Сабақ Пәні: «Қаржылық есеп» Тақырыбы: «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі»



Дата01.06.2017
өлшемі282,08 Kb.
#17506
түріСабақ
Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

Бекітемін

Директордың әдістемелік жұмыс

жөніндегі орынбасары

______________Нуржанова Г.А.

«____» ____________2016 ж.

Ашық сабақ

Пәні: «Қаржылық есеп»

Тақырыбы: «Ағымдағы банк шоттарындағы ақша қаражаттарының есебі»

Мамандық: 0516000 «Қаржы (салалар бойынша)»

Топ: 9-232
Келісілді

Экономикалық пәндер бірлестігінің төрайымы

______________Ерболатқызы Г.
Өткізген: арнайы экономикалық пәндерінің

оқытушысы____________ Ерболатқызы Г.

Орал, 2016 жыл

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Білім алушыларға өзіндік балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды болып табылатын әрбір субьект ақшалай қаражаты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерге ағымдағы шоттарын ашу, шотты ашу үшін ұсынылатын құжаттар, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың негізгі формалары, синтетикалық, аналитикалық есебі туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Сабаққа белсенділіктерге арттыру мақсатында ізденугге, қосымша материал пайдалануға дағдыландыру. Есеп шығару арқылы білім-білік дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз мамандығына деген жауапкершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, тазалыққа, дәлдікке, қазіргі заманға сай ақпаратты толық меңгеруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топпен жұмыс, өз бетінше жұмыс, баяндау, пікірлесу, тапсырма беру әдісін тиімді пайдалана отырып дамыта оқыту т.б.

Көрнекіліктері: Үлестірме таратпа материалдар, тапсырмалар, плакаттар, мәтіндер, слайдтар, тірек-сызбалар, нормативтік құжаттар, бланкілер(банк көшірмесі, журнал-ордер№2, ведомость№2, чек кітапшасы, төлем тапсырмасы, инкасса өнім, төлем-талап тапсырмасы т.б.)

Пәнаралық байланыс:  ұйым қаржысы, бухгалтерлік есеп негіздері

Күтілетін нәтиже:


  1. Банкіден ағымдағы шоттарды ашу үшін құжаттарды дайындауды үйрету.

  2. Операциялар бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін төлем құжаттарын толтыруды үйренеді.

  3. Ағымдық банк шотындағы ақша қаражатының есебі бойынша негізгі шаруашылық операцияларға бухгалтерлік есеп жазуларында үйренеді.

  4. Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алуды үйренеді.

Сабақ өткізу барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин)

Журнал толтыру, білім алушылардың сабаққа қатысуын, дәрісхананың сабаққа дайындығын қадағалау және т.б.

ІІ Үй тапсырмасы



  1. «Кім жылдам ойыны?»

  2. «Бухгалтерлік жазбалар сөйлейді» ойыны.

  3. Есептер шығару (практикалық тапсырма)

«Кім жылдам?» ойыны. Әр топқа сұрақтар қойылады. Әр сұраққа 1 баллдан қосылып отырады.

1-тапсырма



  1. Кіріс және шығыс кассалық ордерлер неше данадан толтырылады.(бір)

  2. Кіріс кассалық ордерде кімнің қолы болу керек (Бас бухгалтер, кассир)

  3. Шығыс кассаның ордерде кімнің қолдары болу керек.(бастық, бас бухгалтер, кассир, ақша алушы)

  4. Кассалық кітап неше данадан толтырылады. (екі)

  5. Касса шоты бойынша соңғы қалдықты қалай табылады. (Сқ-Бқ+К-Ш)

  6. Кассаға ақша келіп түскенде қандай құжат толтырылады. (Кіріс кассалық ордер)

  7. Кассадан ақша жіберілгенде қандай құжат толтырылады. (Шығыс кассалық ордер)

  8. Касса кілтінің екінші данасы қай жақта сақталады.(басшыда)

  9. Кассадағы операциялар есебі қандай журнал ордер және ведомоста жүргізіледі. (Журнал ордер№1, ведомость№1)

  10. Кассалық кітап қандай құжаттар арқылы толтырылады.(Кіріс кассалық ордер, шығыс касалық ордер)

  11. Журнал ордер №1 және ведомость №1 қандай құжат арқылы тотырылады (кассалық кітап)

2 тапсырма. «Бухгалтерлік жазбалар сөйлейді» ойыны. Әр командаға практикалық тапсырма беріледі. Әр тапсырма 1 ұпаймен бағаланады.

Төмендегі көрсетілген бухгалтерлік жазбалардын мазмұнын айтыңыз:



  1. Дт1010 Кт1030

  2. Дт 1010 Кт 1220

  3. Дт 1010 Кт 1210

  4. Дт 1010 Кт 1230

  5. Дт 1010 Кт 1250

  6. Дт 1010 Кт 1280

  7. Дт 1010 Кт 1060

  8. Дт 1010 Кт 5030

  9. Дт 3350 Кт 1010

  10. Дт 1010 Кт 3520

  11. Дт 3310 Кт 1010

  12. Дт 2730 Кт 1010

  13. Дт 1010 Кт 1050

  14. Дт 2410 Кт 1010

  15. Дт 1330 Кт 1010

  16. Дт 1310 Кт 1010

  17. Дт 1250 Кт 1010

  18. Дт 1020 Кт 1010

  19. Дт 3010 Кт 1010

  20. Дт 1030 Кт 1010







  1. Есептер шығару.

  1. 1 команда Кассалық кітапты толтырып Журнал ордер №1 толтыру.

    1. Күні

    1. Шаруашылық операцияларының мазмұны

    1. Сома

    2. мың. теңге

    1. ДТ

    1. КТ

    1. 1

    1. 2

    1. 3

    1. 4

    1. 5



    1. Бастапқы қалдық

    1. 100000





    1. 1.09.16

    1. Кассаға есеп айырысу шотынан ақша қаражаттары еңбекақы төлеу үшін түсті.

    1. 10000





    1. 5.09.16

    1. Мердігерлер фирмасынан қызмет жасаған үшін ақша қаражаттар түсті

    1. 6500





    1. 11.09.16

    1. Кассадан есеп тұлғаға, кәсіпорынға құрал жабдықтарды сатып алу үшін ақша қаражаттары берілді

    1. 4500





    1. 15.09.16

    1. Кассаға есеп тұлғадан ұсталынбаған ақша қайтарылды

    1. 1200





    1. 18.09.16

    1. Мердігерлер фирмасынан сатып алынған тауар үшін ақша қаражаттары түсті

    1. 2300





    1. 19.09.16

    1. Кәсіпорын қызметкеріне іс сапарға бару үшін ақша қаражаттары кассадан бөлінді

    1. 8000





    1. 20.09.16

    1. Кассаға мердігерлер фирмасынан аванс түсті

    1. 3500





    1. 23.09.16

    1. Кассадан мердігерлер фирмасына аванс аударылды

    1. 4000





    1. 25.09.16

    1. Кассадан жұмыскерлерге еңбек ақысы төледі

    1. 60000





    1. Айналым дебит және айналым кредит



    1. 23500

    1. 76500

    1. Айдың аяғындағы соңғы қалдық



    1. 47000



  2. 2 команда Кассалық кітапты толтырып Журнал ордер №1 толтыру.

    1. Күні

    1. Шаруашылық операцияларының мазмұны

    1. Сома

    2. теңге

    1. ДТ

    1. КТ

    1. 1

    1. 2

    1. 3

    1. 4

    1. 5



    1. Бастапқы қалдық

    1. 163000





    1. 1.09.16

    1. №1 ШКО бойынша кассирге шаруашылық құралдарды алу үшін ақша берілді

    1. 7000





    1. 5.09.016

    1. №1 ККО бойынша ЖШС “Әлем” фирмасынан қызметті сатып алынған үшін ақша қаражаттары түсті

    1. 23600





    1. 7.09.16

    1. №2 ККО бойынша экспедитордың ұсталынбаған есеп ақшалары кассаға қайтарылды

    1. 415





    1. 9.09.016

    1. №2 ШКО бойынша экспедиторға шаруашылық құралдарды алу үшін ақша берілді

    1. 15000





    1. 10.09.16

    1. №3 ККО бойынша № 0125960 чек бойынша ағымдағы шотынан ақша түсті

    1. 120000





    1. 11.09.16

    1. №3 ШКО бойынша экспедиторға шаруашылық құралдарды алу үшін ақша берілді

    1. 130000





    1. 12.09.16

    1. №4 ККО бойынша ЖШС “Талап” фирмасынан қызмет үшін ақша түсті

    1. 50000





    1. 12.09.16

    1. №5 ККО бойынша Кассаға ЖШС “Сұңқар” фирмасынан сатып алынған тауар үшін ақша түсті

    1. 23900





    1. 15.09.16

    1. №6 ККО бойынша Кассаға ЖШС “Назар” фирмасынан сатып алынған тауар үшін ақша түсті

    1. 10000







    1. Дебиттік айналым кредиттік айналым









    1. Ай соңындағы қалдық









  3. IІІ Негізгі бөлім. Жаңа білімді игеру

  4. Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар. (45-50 мин)

  1. Есеп айырысу шотын ашу тәртібі

  2. Банктегі есеп айырысу шоттары және өзге шоттар бойынша жасалған операциялардың құжаттары

  3. Ағымдағы банктік шотындағы ақша қаражаттарының синтетикалық және аналитикалық есебі

  1. 1. Қолданылатын заңдарға сәйкес барлық ұйымдар ақша қаражаттарын, оларға қызмет көрсететін банктегі есеп шотында сақтауға міндетті. Есеп айырысу шотын ашу үшін банкке келесідей құжаттар тапсырылады:

  2. -     белгіленген үлгідегі шот ашуға өтініш;

  3. -     қол үлгілері мен мөр бедерлемесі бар екі карточка;

  4. -    субъектінің салық есебіне қойылғандығын бекітетін салық қызметі органының анықтамасы;

  5. -    мемлекеттік түркеуден өткендігі туралы куәлік көшірмесі;

  6. -    жарғы көшірмесі мен құрылтайшылық шарт көшірмесі (құрылтайшылар бірден артық болған кезде). Барлық көшірмелер нотариатпен расталуы тиіс.

  7. Ағымдағы банктік шотын ашу туралы банк шешім қабылдағаннан кейін, келісім шарт жасалады. Онда банкімен есеп айырысу шотының операцияларын жүргізу және сол қызметі үшін есептелетін төлемдер анықталады. Ашылған есеп айырысу шотына банк арнайы номер тағайындайды. Сол номер есеп айырысу шотының операцияларын ресімдейтін құжаттардын барлығында көрсетіледі.

  8. Ағымдағы банктік шотындағы ақша бойынша жасалатын операциялар қолданылатын заңдермен, негізінен, ақша қаражаттарының бос қалдықтары шегінде және шот иесінің келісімімен (акцептімен) шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде жүргізіледі. Шот иесінің келісімінсіз бюджетке төлемдер бойынша мезгілінде төленбеген салықтарды, айып пұлдарды өндіру кезінде және өзге де жағдайларда жүргізіледі; бұл үшін бұйрықтар бойынша өндірушілердің ақша қаражаттарын талассыз түрде өндіру тәртібі белгіленген.

  9. Бюджетке төлемдер мен еңбек ақы төлеуді енгізе отырып, ұйымдар шоттарынан барлық төлемдер банкке есеп айырысу құжаттарының (төлем мерзімдерінің келуі) күнтізбелік түсу кезегі тәртібінде жүзеге асырылады.

  10. 2.Банктегі есеп айырысу шоттары және өзге шоттар бойынша операцияларды ресімдеу үшін келесідей құжаттар қолданылады:

  11. Чек – шот иесінің банкке қолақша түрінде көрсетілген соманы еңбек ақыға, іссапарға, жедел-шаруашылық және өзге шығыстарға беруге бұйрығы.

  12. Қолақшамен салым жарнасы  - шот иесінің банкке қол ақшамен салынатын, депозит ретінде енгізілген және өзге сомаларды банктегі оның шотына есепке алу үшін қабылдауға бұйрығы. Жарнама бір дана етіп жазылып беріледі, банк қабылдаған ақшаға, шығыс кассалық ордерге тіркейтін квитанция береді.

  13. Төлем тапсырмасы – онда көрсетілген сомаларды алушының шотына аударуға банкке берілген бұйрық: төлеу туралы бастамашылық төлеушіден шыққан жағдайларда қолданылады. Төлем тапсырма орындалған жұмыстар мен қызметтер бойынша тауарлық-материалдық құндылықтар үшін есеп айырысу кезінде пайдаланылады (тапсырмада, тауарды босату фактісін, жұмыстар мен қызметтердің орындалғандығын растайтын тауар-көлік немесе өзге құжаттарға сілтеме жасалуы тиіс, сондай-ақ заңдарда немесе шарттарда қаралған жағдайларда аванстық төлемдер кезінде, тауарлар мен қызметтерге алдын ала төлем жасаған жағдайда қолданылады).

  14. Төлемдерді үш және одан да көп алушыларға бір мезгілде аударудың қажеттігі жағдайында жинақтау төлем тапсырмасы қолданылады.

  15. Есеп айырысу чегі – чек берушінің шотынан алушы шотына онда көрсетілген соманы аударуға банкке берілген жазбаша түрдегі тапсырма. Чектермен есеп айырысу тауарлар мен қызметтер үшін жүргізіледі. Тауарлар мен жұмыстар қабылданғанда төлеуші – чек беруші есеп айырысу чегін төлем сомасын толтырып алушыға береді. Есеп айырысу чегі, негізінен, чек алушы қызмет көрсететін банкке оны тапсырып чек берушіден онда көрсетілген соманы талап етіп алу үшін тапсырылады.  

  16. Төлем талап – тапсырмасы – банкке тауар, жұмыс, қызмет алушы немесе төлеуші шотынан төлем сомасын өндіруге берген бұйрық. Төлем талап – тапсырма төлеушімен келісілуі (акцептелуі) тиіс. Талап (требование) түсірілген тауарлық – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ есеп айырысу ережелерімен белгіленген өзге жағдайларда қолданылады.

  17. Есеп айырысу шотынан ақшаны есептен шығару жүргізілетін атқарушы құжаттар болып мыналар саналады: шаруашылық істері бойынша алқа бұйрығы; соттың берген орындау парақшалары, нотариустер есепке алған қысқа орындау жазулары және өзге құжаттар.

  18. Банк ұйымдардың шоттары бойынша әрбіріне жеке шот ашады (көшіргі қағаз арқылы екі данада). Бірінші данасы жеке шоттан көшірме болып саналады және шаруашылық ұйымына беріледі, екінші – жеке шот (есеп беті) банкіде есеп жүргізу негізі болып қалады. Көшірме орындаушының қолымен және көшірме үшін банк мөрінің бедерімен расталады. Көшірмелер, бірінші немесе екінші қол құқығына ие тұлғаларға немесе ұйым сенім хаты бойынша өзге қызметкерлерге, ұйыммен келісе отырып белгіленген  мерзімде беріледі. Көшірмелер поштамен жіберілуі немесе клиент үшін ыңғайлы жерде банк жабдықтаған абоненттік жәшіктер арқылы берілуі мүмкін. Клиент өкілі көшірмелерді алу үшін жеке шотта (бет есепте) немесе жеке карточкаға қол қояды.  

  19. Банктен келіп түскен көшірмелер оған тіркелген құжаттар бойынша бухгалтерияда тексеріледі. Ұйым қате жазулар туралы 10 күннен кешіктірмей банкке хабарлауы тиіс, егерде ол басқа елді мекенде болатын болса – көшірме тапсырылғаннан кейін 20 күннен кешіктірілмей хабарлауы қажет. Банктің жетекшісі мен бас бухгалтері қате жазулардың әрбір жағдайының нақты себептерін анықтап, алдағы уақытта соған ұқсас қателіктерден сақтандыруды қамтамасыз ететін шаралар қолдануы тиіс.

  20. Ағымдағы банктік шоттарын жабу оның иесінің өтініші бойынша: есеп айырысу шоттарын ашу үшін тиісті нормативтік актілермен қаралған белгілерінің ең болмаса біреуін жоғалтуға әкелген, ұйым қызметі сипатының өзгеруі кезінде (дербес балансының болуы және т.б.); аталмыш ұйым құрған органның шешімі бойынша; үш ай ішінде шотта жазулар болмаған кезде жүргізіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ ұйымның атауы немесе шот номері өзгерген кезде, шот иесі, беріліп отырған өтініштегі олардың номерін көрсете отырып, пайдаланылмаған чектердің қалдығымен чек кітапшасын банкке қайтаруға, есеп айырысу шотындағы қаражат қалдығын бекітуге міндетті.

  21. ІV Сабақты бекіту. (3 мин)

  1. Банк мекемесінде ағымдағы банктік есепшот не үшін ашылады?

  2. Есепшотты ашу үшін қандай құжаттар банкке өткізілу керек?

  3. Банктегі есеп айырысу шоттары операцияларды рәсімдеу үшін қандай құжаттар қолданылады?

  4. Банк көшірмесі қандай құжаттар арқылы тотырылады?

  5. Банк көшірмесінде не көрсетіледі?

  6. Синтетикалық есебі қай шотта жүргізіледі?

  7. Аналитикалық есебі қандай журнал ордерде және ведомосте жүргізіледі?



  1. Ағымдағы банктік шотындағы ақша есебі



  2. Шаруашылық операцияларының

  3. мазмұны

  4. Корреспонденциялық шоттар

  5. 1.Сатып алушылардан түскен төлемдер:

  6. - алуға арналған есептеулер

  7. 1030

  8. 1210

  9. 2.Ақша қаражаттарының түсуі:

  10. -   еншілес, тәуелді ұйымдардан және бірлескен түрде бақылайтын заңды ұйымдардан 

  11.  1030 

  12.  1230

  13. - бағалы қағаздар бойынша шектелген пайыздар мен дивидендтер

  14.  1030

  15.  1270

  16. -  ұзақ мерзімдік жалға берілген негізгі құралдар бойынша жалдық ақы

  17.  1030

  18.  1620

  19. - кассадан

  20. 1030

  21. 1010

  22. - жолдағы ақшалар

  23. 1030

  24. 1020

  25. 3.Құрылтайшылардан жарғылық капиталға салымдар сомасының түсуі:

  26. -  акционерлік қоғамдарда

  27.  1030

  28.  5010

  29. -  серіктестіктерде

  30. 1030

  31. 5030

  32. 4.Алынған аванстар сомасының көрсетілуі:

  33. -   тауарлық-материалдық қорларды жеткізуге берілген

  34.   1030  

  35. 3510

  36. -  жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге берілген

  37.  1030

  38.  3510

  39. 5.Шаруашылық ұйымының алған кірістерінің есепке жазылуы:

  40. - негізгі қызметтен  

  41. 1030  

  42. 6010

  43. -   негізгі емес қызметтен

  44. 1030

  45. 6280

  46. 6.Банктен немесе банктік емес мекемелерден алынған қарыздарды есепке жазу

  47.  1030

  48.  3010

  49. 7.Есеп айырысу шотынан аударылған:

  50. -  сатып алынған бағалы қағаздар үшін;

  51.  1130-1140 

  52.  1030

  53. -   жинақтау шотына

  54. 1050

  55. 1030

  56. -  алдағы кезеңдер шығыстары

  57. 1620

  58. 1030

  59. - - тауарлық-материалдық қорларды жеткізуге,

  60. жұмыстар орындау және қызметтер көрсетуге аванстар 

  61. 1610  

  62. 1030

  63. -  жабдықтаушыларға және мердігерлерге

  64.  3310

  65.  1030



  • бюджетке табыс салығы

  1. 3110

  2. 1030

  3. - қосымша құнға салынған салық

  4. 3130

  5. 1030

  6. -  өзге салықтар

  7. 3190

  8. 1030

  9. - жинақтаушы зейнет ақы қорларына

  10. 3220

  11. 1030

  12. 8.

  13. Кассаға қол ақшамен берілген

  14. 1010

  15. 1030

  16. 9.

  17. Төленген шығыстар:

  18. -   тауарларды, дайын өнімдерді өткізу бойынша

  19. 7110  

  20. 1030

  21. -  әкімшілік шығыстары

  22. 7210

  23. 1030

  24. 10.

  25. Банктен немесе банктен тыс мекемелерден алынған қарыздарды өтеу жүргізіледі

  26.  3010

  27.   1030



  28. Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты бойынша операциялар машинограммаларда немесе №2 журнал – ордерде және №2 журнал – ордерге тіркелетін ведомстарда есепке алынады. №2 журнал – ордердегі және оған тіркелетін ведомстардағы жазулар банк көшірмелері және оған тіркелген құжаттар негізінде жүргізіледі.

  29. V Рефлексия. (2 мин)

  30. Біз не үйрендік, нені меңгердік (кесте бойынша талдау)

  31. VІ Сабақты қорытындылау.(2 мин)

  32. VІ Бағалау. (2 мин)

  33. VІІ Үйге тапсырма беру. (2 мин)

  1. В.К Назарова «Бухгалтерлік есеп» 119-140 бет


























Каталог: uploads -> doc -> 035c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
035c -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ әліпбиі Сабақтың мақсаты: Білімділік
035c -> Тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары
035c -> Проблемалық оқыту технологиялары арқылы студенттердің ізденушілік құзіреттілігін дамыту


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет