Мектеп: А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Мерзімі: 19.02/2021 ж. № 20-сабақ Пән мұғалімі: Жетписбаева Г.Ж. Сыныбы: 7 Оқушылар саны: 15
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық құндылықтар
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық, жауапкершілік.
Сабақтың мақсаты: Отбасылық құндылықтарды түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
Отбасылық құндылықтарды дұрыс әрекет құндылығының негізінде ұғындыру.
Қайырымдылық, жанашырлық қасиеттерін дамыту.
Оқушыларды отбасы алдындағы жауапкершіліктерін сезіне білуге тәрбиелеу.
Ресурстар: (Оқулық, бейнефильм, презентация, дәптер т.б.)
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин) Амандасу, түгендеу. «5 Т» ережесін естеріне салу.
Тыныштық сәті: №1 Нұрға бөлену (3 мин)
2. Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин) Н.Келімбетов «Ұлыма хат» оқу.
Талқылау сұрақтары: Мейірімділік жайын сөз еткенде, неліктен адамдардың көз алдына ең алдымен аяулы анасының жарқын бейнесі келеді деп ойлайсыңдар? - Мәтіндегі ананың бойынан өздерің байқаған ізгі қасиеттерді атап беріңдер? - Автордың ата-анасының қоныс аударған қарашайлар отбасына риясыз көмек көрсетуінің себебі, қозғаушы күші неде деп санайсыңдар? - Сендердің отбасыларыңда өзгелерге қандай сый, құрмет және көмек көрсетіледі? Әңгімелеп беріңдер. - Өзің рухани жағынан бай, әрі азамат болып өсу үшін алдыңа қандай мақсат қоясың?