Сабақ Пән мұғалімі: Жетписбаева Г. Ж. Сыныбы: 7 Оқушылар саны: 15



бет2/3
Дата05.11.2023
өлшемі18,91 Kb.
#189828
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
20-сабақ 7-сынып Жетписбаева Г.Ж.

Дәйексөз (3 мин)
«Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Нұрсұлтан Назарбаев


Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер?

Дәйексөзді мұғалім дауыстап оқиды, сосын балалар қайталап айтады, сонан соң ербалалар, сосын қыз балалар қайталап оқиды.
Дәйексөзді дәптерге жазып алу.
Н.Ә.Назарбаев туралы қысқаша ақпарат беру
https://slides.kz/elbasy-turaly-slayd-prezentaciya-skach/

Әңгімелесу. Мұғалімнің сыйы (10 мин)
«Бақытты отбасы үлгісі» бейнеролик

Бейнеролик жайлы сұрақтар қойылады:


Бай көршісі қандай мақсатпен кедей көршісіне келді?
Ол неге таңқалды?
Дәулет неліктен Сабыр берген жауаптарын түсінбеді?
Өздерің өскенде перзенттік борыштарыңды қалай өтейсіңдер?

https://www.youtube.com/watch?v=pjHmgyDGLX8

Шығармашылық жұмыс (16 мин)
5-тапсырма.
Н.Назарбаевтың «Әр халықтың өміріндегі терең имандлық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз» деген ойын басшылыққа алып, пікірталас жүргізіңдер.
6-тапсырма: Отбасыларыңды біріктіретін қандай отбасылық салт-дәстүр, мерекелер бар?
«Отбасы жылуына менің үлесім» эссе жазу
7-тапсырма: Суреттерге қараңдар. Қысқаша сипаттаңдар, тақырып қойыңдар.
Жаңа ақпарат. Ақпаратты түсіндіру
«Отбасы – адамның рухани тірегі. Отбасың бақытты болу үшін сен де өз үлесіңді қосуың тиіс: ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойыңа сіңіріп, қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат болып өсуге ұмтылуың керек. Сен – өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесісің. Күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынас барысында өмірдегі түрлі жағдайларда өзіңді қалай ұстауды, адамгершілік әліппесін игересің, атап айтқанда, мейірімді, кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайсың»

Оқулықтың 81 беті
Пікірталас жүргізу

Эссе жазу


Оқулықтың 82 беті







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет