Сабақ Пәні: Өзін өзі тану Тақырып: Оқуға құштарлық



бет1/7
Дата27.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#6108
  1   2   3   4   5   6   7
Сынып: 2 5-сабақ Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырып: Оқуға құштарлық

Мақсаты: «Білім», «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: оку-білімнін, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: окуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;

Тәрбиелік: кітапты кадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі қүралдар: окулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті кағаздар, қайшы, үнтаспа.

Шаттык шеңбері

Балалар муғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. үнтаспадан «Бақытпты балалық шақ» әнін оқушылар мұғаліммен қосылып айтады.

Бақытты балалық шақ

Сөзін жазған Ж. Турбеков Әнінжазган Ә.Еспаев

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл-бақшада сайраңдап өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшактайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бөрі дайын.

Білім шыңын өрлейміз басып алға,

Қиындық жок, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбіреп колымызда

Ән айтылып болған соң оқушылар орындарына отырады. мұалім сабақтың негізгі бөліміне көшу мақсатында оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстырады:

- Балалар, бүгін біз оку, білімнің адам өміріндегі қажеттілігі,
маңыздылығы туралы әңгімелесеміз. Сондықтан да бүгінгі тақы-
ып «Оқуға қүштарлык» деп аталады.

Әңгімелесу



Тақырыптың мақсатын аша түсу ушін оқулықта «Ойланайық,пі кірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар бойынша әңгіме жургізіледі:

Адамға білім не үшін қажет?

Оқу кезінде кандай киындықтар кездеседі?

Оларды қалай жеңуге болады деп ойлайсыңдар?

Білімді болу үшін адамға кандай касиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жүмыс



Муғалім аңыз әңгімедегі Әлімнің «Мен оқуым керек» деген өз,

мақсатына қалай жеткенін және оның үлкен ғалым болғанын мысалға
ала отырып, балалардың оқуға құштарлығын оятады.

Бала өз максатына калай жетті?

Баланың ғалым болуына кандай қасиеттері көмектесті?

Жана ақпарат



Оқулықта берілген «Жаңа ақпарат» арқылы балалардың оқуға деген құштпарлығын нақтпылай түсуге болады:

Білім алу кызығушылық, еңбекқорлық және табандылық танытуды қажет етеді.

Білім адам игілігіне қызмет етеді.

Жаңа ақпаратты талдау балаларға білімнің қажеттілігін уғынуға көмектеседі.

Дәптермен жүмыс



Жоғарыда айтылып, талқыланған әңгімеден түйген ойлар дәптерде берілген тапсырма арқылы бекітіледі.- Бакытты балалар елінің суреті арасынан жазу жазылатындай
етіп бос қалдырылған жолдарға олардың бакытты болуына нелер
көмектескенін жазыңдар. Балалар тапсырманы. дәптерге орын-
дайды, орындап біткен соң жария етеді.

Жүректен жүрекке



Мұғалім жаңа ақпараттағы ойды жалғастырып, сабақты балалардың бір-біріне білім алудың маңыздылығын білдіретін тілек айтумен қорытындылайды.

Үйге тапсырма: Бақытты балалық шақ жаттау.
Тексерілді: Досманова А.И.

Сынып: 2 6-сабақ Пәні: Өзін – өзі тану

Тақырып: Оқуға құштарлық

Мақсаты: «Білім», «махаббат» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.



Міндеттері: Білімділік: оку-білімнің, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: окуға, білім алуға деген ынталарын дамыту;

Тәрбиелік: кітапты кадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Көрнекі қүралдар: окулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті кағаздар, қайшы, үнтаспа.

Шаттық шеңбері

Жаңа сабақты бастарда әр баланың жағымды көңіл күйін қалып-тастыру мақсатында мұғалім шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Балалар мұғаліммен бірге «Кел, билейік!» әнін қосылып айтады.

Кел, билейік! М. Әлімбаев

Қайырмасы:
Кел, билейік, кел, билейік,

Жалығуды білмейміз,

Неге тұрсың билемей?

Жабығуды білмейміз.

Кел, билейік, іркілмейік,

Жауқазындай көзді тартып,

Неге отырсың үндемей?

Жайраң қағып билейміз

• Өлеңді жаттап алыңдар.


Тапсырма

Мұғалім оқушыларға білімнің көзі кітапта екенін және оқуға деген балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында Е. Ашықбаевтың өлеңін тапсырма ретінде ұсынады. Балалар сұрақтарға жауап береді. Кітаптың жыры Е. Ашықбаев

Деме: Өмірдегі үлесің.

«Оңай үйренем». Мен отырсам қолыңда,

Ақыл айтсам - Білмегенді білесің.



Егеспе. Көп пайдадан құр қалма,

Оқу деген - Жалқауланып отырып.


«Инемен құдық қазу» емес пе? Қолдан келіп түрғанда:

Менің әрбір жолымда - «Кел, балалар, оқылық!»

Неліктен кітапты «ұстаз» деп атаймыз?

Кітаппен қалай дос болуға болады?

Назар аударыңдар

Оқулықта Алпамыс пен Махаббаттың атынан ұсынылған тұжырымдамаларға жеке-жеке талдау жасалынады:

Білім - өзіңді, өзгені танытады.

Білім - өмірді түсінуге көмектеседі.

Білім - табиғат қүпияларын ашады.

Білім - болашаққа жетелейді.

Дәйексөз


Балалардың жауаптары сабақтың дәйексөзімен туйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деген халық мақалын жазып қояды.

- Балалар, кітап оқу арқылы білімді боласыңдар. Білімді адам - ол күшті адам. Өйткені адам білімнің арқасында өмірдің ақиқатын танып біледі. Көп білсең адамдарға ақыл-кеңес бере аласың, сыйға бөленесің. Біліміңнің көп болғандығынан барлық жағдайларда сезбен, ақылмен жеңе аласың. Сондықтан да халық «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» деп айтқан.



Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

Тапсырма


Сабақта алған білімдерін пысықтай түсу ушін мынадай тапсырма беріледі, оның орындалу жолдары тусіндіріледі.

Оқулықта берілген мақал-мөтелдердің мағынасын түсініп, мүмкіндігінше жаттап алыңдар:

«Оқу - білім бүлағы».

«Білім - өмір шырағы»

«Оқу инемен құдық қазғандай»

«Оқу – түбі тоқу»

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын

түсіндіреді. Оқушылар тапсырманы дәптерлерінде орындайды. Орындап жария етеді.

Тапсырма


Берілген суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақты шешіңдер.

Жүректен жүрекке

Шеңбер аясында Ә. Дуйсенбиевтің сөзіне жазылған И.Нүсіпбаевтың

«Ақылшым - мұғалім» әнін бәрі бірге айтуына болады.

Үйге тапсырма: Ақылшым – мұғалім жаттап келу.

Сөзін жазған Ә. Дуйсенбиев Әнін жазған И. Нусіпбаев

Тексерілді: Досманова А.И.

Сынып: 2



7-сабақ

Пәні: Өзін – өзі тану Өткізілген күні:



Тақырыбы:Менің ұстаздарым

Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік. оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру;

Дамытушылық. Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік. Ұстаздарды бағалауға, сыйлап-құрметтеуге трбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, түрлі түсті қарындаштар.

Шаттық шеңбері

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі. Оқушылар үнтаспаға қосылып, «Жарқын жүзді ұстазым» әнін бірге айтады.

Жарқын жүзді ұстазым

Сөзін жазған Ш.Смаханұлы Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Келгенімде алдыңа, Бакытымнын осыдан

Қызыл арай гүл алып, Басталғанын түсіндім.

Жақын тарттың жанына, Мейір толы көзінде,

Шәкіртім деп куанып. Кім бар сенен шыдамды.

Сипадың да басымнан, Шалыс басқан кезімде,

«Әлілпені» ұсындың. Кешіресің кінәмді.

Әңімелесу



Мұғалім мен шәкірт арасындағы сыйластықты карым- қатынастарын дамыту мақсатында әңгімелесу ұымдастырылады.

Мұғалім оқушылардың ұстаз туралы түсініктерін анықтап, ол жөніндегі балалардың пікірін тындау мақсатында әңгімелесу жүргізеді. Ол үшін мынадай әнгімелесу сұрақтары беріледі:



Ұстаз деп кімдерді айтамыз?

Сендер кімдерді өздеріңе ұстаз санайсыңдар?

Ұстаздарыңды. қалай қуантар едіңдер?

Мүғалім балалардың жауаптарын тыңдап, корытынды жасайды:

- Дұрыс айтасыңдар. Тәрбие, тәлім, білім, ақыл беретін адам-
дарды біз ұстаз дейміз. Ата-ана - ұстаз, мұғалім - ұстаз, үлкен-
дер - ұстаз, кітап - ұстаз. Олар біздің жақсы адам болып өмір
сүруімізге көмектеседі.

Балалардың жауаптарын мұғалім туйіндеп, мұғалім шәкіртіне ең жақын адам екенін ұқтырып және шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрініп, улкен жетістіктерге жетуі ұстаз үшін үлкен қуаныш болатынын айтып береді.

Ойын

Ұстаз еңбектің мәнін рөлдік ойын арқылы да ашуға болады.

«Жас тілші» атты рөлдік ойында балалар «Айгөлек» журналының жас тілшілері рөлінде мұалімнен сұхбат алады.

Мұғалім өзінің ұстаздық еңбек жолы, оқытқан шәкірттері, олардың жетістіктері мен оқушылары арасындағы, сыйлы қарым-қатынасты бейнелейтін алдын ала жасаған фотомонтажын тақтаға іледі.

Әрбір бала тақтадағы фотомонтаж бойынша мұғалімге өзі қалаған сұрақтарын кояды, мұғалім жауап береді. Мұғалім ойын соңында осы мамандықты не үшін таңдағаны туралы айтып береді.

Мәтінмен жұмыс



Оқушылардың ұстаз еңбегіне деген құрметін арттыра түсу мак­сатында өлең оқу ұсынылады. Оқушылар өлеңді оқып, ондағы негізге ойға мән беріп, берілген сұраққа жауап береді.

Устаз

А.Сопыбеков

Әрбір жастың -Қарлығаштың

Көніл сырын дәл басқан.

Талаптанып, Қанаттанып...

Өмір сырын ұғамыз. Білім алып, Тұлғаланып...

Азамат боп шығамыз.

Күлімдеген,

Күнім деген,

Қамқор болған ұстазым.

Жаны жайсан, Жайдары жан, Ұғындырған сөз сазын.

Бәрін білген,

Білім берген

Жас ұрпаққа талмастан.

Өлеңде ұстаз деп кімді айтып отыр?

Өленде ұстаз бойындағы қандай жақсы касиеттер айтылған?

Тапсырма


Мұғалім ұстаз туралы ой пікірлерді толықтыру және оқушылардың өз пайымдауларын байқау үшін «Суретке карап, ұстаздык, еңбек туралы айтып беріңдер» - деген тапсырма береді.

Жаңа ақпарат



Окулықта берілген «Жаңа ақпаратты» талдау арқылы ұстаздың адам өміріндегі маңызы түсіндіріледі:

Оқушыларға мұғалім еңбегінің маңызын аша түсетін жаңа ақпаратпен танысу ұсынылады.

Ұстаз мектепте білім-тәрбие беріп, адамгершілік нұрын төгеді. Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін, тәжірибесін, білмін үйретеді. Адамдардың айналаға, достарына, табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады, өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі.



Жаңа ақпаратты талдау балалардың өзіне, болашағына деген сенімінің калыптасуына көмектеседі.

Мәтінмен жүмыс

Балаларға ұстаз еңбегінің маңыздылығы мен мән - мағынасын түсіндіру ушін «Өнерлі жігіт» аңызы негізінде әңгімелеу ұйым­дастырылады.

Өнерлі жігіт

Аңыз Өл-Фараби бір күні базарға барса, бір жас жігіт тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетіп отыр екен. Оны көрушілер риза бо­лып, тиын-тебен тастап кетіп жатады. Әбунасыр одан:

Күніне қанша табасың? - деп сүрайды.

Екі дирхемге жетер-жетпес кана.

Онда сен бұл өнерді таста. Маған ер, мен саған оқу үйретемін, күніне төрт дирхем беремін, - деп оны ертіп алады. Мұны естіген саудагерлер:

- Мына диуана, дәруіштің дені сау ма? Өзі оқытып, әрі оған төрт дирхем төлегені несі? - деп күліпті.

Кейін сол бала үлкен ғалым болыпты деген сөз бар. Оқушыларға аңыз желісі бойынша сұрақтар қойылады:

Әл-Фараби жігітке нені үйреткісі келді? Не үшін?

Шәкіртінің болашақта жақсы адам болып шығуына ұстазы кандай еңбек сіңірді деп ойлайсыңдар?

• Білім адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Балалардың жауаптары тыңдалып, мұғалім қорытынды жасайды:

- Ұстаздың еңбегі зор. Ұстаз әр баланың бойындағы жақсы


қасиеттерді байқап, оның болашақта өз орнын табуына көмектеседі.
Сол үшін аянбай еңбек етеді.

Қорытындылау



Мұғалім оқушылардың сабақтан алған білімдерін төмендегідей түйіндеуіне болады:

- Ұстаз - тек оқу, жазу үйретіп, білім беретін мұғалім ғана емес.


Ол қиналған сәтте қол ұшын беретін көмекші, қамқор, іздеген
сұраққа, бастаған іске ақыл-кеңес беретін ақылшы, бірге еңбек ететін
сенімді дос бола алады.

Дәптермен жүмыс



Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.
Оқушылар тапсырманы дәптерлерінде орындайды. Орындап біткен соң жария етеді

.

Тапсырма:


«Менің ұстазым» тақырыбына шағын өңгіме жазындар.

Жүректен жүрекке


Балалар мұғалімді ортаға алып, өз тілектерін арнап, ұстаздарымен қосылып ән айтады.

Үйге тапсырма:

Тексерілді: Досманова А.И.
Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

8-сабақ

Тақырыбы: Менің үстаздарым

Мақсаты: «Білім», «еңбек», «сыйластық» адамгершілік кұндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:

Білімділік. Оқушыларға мұғалімнің, ата-ананың, үлкендердің, кітаптың өмірдегі «ұстаздары» екендігін түсіндіру;

Дамытушылық. Мұғалім еңбегіне сүйіспеншілігін, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру;

Тәрбиелік. Ұстаздарды бағалауға, сыйлап-қүрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекі құралдар: үнтаспа, «жүрекше» ­ түрлі түсті қағаздар.

Шаттық шеңбері

Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Балалар ұстаздарына арнап жүрекжарды тілектерін айтады.

Тапсырма


Оқушылардың сабақта алған білімдерін іс жузінде көрсетулеріне мүмкіндік беретін мынадай тапсырма беріледі:

- Төменде айтылған ойларды тусіндіріңдер.



Бұл тапсырманы, берудегі мақсат - оқушылардың мұғалім еңбегін түсініп, бағалай білуге ықпал ету.

Мұғалім - білім беруші.

Мұғалім - көмекші.

Мұғалім - қамқоршы.

Мұғалім — ақылшы.

Мұғалім - сенімді дос.



