Сабақ Пәні: Дүниетану Уақыты: Cабақтың тақырыбы:Үй жануарларының қысқы тіршілігі



Дата27.12.2016
өлшемі164,5 Kb.
#5436
түріСабақ
35-сабақ
Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Үй жануарларының қысқы тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы әңгімелеу.Оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Оқушылардың ой- өрісін ,сөздік қорын молайту және дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:мазмұнды және жеке суреттер.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін тексеру.

Не қайда қыстайды?Оқушылар жауабын тыңдау.

ІІІ.Жаңа сабақ..

Қыста үй жануарлары ауылдың маңайында жайылады.Адамдар оларды бағып,күтеді.Үй жануарларына арнайы жылы қора-жай дайындайды.Онда жем-шөп салатын ақыр және су құятын науалар қойылады.Оларға жем-шөп береді және суарады.Қора жайды желдетеді, тазалайды.Малдың қиын, жем-шөптің қалдығын сыртқа шығарады, науаны жуады.

Үй жануарларынан алынатын тағамдар мен өнімдер, оның адамға пайдасы туралы әңгімелету.

Сергіту сәті.

Адам үй жануарларын не үшін өсіретіндігі туралы оқушылар пікірін тыңдау.

Ойын «тез тап»

Үй жануарлар төлдерін тапқызу.

Сөздік жұмыс жүргізу:ферма, мал дәрігері.

Дәптермен жұмыс.

Үй жануарларын өзі жейтін азығымен сызық арқылы қосады.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрату.

Оқушыларға ауылдағы тума-туыстарының үй жануарлары тіршілігі туралы әңгімелету.

Үй жануарларының қысқы күтімі туралы әңгімелету.

-Сабақ аяқталды!

36-сабақ


Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Адамның қысқы еңбегі.

Сабақтың мақсаты:Адамдардың қысқы еңбегінің ауылдағы және қаладағы түрлерімен таныстыру.Оқушыларды еңбекке баулуға жағдай жасау.Адам мен қоғам арасындағы байланысты ұғынуға мүмкіндік туғызу.

Сабақтың көрнекілігі:бейнелі картиналар, бақылау күнделігі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы білімдерін тиянақтау.

ІІІ.Жаңа сабақ..

-Адамдар күзде ауылды жерде қандай жұмыстармен айналысады?

-Күзде егіс аласында қандай жұмыстар жүргізеді?

Оқулықпен жұмыс.

Сурет бойынша қысқы еңбек түрлерін айту.

Қар тоқтату жайында әңгімелесу.

Қыста неге қар тоқтатады?

Қандай жерлерде қар көп болады?

Қарды қандай жерлерге үйеді?

Оқушылар жауабын тыңдап, талдау.

Сергіту сәті.

Қысқы жөндеу жұмыстары туралы әңгімелесу.

Техниканы қыста қайда жөндейді?

Дәптермен жұмыс.

Дәптерге қысқы еңбек туралы сурет салып, оған ат қою., оны дәлелдеу.Салған суретін, өз жеріндегі еңбек түрлерімен салыстыру.

Сөздік жұмысын жүргізу:қар тоқтату, жөндеу, қыс сөздерін пайдаланып, сөйлем құрау.

Сергіту сәті.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар сабақта алған ұғымдары бойынша қысқы еңбек түрлерін саралап айтады.

-Сабақ аяқталды!

37-сабақ

Пәні: Дүниетану Уақыты:21.02.2012


Cабақтың тақырыбы:Көктемгі табиғат.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың көктем табиғаты туралы білімдерін кеңейту.Оларға экологиялық тәрбие беру.Өлі және тірі табиғат байланысы туралы білімдерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:мазмұнды сурет, сең жүру туралы сурет, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу,сыныптың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

-неше жыл мезгілі болады?

-Әр жыл мезгілінің ерекшелігіне тоқталайық.

Жұмбақ шешу, шешуін дәлелдеу.

ІІІ.Жаңа сабақ..

Көктем туралы мазмұнды сурет бойынша жұмыс.Суретті қарап ондағы көріністер бойынша әңгімелеу.

-Бұл жылдың қай мезгілі?

Неге олай ойлайсыздар?

-Көктемде ауа райы қалай өзгереді?

-Қар қандай өзгеріске түсті?

-Қандай жерлердің қары тез ериді?

-Неге?


-Көктемде қандай жауын-шашын түрлері түседі?

Сергіту сәті.

Оқулықпен жұмыс.

Суреттер бойынша жыл мезгілдерін анықтау.Суреттегі бейнеленген көріністі талдау.

Мәтінді оқып, сұрақ-жауап жұмысы.

Ойын. «Кім есте жақсы сақтайды?»

Сыныпты топқа бөліп, бір оқушы көктемге байланысты сөз айтып,келесі оқушы жалғастырып сөз айтады.Мысалы:көктем

Көктемде күн

Көктемде күн жылы т.с.с.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушыларды алған түсініктері бойынша еркін сөйлету.

«Көктем» өлеңін жаттату.

-Сабақ аяқталды!

38-сабақ


Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Көктемгі өсімдіктер тіршілігінің өзгерісімен таныстыру.Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.Тірі табиғат пен өлі табиғат арасындағы байланысты түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, дидактикалық материал.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық тренинг арқылы сабаққа назарларын аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

1.Жыл мезгілдерін атау.Әңгімелеу.

2. «Көктем» өлеңін жатқа айту.

3.Өлі, тір табиғатты әңгімелету.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Кіріспе.

2.Күнтізбемен жұмыс.

3.Суретпен жұмыс.

А)Ағаштарды атату.

ә)Қылқан жапырақты ағаш.

Б) «Қыстағы ағаш» әңгімелету.

4.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқу, оқыту.

ә)Сөздікпен жұмыс

б)Талдау, жинақтау.

Ойын: «Өсімдіктерді топқа бөл»

-Қандай ерте гүлдейтін өсімдіктер бар?

Сергіту сәті.

5.Дәптермен жұмыс.

Бұтаның суретін салу.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Тірек сөздер арқылы сөздік жұмысы.

Сұрақ-жауап.Оқушыларды мадақтау.

-Сабақ аяқталды!

39-сабақ

Пәні: Дүниетану Уақыты:28.02.2012.


Cабақтың тақырыбы: Бунақденелілердің көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға бунақденелілердің көктемгі тіршілігінде болған өзгерісті түсіндіру.Табиғатты сүюге, қорғауға,экологиялық тәрбие беру.Оқушыларға табиғат туралы айта отырып, дүниетанымын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер,бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

-Көктем басталғанда ауа райы қалай өзгереді?

-Өлі табиғаттан қандай өзгерісті байқадың?

-Ерте гүлдейтін қандай өсімдікті білесің?

Сергіту сәті.

ІІІ.Жаңа сабақ..

-Қандай бунақденелілерді білесің?

-Суреттен өзің білетін бунақденелілерді көрсет

-Қазір қандай бунақденелілер көзге түседі?

Оларды қай жерден байқадың?

Сергіту сәті.

Мәлімет беру:

-Қар еріп кеткеннен кейін өсімдіктерге ұшып-қонып жүрген көбелектерді көресің.Күн көзі жерді жылыта бастағанда құмырсқалар да илеуінің есігін ашып сыртқа шыға бастайды.Осылардан кейін барып шыбын, маса, ара, бал арасы шыға бастайды.

-Күзде құстар неге жылы жаққа ұшып кетеді?

-Енді олар неге келе бастайды?

Оқулықпен жұмыс

Берілген суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.Суреттегі бунақденелілерді атау.Өздері білетіндері тіршілігі жайында айту.

Дәптермен жұмыс

Бунақденелілердің суретін салу.

Оқушылардың өз жерлерінде кездесетін бунақденелілердің тіршілігінің жыл мезгіліне қарай өзгерісі жайында айтуы.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар көктемгі тіршілігінде болған өзгеріс жайындағы түсініктерін тұжырымдайды.

-Сабақ аяқталды!Келесі сабаққа әзірленеміз.

40-сабақ
Пәні: Дүниетану Уақыты:2.03.2012


Cабақтың тақырыбы: Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Көктемгі жабайы аңдар тіршілігінің өзгерісін түсіндіру.Оқушыларға жабайы аңдарды қорғауға тәрбиелеу.Жабайы аңдартіршілігінде болған өзгерістердің өлі табиғатпен байланысын түсіндіру арқылы оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: «Жабайы аңдар» кестесі,жабайы аңдардың тіршілігін көрсететін бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Бұрын алған білімдерін қайталау.

-Көктемде қайтып келетін құстарды қалай атайды?

-Құстардың көктемгі тіршілігі туралы не білесің?


ІІІ.Жаңа сабақ..

Сурет бойынша көктемгі жабайы аңдар тіршілігіндегі өзгеріс жайында айту.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықмағы мәтінді оқып, оның мазмұны бойынша әңгімелесу.

-Аю баласын қай кезде туады?

-Қоянның баласы қандай болып туады?

-Қоянның балаларын күтуде басқа аңдардан қандай айырмасы бар?

-Тиіннің балары қандай болып туады?

«Жаутаң қай аңның баласы?»деген сияқты сұрақтарды беру арқылы оқушыларды аңдар балаларының атын еске сақтауға жаттықтыру.Жаутаң-түлкінің баласы.Түлкінің баласын тағы түлкішек, мыршай деп те атайды.

Арыстанның баласы-абдан,барыстың баласы-алан,бұғының баласы-бұғышақ,қасқырдың баласы-бөлтірік,еліктің баласы-еңлік,жолбарыстың баласы-шөнжік,құндыздың баласы-қодыға.

Сергіту сәті.

Дәптермен жмыс

Аңдардың балаларының суретін салу.

Ойын «дұрыс тап»

Үй жануарлары мен жабайы аңдарды топтастыру.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар аңдардың көктемде балалайтыны, олардың ұрпақ өргізіп,балаларын күтумен айналысатыны, оларды жаудан қорғауға әрекет ететіні жайында әңгімелейді.

-Сабақ аяқталды!


41-сабақ
Пәні: Дүниетану Уақыты:6.03.2012


Cабақтың тақырыбы: Құстардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Көктемде құстар тіршілігінде болатын өзгерістерді ұғындыру арқылы өлі табиғатта болған өзгерістің тірі табиғатқа тигізетін әсерін ұғындыру.Дүниенің біртұтастығын түсінуге жағдай жасау.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Көктемгі құстар» суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Жабайы аңдардың көктемгі тіршілігі туралы түсініктерін қайталау.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Жағдаят шешу.

-Құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктермен не болады?

-Біздің өлкеден ұшып кеткен құстар қалай аталады?

2.Л.Конның құстар жайлы мәтіні оқылады.

Сергіту сәті

Адамдар көктемде жыл құстары үшін ұялар жасайды.Жылы жақтан ұшып келген құстар кішкентай «үйлерге» орналасып, ұя салып , балапандарын шығарады.

Құстар шалғай жерлерден ұшып келеді.

Құстар ұя салып, балапан шығарып, оларды құрт, қоңыз, көбелектермен қоректендіреді.

3.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқулықтағы мәтінді оқыту.

ә)Оқылған мәтін бойынша әңгіме жүргізу.б)Құстардың суреттерін салыстырып, олардың ішінен жыл құстарын тапқызу.

Торғай, ұзынқанат қарлығаш,қарға, қараторғай, аққу, сауысқан, т.б.

-Көктемде құстар ұрпақ қамына кіріседі.Олардың жаулары көп.Әсіресе үлкен қауіп адамдардан келеді.

Құстардың ұясын неге бұзуға болмайды?Адамдар құстарға қандай қамқорлық жасайды?

4. «Ұсқынсыз үйрек» ертегісі еске түсіріледі.

-Ұсқынсыз үйректі құстар қалай қарсы алды?

-Үйректің түрі ұсқынсыз болғандықтан оны ешқандай құс маңдарына жолатпай қуды.

-Ертегі қалай аяқталды?

Үйрек басынан қаншама қиындықтарды өткізіп, соңында керемет құсқа айналды.

5.Дәптермен жұмыс.

Ертегінің мазмұны бойынша сурет салады.


ІV.Қорытынды.Мадақтау.

  • «Құстар біздің досымыз» деп неге айтамыз?

  • Құстардың пайдасын айтыңыз.

  • Құстар қандай зиян келтіреді?

  • Құстарды қорғау не үшін керек?

Оқушылар жауабы тыңдалып, талданады.

V.Бағалау.


42-сабақ
Пәні: Дүниетану Уақыты:9.03.2012


Cабақтың тақырыбы:Үй құстарының көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың өмір тәрбиесіне сүйеніп, үй құстарының көктемгі тіршілігі жайында ұғым беру.Құстарды қорғауға, жалпы экологиялық тәрбие беру.Сөздік қорын, ойлау қабілетін, дүниетанымын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:үй құстарының суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Қазір қай мезгілі?

Жылы жақтан ұшып келетін құстарды қалай атаймыз?

Қандай құстарды үй құсы дейміз?

Неге оларды үй құсы дейміз?

Сергіту сәті

ІІІ.Жаңа сабақ..

Жұмбақ шешу,шешуін дәлелдеу.(әтеш)

Адамдар үй құстарын қалай бағады?

Үй құстары не жейді?

Адамға үй құстарының қандай пайдасы бар?

Оқулықпен жұмыс

Суретке қарап, әңгімелеу.

Әңгімені оқу, оқыту.Сұрақ-жауап, түсінгенін айту.

Сергіту сәті.

Жұмбақ


Айналада ақ отау,

Аузы, мұрны жоқ отау.

/жұмыртқа/

Жұмбақ шешуін дәлелдеу.

Құстардың баласын не дейді?

Құстар мен олардың балапанын атап, бояймыз./бояу/

Мына суретте нені шатастырған? Әр құстың балапанына сызықпен байланыстырып қою.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар үй құстарының көктемгі тіршілігі жөнінде, оның балапандары туралы әңгімелейді.

-Сабақ аяқталды!


V.Бағалау.

43-сабақ
Пәні: Дүниетану Уақыты:


Cабақтың тақырыбы:Үй жануарларының көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:Көктемгі ауа райының жалпы табиғаттың өзгерісіне байланысты үй жануарларының тіршілігінде болатын өзгерістер жайында түсінік беру.Оқушыларды еңбекқорлыққа,мұқияттылыққа,табиғатты сүюге тәрбиелеу.Өлі,тірі табиғаттың байланысын түсіндіріп, оқушылардың дүниетанымын дамыту.


Сабақтың көрнекілігі:үй жануарларының суреті,мазмұнды сурет.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сыныпты түгендеу,сабаққа назар аудару.
ІІ.Өткенді қайталау.

Көктемде жабайы аңдар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Көктемде үй жануарлары тіршілігінен қандай өзгерістер байқадыңдар?

Сергіту сәті


ІІІ.Жаңа сабақ..

Жұмбақ шешу, шешуін дәлелдеу.

Көктемде күннің жылуына байланысты қар ериді.Жылы жаңбыр жауады.Көк шығады.Ағаштар бүршік жарады.Осының бәрі жануарлар үшін қоректің көбеюіне жағдай жасайды.
Сергіту сәті.
Оқулықпен жұмыс.

Суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс.

-Әр үй жануарларының төлдерін ата.
Дәптермен жұмыс.

Өздері білетін төлдердің суретін салу.


Логикалық сәт

Тақтаға жануарлардың аттары жазылады: көгершін, қасқыр, аю, кірпі, т.б.Топқа бөл, әр топты атау тапсырылады.

Суретке қарап, үй жануарларының төлдерін атау.Өздері білетіндерінің күтімі, тіршілігі жайында әңгімелеу.
ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар осы тақырып бойынша алған түсініктерін айтады.

-Сабақ аяқталды!

44-сабақ
Пәні: Дүниетану Уақыты:


Cабақтың тақырыбы: Көктемгі адам еңбегі.
Сабақтың мақсаты:Табиғаттың өзгерісіне байланысты көктемде адам еңбегінің өзгерісін түсіндіру.Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Оқушылардың еңбек туралы көзқарасын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:дидактикалық материал, мазмұнды сурет.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, сынып назарын сабаққа аудару.
ІІ.Өткенді қайталау.

Көктемгі табиғат өзгерісін айт.

Өсімдіктердің көктемгі өзгерісі туралы не білесің?

Үй жануарларының көктемгі тіршілігі туралы айт.Өз үйіңде қандай жануарлар бар?

Олардың тіршілігінен не байқадың?

Олардың көктемгі күтімі жөнінде не айтасың?

Сергіту сәті
ІІІ.Жаңа сабақ..

Жұмбақ шешу, шешуін дәләлдеу.

Сурет бойынша жұмыс.Әр партаға топшамалар таратып беріп, сол бойынша оқушыларды сөйлету.
Оқулықпен жұмыс.

Оқу, оқыту.Мазмұнын айтқызу.

Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.

Суреттер, сұрақтар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жасау.


Логикалық сәт.

Мыналардың ұқсас белгілерін ата:шырша-қарағай,қайың-жөке,түймедағы-қалампыр гүлі, т.б.


ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Оқушылар адам еңбегінің қалада, ауылда қалай өзгеретінін айтады.Оның себебін дәлелдейді.

-Сабақ аяқталды!

45-сабақ
Пәні: Дүниетану Уақыты:


Cабақтың тақырыбы:Сенің отбасың.
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға отбасы туралы ұғым бере отырып, сол ортадағы өзінің орнын түсінуге жағдай жасау.Қамқорлыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.Адамгершілік қасиеттерінің дамуына жағдай жасау.
Сабақтың көрнекілігі:бейнетаспа, мазмұнды сурет.
Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық тренинг арқылы сабаққа назар аудару.
ІІ.Өткенді қайталау.

Жыл мезгілдерін атап, шағын әңгіме құрату.

Көктемгі тіршілік туралы сұрақ-жауап бойынша айтқызу.

«Көктемгі адам еңбегі» әнгімелеу.

Сергіту сәті
ІІІ.Жаңа сабақ..

1.кіріспе

2.Күнтізбемен жұмыс.

3.Слайд
Отбасы


Ата әже әке ана аға апа


/Оқушының отбасы туралы сөйлеуіне мүмкіндік туғызу/

4.Оқулықпен жұмыс

А)Оқу, оқыту.

ә)Сөздікпен жұмыс.

Б)Талдау-жинақтау.

5.Дәптермен жұмыс

/Өзіндік жұмыс жасауға мүмкіндік беру/

6.Мақал-мәтел айтқызу.Мәнін табу.

7. «Менің отбасым» әңгіме құрату.

8.Тірек сөздер арқылы сөйлем құрату.


Сергіту сәті.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.


Өзінің үй ішінднгі міндеттері мен құқықтары туралы әңгімелеу.

-Сабақ аяқталды!

46-сабақ
Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі : Г.Ж.Қарағойшина

Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Ашамайға мінгізу.

Сабақтың мақсаты:Қазақ халқының әдет-ғұрпымен таныстыру.Қазқстанда тұратын басқа халықтардың да әдет-ғұрпын сыйлауға тәрбиелеу.Оқушылардың дүниетанымын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:бейнетаспа, мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

ІІ.Өткенді қайталау.

Жыл мезгілдерін айтқызу.

Өлі және тірі табиғат

Отбасы туралы не білесің?

Өз міндетің, құқығың қандай?

Сергіту сәті.

ІІІ.Жаңа сабақ..

1.Кіріспе: ән тыңдату. «Салт-дәстүр»

2.Күнтізбемен жұмыс.

3.Бейнетаспадан қысқаша әдет-ғұрып көрсету.

4.Слайд.

Әдет-ғұрып


Атқа мінгізу бесік той сүндет той тұсау кесу

5.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқу, оқыту.

ә)Сөздікпен жұмыс.

Б)Сұрақ-жауап

6.Дәптермен жұмыс.

/өзбетіндік жұмыс/

*7. «Беске салу» көрініс /Ата-аналар/.

Сергіту сәті.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.


  1. Әдет-ғұрып б/ша әңгімелету.

  2. Сұрақ-жауап.

  3. Оқуш. мадақтау.

-Сабақ аяқталды!

47-сабақ


Пәні: Дүниетану Уақыты:
Cабақтың тақырыбы:Менің үйім, менің бөлмем.
Сабақтың мақсаты:Туған үйлері, бөлмелері, бөлмесінің тазалығы туралы түсінік беру.Тазалыққа , тиянақтылыққа тәрбиелеу.Отанын сүюге, өз үйін құрметтеге тәрбиелей, сөз қорын, ойын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі:слайд, мазмұнды сурет.

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі.

Жақсы көңіл-күймен сабақ бастау.

ІІ.Өткенді қайталау.

Жыл мезгілдері.

Өлі, тірі табиғат.

Отбасы туралы әңгімелеу.

Әдет-ғұрыптар/әңгіме айту/

Сергіту сәті.

ІІІ.Жаңа сабақ.

1.Кіріспе

2.Күнтізбелік жұмыс.Ауа райын белгілеу.

3.Слайд.


Үйлер

Жер үй Көп қабатты үй

/суреті/ /суреті/
4.Мақал-мәтел айту.Мәнін ашу.

5.Мазмұнды сурет.Бөлмелердің суретін көрсету.

*6. «Менің бөлмем» әңгіме айту.

7.Оқулықпен жұмыс.

А)Оқу, оқыту.

ә)Сөздікпен жұмыс.

Б)Талдау- жинақтау.

8.Дәптермен жұмыс.

/өзбетіндік жұмыс/

9.Дидактикалық ойын: «үй жиһаздары»

/жиһаз орналастыру/

Сергіту сәті.

ІV.Қорытынды.Мадақтау.

Сұрақ-жауап.



-Сабақ аяқталды!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет