Сабақ Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Зат есімнің септік жалғауларын қайталау



Дата27.07.2017
өлшемі213,59 Kb.
#22062


ММ «Совхоз орта мектебі»

Ашық сабақ

Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Зат есімнің септік жалғауларын қайталау

4 «А» сынып



Дайындаған: Ищанова Ш.С.

Бастауыш сынып мұғалімі


2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы:Зат есімнің септік жалғауларын қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау, тұрақтандыру, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.     

 2.Тілдік қорларын байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   3.Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баули

        отырып жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Сұрақ – жауап,дәлелдеу, мысалдар арқылы оқушылардың ойы, шығармашылығы дамиды ;  Сөздік қоры, таза сөйлеу мәдениеті дамиды; Ойындар, тапсырмалар арқылы тілге деген қызығушылығы артады.













Сабақтың көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, кеспе парақшалар, топқа бөлу парақшалары, бағалау парағы, оқулық, дәптер.ватман; қызыл,жасыл, сары стикерлер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіндер ме балалар! Бүгінгі сабағымызды мына өленбен ашуды жөн көрдім
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дана тілім

- Балалар, біз қазір «Сөз таптары» бөлімін оқып жатырмыз.

Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9сөз табы бар)

(зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер. .

Солардың ішінде біз оқыған қандай сөз таптарын білесіңдер?

(зат есім, сын есім, сан есім, етістік,есімдік).

Заттың атын білдіретін сөздер қалай аталады? (Зат есім)

Заттың қимылын білдіретін сөздерше? (Етістік)

Заттың түрін-түсін, сапасын білдіретін ше? (Сын есім)

Заттың санын білдіретін сөздер қалай аталады? (Сан есім)

- Қазақ тілінде неше септік бар? (7 септік бар)

Ол : Атау септік, Ілік септік, Барыс септік, Табыс септік, Жатыс септік, Шығыс септік, Көмектес септік.

Балалар бүгінгі біздін тақырыбымыз: Зат есімнің септік жалғауларын қайталау

Мақсатымыз: Зат есімнің септік жалғаулары туралы алған білімдерінді жинақтау және тиянақтау.


Үй жұмысы «Қоржын» арқылы өткізіледі

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық

Түп-түзу боп отырып,

Көркем етіп жазайық.



Бүгінгі күнді жазу.

Көркем жазу минуты.

Бб. Б қандай дыбыс?

Көркем жазу (бейнефильм)

Бб әріпі

Балық, бастық, бөлшек, баған, бастау, бостандық.

-Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабағымыз ертегі желісінде өтпек.


Ерте, ерте, ертеде

Мінезі суық қаталдау

«Қазақ тілі» атанған

Хан патшасыболыпты.

Киіз үй тігіп жайлауға

Қыр басына қоныпты.

Септік деген атаның

Жеті ұлы болыпты.

Жетеуі де ер жетіп,

Білімімен жаныпты.

Ақылымен жетектеп

Сара жолға түсіпті.

Қазақ тілдің ұрпағы

Әкесіне сеніпті.

Жетуіне қаз-қатар

Жеті үй тігіп беріпті.

Қатаң тәртіп қағида

Білімсізді жойыпты.

Сұрақтар мен жалғауын,

Жабыстырып қойыпты.
І. «Атау септік» ауылы.

Жалғау бермей әйтеуір

Атауды дара бөліпті.

Тұңғыш ұлы «Атауға»

Кім? Не? Сұрағын беріпті.


  1. топқа:Сазгер, дос

  2. топқа: Кітап, әке сөздерін септеу. Бұлар бастауыш болатындай сөйлем құрау.

2. «Ілік септік» ауылы.

Кең дүниені бөледі,

Екі сұрақ ұсынып



Кімнің? ненің? дегені.







Суретке жалғаулардың тиістісін жалғау арқылы ілік септікте сөз жасау. Жалғаулардың сөздерге әр түрлі жалғану себебін дәлелде. Ілік септіктегі сөздердің әрқайсысын өзі байланысатын сөзбен тіркестіріп жаз.


Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмәздері тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәзімдерді қастерлеуді парыз етеді.

Мұғалім сөзі:

Қазақстандық париотизм елдің нағыз париоттарын қалыптастыратын құбылыс. Қазақстан патриоты, біріншіден, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне : Туына, Елтаңбасы мен Гимніне ерекше құрметпен қарайды, мемлекеттік нышандарымызды шын ниетімен қадірлейді және оны басқалардан талап етеді. Сондықтан біз де өз еліміздің патриоты ретінде еліміздің елдік нышандарын қастерлейік, құрметтейік, балалар!

3. «Барыс септік» ауылы

Барыс болса жарқылдап

3 сұрақтан қалыпты.

Кімге? Неге? Қайда? деп

Жұлдыз болып жаныпты.

-ға, -ге, -қа, -ке, болам де

4 жалғаумен қалыпты.

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой

1-топ:     Айжан кітапханаға келді.

    Сәулеге кітап сыйлады.

2-топ     Сатушы жұмысқа кірісті.

     Жылқы өріске шықты.

4. Табыс септік» ауылы

Табыс болса байыппен

Кімді? Нені? ұсынамын

-ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті деп

Жалғауым көп деп қысылам

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып жаз.
Арман ............ дүкеннен сатып алды. Ғалия .......... жақсы оқиды.Сауле ........ күнде сүртеді. Даулет ....... қораға кіргізді.

5. «Жатыс септік» ауылы.

Жатыс болса бүгінде,

Кімде? Неде? сұрағы.

-да,-де,-та,-те, боп

Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру. Жатыс септігінің жалғауы жалғанған сөздерді табу.



Сергіту сәті.
6. «Шығыс септік» ауылы.

Кімнен? Неден? Сұраймын

Сол жалғауға құлаймын.

-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен деп

Сендерге ғана ұнаймын.

Тақтада жұмыс
«Кім шапшаң» ойыны.
Сөздерден сөйлем құрау. Шығыс септіктегі сөздердің астын сызу.
1)Ағаштан, жасады, кебеже.
2)Кірпіштен, ұста, жасады, үй.
3)Дүкеннен, сүт,апам, әкелді.

7.«Көмектес септік» ауылы.

Кенжесімін бүгінде

Кіммен? немен? Жүремін.

-мен,-бен,-пен жалғауым,

Осы болды таңдауым.


Сүлгі, қармақ сөздерді зат атауына жалғау жалғап, әр сөзбен байланыстырып жазу.Көмектес септіктін астын сызу.

Сүлгі..... сүрту қармақ.....салу

Сүлгі.....алу қармақ......ілу

Сүлгі.....бүктеу қармақ.....ұстау

Қорытынды

«Ассоциация» әдісі


Бағалау:. Өздерін және бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс: «Бағдаршам» Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі. Оны қызыл, сары немесе жасыл стикерлерге жазып, «Бағдаршамға» жапсырады
Үй жұмысы: «Жеті септік» өлеңін жаттау

Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау

Сабақтың талдаушы: Екінші санатты Бастауыш сынып мұғалімі Ищанова Шынзат Сабиржанқызы

Күні: 30.01.2017 ж. Сыныбы: 4 “А” сынып Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септік жалғауларын қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Септіктер туралы алған білімдерін жинақтау, тұрақтандыру, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.     

 2.Тілдік қорларын байыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   3.Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденімпаздылыққа баули

        отырып жеке тұлғаны тәрбиелеу.

1.Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қандай ерекшеліктері ескерілді?

Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді.



2.Сабақтың түрі қандай? Өткен сабақпен байланысы бар ма?

Саяхат сабағы. Сабақта жеті септік еліне саяхат жасай отырып, топпен жұмыс (белсенділіктерін арттыру) үшін, қызықты тапсырмалар(қызығушылығын, ойлау, есте сақтауын дамыту) үшін пайдаланылды. Бұл сабақ - өткен сабақты бекіту.



3.Сабақта қандай міндеттер алға қойылды?

А) білімділік

Ә) дамытушылық

Б) тәрбиелік; бұлардың арасында байланыс болды ма? Бұл міндеттерде сыныптың, жеке оқушылардың ерекшеліктері қалай алынды?

А) Септік туралы алған теориялық білімдерін бекітіп, ауызша, жазбаша талдау жұмысы жүргізілді;

Ә) Сауатты, таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге үйрете отырып, ойлау қабіліттерін, қиялдарын дамыту;

Б) Отанын, отбасын, туған жерін сүюге ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл алған міндеттер байланысып бірін - бірі толықтыра тұрды.

4.Аталған міндеттерді шешуде сабақтың бұл түрі неге тиімді болды?

Зат есімнің септік жалғауларынасаяхат жасай отырып оқушыларды жеті септілікті білуге жетелеп, қызығушылығын арттыру барысында сабақтың әр кезеңінде әр түрлі - әдіс тәсәлдермен, ойындар өткіздім.



5.Сабақ кезеңдерінің арасында байланыс болды ма? Уақыт тиімді пайдаланылды ма?

Алға қойған мақсат біреу болғандықтан сабақтың әр кезеңдері, бір – бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында өтті.



6.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары байқалды ма? (себебін түсіндіру)

Сабақтың әрбір кезеңдерінен өткен сайын оқушылар ауыл – ауылдан түскен тапсырмаларға тез, дұрыс жауап беруге тырысып ұйымшылдыққа тәрбиеленді, белсенділіктері, қызығушылықтары артты.



7.Сынып бөлмесінде қандай оқу құрал - жабдықтары пайдаланылды?

Интербелсенді тақта, кеспе парақшалар, топқа бөлу парақшалары, бағалау парағы, оқулық, дәптер.ватман; қызыл,жасыл, сары стикерлер.



8.Сабақ барысында оқушылардың арасындағы дұрыс психологиялық қарым – қатынас жасауына мұғалімнің тәрбиелік әсері қалай жүзеге асты?

Сабақ барысында оқушылардың ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және намысшылдыққа, ұйымшылдыққа, елін, отбасын сүйуге тәрбиеленді. Үлкенге құрмет кішіге ізет көрсету басшылыққа алынды.



9.Үй тапсырмасын беру

Үйге тапсырма оқушылардың ерекшеліктерн ескере отырып, уақытты дұрыс пайдалануға негіздеп, өздері оқыған «Жеті септік» өлеңін жаттауға тапсырылды



10.Қандай да бір жағдайда артық әдіс – тәсіліңіз бар ма?

Сабақтың кезеңдеріңде келеңсіз жағдай бола қалса, ол тығырықтан шығуға талпынып қажетті тәсілді қолданамын.


11.Мұғалім көздеген мақсатына жетті ме?

Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. “Атау септік”, “Ілік септік”, “Барыс септік”, “Табыс септік”, “Жатыс септік ” , “Шығыс септік ” “Көмектес септік ” сияқты тапсырмалар өз шешуін тапты. Жоспарлап келген жұмыс түрлері толығымен іске асты, ендеше мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет