды
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда)
Білімді өзектендіру.
Мақсатты ойлау түрінде көбейту мен бөлу кестесін бекітуге ойындар ойнату: «Компьютер», «Қай қатар мықты?», «Математикалық волейбол», «Қандай ұшақпен ұшатыныңды біліп ал» деген жаңа ойындар ойнауға болады.
Ойынның мақсаты: көбейту мен бөлу кестесі бойынша
алған білімдерін бекіту. Ойынға мына жауап сандар жазылған ұшақтардың суреттері керек болады: 61, 25, 70, 18, 63, 60, 900, 50, 36,35, 49, 28, 6, 42.
Мұғалім үлестірмелі қима қағаздардағы мысалдарды орындап, оқушыларға кім қай ұшақпен ұшуға тура келетінін білуді ұсынады:
7 · 10 – 9; 6 · 3 + 7; 90 : 9 · 7; 54: 6 + 9; 900: 100 · 7; 24: 4 ·10; 81 : 9 · 100; 35 : 7 · 10; 63 :7 · 4; 28 : 4 · 5; 42 : 6 · 7; 700 :
100 · 4; 540 : 10 : 9; 380 : 10 + 4.
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |