Дәйексөз (3 мин) «Отбасындағы адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншілікпен байланысты» Нұрсұлтан Назарбаев
Әңгімелесу. Мұғалімнің сыйы (10 мин) «Бақытты отбасы үлгісі» бейнеролик
Бейнеролик жайлы сұрақтар қойылады:
Бай көршісі қандай мақсатпен кедей көршісіне келді?
Ол неге таңқалды?
Дәулет неліктен Сабыр берген жауаптарын түсінбеді?
Өздерің өскенде перзенттік борыштарыңды қалай өтейсіңдер?
https://www.youtube.com/watch?v=pjHmgyDGLX8
Шығармашылық жұмыс (16 мин) 5-тапсырма.
Н.Назарбаевтың «Әр халықтың өміріндегі терең имандлық пен рухани негіздерге – дәстүрлерге назар аудару керек. Оның халық өміріндегі рөлі еш даусыз» деген ойын басшылыққа алып, пікірталас жүргізіңдер.
6-тапсырма: Отбасыларыңды біріктіретін қандай отбасылық салт-дәстүр, мерекелер бар?
«Отбасы жылуына менің үлесім» эссе жазу
7-тапсырма: Суреттерге қараңдар. Қысқаша сипаттаңдар, тақырып қойыңдар.
Жаңа ақпарат. Ақпаратты түсіндіру
«Отбасы – адамның рухани тірегі. Отбасың бақытты болу үшін сен де өз үлесіңді қосуың тиіс: ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді бойыңа сіңіріп, қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат болып өсуге ұмтылуың керек. Сен – өміріміздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесісің. Күнделікті өмірде адамдармен қарым-қатынас барысында өмірдегі түрлі жағдайларда өзіңді қалай ұстауды, адамгершілік әліппесін игересің, атап айтқанда, мейірімді, кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым-қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайсың»