Өткенді қайталау
Мұғалім баланың даму деңгейіне байланысты әр балаға жеке-жеке тапсырма береді. Оқулықтағы№4а) тапсырмасын орындау барысында, оқушылар теңдеуді шешеді, қиындатылған теңдеулерді шешу алгоритміне сәйкес берілген.
Оқушылар мынадай теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді:
1. Теңдеуді оқы.
2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан.
3. Шығара алатын есептерді орында.
4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз.
5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш.
Оқулықтағы №5 тапсырманы оқушылар разряд арқылы екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту амалдарын қолданып, есепті уақытқа шығарады.
№6 тапсырманы оқушылар жұппен орындайды.
Оқулықтағы №6а) тапсырмада сызба бойынша есеп құрастырып, оны шығару керек.
Оқулықтағы №6ә) тапсырманы есептің мәліметтері мен сұрақтарын өзгертіп оны шығару керек.Әр жұп өзіне жұмысты таңдап алады.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші – бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады.
Оқушылар оқулықтағы №7 тапсырманы орындайды, бос орындарды толтырады, көлемді ұсынылған өлшем бірліктерге ауыстыру.(1м =100см =10дм, 1см=10мм, 1сағ=60мин)
№9 тапсырма зерттеушілік қабілетті қажет етеді, жақшаларды дұрыс теңдік шығатындай етіп орналастыру керек.
Өздік жұмыс.
Оқулықтағы №8 тапсырмада оқушылар берілген ұзындықтың кесінділерін сызу ережесін қолданып, кесінді сызады. Салыстыру ережесін қолданып, оқушылар ең ұзын және ең қысқа кесінділерді анықтайды, олар үшін ыңғайлы тәсілді қолданып, қаншалықты екенін анықтайды.
|