Оқушылар тапсырманы қалауларынша топқа бөлініп немесе жеке-жеке ойланады. Тапсырманың орындалуын сынып алдында жария етеді.

Дәйексөз


Мұғалім тақтға «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген мақалды жазып қояды. Осы мақалдың мағынасын оқушылардың қалай түсінетіндерін сұрайды. Балалардың жауаптарын тыңдаған соң, өзі қорытынды жасайды.

Мұғалім балалардың жауабын төмендегі ойдын негізінде толықтыруына болады:

- Балалар, жалпы біз кімнен немесе неден, тәлім-тәрбие, өнеге
алсак, үйренсек өзімізге соларды ұстаз санаймыз. Біз ұстаздан көп
нәрсе үйренеміз.

Ұстаз өмірдегі құбылыстар мен әрекеттерді, құндылыктарды танып білуге, ажырата алуға үйретеді. Ұстаздан алған білімді бойына сіңіре білген, оны өмірде дұрыс колдана алған шәкірт нағыз білімді болады.



Мұгалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

Мәтінмен жұмыс



Мұғалім балаларға Ы. Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесін айтып береді.

Мұғалім оқушылардың осы мәтіннен түйген ойларын мынадай сұрақтарға жауап алу арқылы біледі.

• Бақша ағаштарының түзу және қисық өсулерінің себебі неде

деп ойлайсындар?

Әкесі баласына кандай ақыл айтты?

Осы әңгімеден қандай корытынды шығаруға болады? Балалардың жауаптары тыңдалады. Балалардың жауаптарын

мұғалім:

- «Ата-анасының, үлкендердің айтқан ақылын тыңдап өскен бала жақсы азамат болып өседі» деген өнегелі сөзбен түйіндейді.

Тапсырма

Оқушылардың сабақта үйренгендерін бекіту мақсатында «Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар» деген тапсырма беріледі. Тапсырманы орындау кезінде пайдалану үшін оқулықта суреттер ұсынылған.

Назар аударыңдар

Мұғалім оқулықта ұстаз туралы Алпамыс пен Махаббаттың атынан берілген үзіндіге балалардың көңілін аудартады:

Ұстаз біліммен сусындатады;

Ұстаз тәлім-тәрбие береді

Ұстаз өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;

Ұстаз табиғатты танып білуді меңгертеді;

Ұстаз адамдарды түсінуге үйретеді.



Шығармашылық жүмыс

«Түнгі аспан» атты шығармашылық жүмыс төмендегідей

жүргізіледі.

Мұғалім тақтаға түнгі аспанды бейнелейтін қою көк түсті плакатты іледі. Өзі сары түсті қағаздан «Айды»қиып, плакатқа жапсырады. Ал әр оқушы фолъгадан жулдыздарды қиып, тақтадаға плакатқа шетінен орналастырады.

Мцұғалім оқушылардың орындаған тапсырмасына ризашылы-

ғын білдіреді:

- Жарайсындар! Біздің «Түнгі аспанды» жарық еткен ай мен жұлдыздар. Ай мүғалім, ал жүлдыздар - оның шәкірттері.

Дәптермен жүмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын
түсіндіреді.

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Орындап біткен соң жария етеді.

Тапсырма:

Берілген сөздерді орындарына қойып, сөзжұмбақты шешіндер. Керекті сөздер: ұстаз, сағат, ата, кітап, қарбыз.



Қорытындылау

Мұғалім сабақты былайша қорытындылайды:

- Иә, шәкірттерінің тек қана жақсы жақтарынан көрінуі, үлкен жетістіктерге жетуі ұстаз үшін үлкен қуаныш.

Жүректен жүрекке



Мұгалім сағаттың қос тіліндей екі қолын екі жаққа созып ортаға тұрады. Балалар сағаттың тілімен оңға қарай қозгалыспен бірінен кейін бірі алақаны арқылы ұстаздан жылу алады. Әр бала алақанын ұстаздың алақанына тигізіп тұрып, алғыс білдіреді. Мысалы: «Білім бергеніңіз үшін рацмет! Оқуга үйреткеніңіз үшін рақмет! Ақылдылыққа жетелегеніңіз үшін рақмет!

Үйге:
Тексерілді: Досманова А.И.

П ТАРАУ АДАМИ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСҚА ҮЙРЕНЕЙІК



Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:

9-сабақ

Сабақ тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет



Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:



Білімділік. Үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

Дамытушылық. Сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік. Үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, ақ қағаздар.

Шаттық шеңбері

Мұғалім сабақтың мақсат, міндеттеріне сай жақсылықтан уйреніп, жамандықтан жиренуді ұғындыру мақсатында төмендегі өлең жолдарын балалармен бірге қайталап, шаттық шеңберін ұйымдастырады:

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың улкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсету арқылы адамдардың қандай жетістікке жете алатыны туралы тусініктерін дамыта түсу ушін оқулықтағы берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу әдісін жургізеді. Бұл сұрақтар ар­қылы оқушылардың қоғамда, отбасында және достары мен туыстары, басқа адамдар арасында қарым- қатынастарын қалыптастыруға, адам өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.

Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?



Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды

қарым-қатынас жасау адамның өзіне байланысты. екенін тусіндіреді.

Мәтінмен жұмыс

Әңгімені оқып, талдау барысында мұғалім адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындырады.

Үш дос

М. Төрежанов

Көп пәтерлі үйдің ауласында толас болмайды. Кішкене-кішкене балалар ойыншықтарын алып шығып, қызыл шеке болып ойнайды да жатады. Бүгін де Қазанқап пен Қарымсақ трамвайын әкеліп, ақаулы жерін жөндеп, біраз әуре болды. Бұлардың ойынының үстіне Самат келді. Ол трамвайдың иесі Қазанқапқа:

Ойындарыңа мен де косылайыншы, - деп өтінді. Қазанқап:

Ойынға қоспаймыз, - деді бірден кесімін айтып. Сөйтіп, Саматтың бетін қайтарып тастады.

Самат біраз қарап тұрды да, томсырайған күйі үйіне қарай беттеді.

Келесі күні Самат өрт сөндіретін қызыл машинасын алып шықты. Жанына Қарымсақты қосып алды. Қарымсақ кіммен болмасын тату ойнайтын. Ойынның неше түрлісін тауып, қыздырып ала жөнелетінді. Бұлар үйден шықкан «өртті» оған су құйып, сөндіріп, баланы алып шығып, жедел жәрдем көрсетіп ойнап жүрді. Қарымсақ Қазанқапқа:

Кел! Ойынға сен де аралас, - деді. Қазанқаптың кешегісі есіне түсті.

Самат мені ойынға қоса ма? - деп қипақтады.

Кел, ойнай бер. Мен ойыншығымды қызғанатын сен сияқты емеспін. Өрт сөндіру үшін қолдың көп болғаны жақсы, - деп Самат Қазанқаптың қолынан ұстап, ойынға өзі араластырды.

Қазанқап қиналып, екі беті кып-қызыл болып:

- Самат, кешегімді кешір, мен енді ойыншығымды қызғанбай-
мын, - деді. Содан бері үшеуі тату ойнайтын болды.

Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

Бір-бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Ойын-жаттығу. «Құрмет-ізет»

Сабақтан түйген ойлар ойын-жаттығу және рөлдік орындаулар арқылы пысықталады.

Мұғалім тақтаға жапырақсыз ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттарды іледі. Оқушыларға қағаздан жасалған ағаш жапырақтарын таратып береді. Жапырақтардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.

Оқушылар жапырақтардағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашка», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.



Жапыратардағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рақмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.
Мұғалім ойын-жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижелерін былайша қорытындылауы мумкін.

- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге кұрметті


білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы деп атайық. Ал кіші
ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет»
ағашы деп атайық. і

Жаңа ақпарат



Оқулықтағы жаңа ақпарат құрмет, ізет туралы оқушы білімдерін нығайта түседі. Олар оқулықтағы жаңа ақпаратты оқи отырып, адамдардың арасында көп нәрсе сыйластыцца байланысты екенін тусінеді.

Адамдар бірін-бірі сыйлап, түсіне білсе, жақсы қарым-катынас жасауға кол жеткізеді. Өзара сыйластык достыққа әкеледі.



Өмірде адамдар бір-бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетініне мұғалім назар аударады.

Дәптермен жұмыс



Сабақта айтылған ойларды оқушылардың түсінгенін білу мақсатында дәптердегі тапсырма орындалады.

1-тапсырма:

«Менің айтар ақылым». Бос жолдарға карындасыңа (сіңлі), ініңе арнап ақыл хат жаз.



2-тапсырма:

«Менің тындар ақылым». Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіде айтатын ақылдарын жазуға ұсыныс жаса.

Жүректен жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі өлең жолдарын бірге айтып, сабақты аяқтайды.

Құрметтеп ата-анамды, Бәрін де жақсы көремін,

Ардақтап әпке, ағамды, Үнемі көмек беремін.

Қамқор боп сіңлі-ініме, Үлкенді сыйлау - кішілік,

Сыйлымын үлкен-кішіге. Үлгілі мінез - кісілік.

Үйге:
Тексерілді: Досманова А.И.

Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:



10-сабақ

Сабақ тақырыбы: Үлкенге - құрмет, кішіте - ізет

Мақсаты:, «Сыйластык», «кұрмет» адамгершілік кұндылығы ту­ралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:

Білімділік: үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластыкты түсіндіру;

Дамытушылық: сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу,
Көрнекі күралдар: дәптер, оқулық, ақ қағаздар.
Шаттық шеңбері
Мұғалім сыйластық, құрмет ұғымдарының отбасынан басталатынын ұғындыру мақсатында

М. Керейбаевтің әнін балалармен қосылып айтып, шаттық шеңберін ұйымдастырады.

Дана әжем

Ірімшігін, мейізін, Бізге сактап беретін.

Қайырмасы.

Ертегі айтып, әлдилеп,

Әлпештеген, жебеген.

Кеп кой бізге айтатын,

Акыл-кеңес, өнегең.

Қайырмасы

Сөзі мен әнін жазған М. Керейбаев

Мамамыздьң анасы,

Ақ жаулықты ақ әжем. «Айналайын құлыным» -

Деп айтатын дана өжем.

Қайырмасы:

Еркелетіп өсірген,

Айналайын дана әжем.

Мені жақсы көретін,

Сені жақсы көретін.

Балалардың үлкендерді сыйлауға және үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру мақсатында мынадай сұрақтар қойылуы мүмкін.

Ата, әжелерің сендерге қандай ақыл-кеңестер айтады?

Сендер әжелеріңе қандай құрмет көрсетесіндер?

Немесе мұғалім шаттық шеңберін балалардың бір- бірімен бас иіп немесе жымиып амандасуымен ұйымдастыруға болады. Мұғалім осылайша амандасудың мәнін түсіндіреді және оны бүгінгі тақырып-пен байланыстырып, мына бағытта айтып беруі мүмкін:

- Балалар, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай жымиып бас ию адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді. Адамға деген құрметің жымиып тұрып амандасудан басталады. Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі. Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, кергендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Тапсырма

Мұғалім балаларға өздерінің ерекше сыйлайтын адамдары туралы және оның қандай ісі, қасиеттері сыйлауга лайық екенін айтып беру үшін тапсырма беріп, олармен ой бөлісуге ұсыныс жасауына болады.

Жағдаяттарды шешу

Оқушылардың адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерін бекіте түсу үшін жағдаяттармен жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқулық­тағы берілген суреттерге оқушылардың назарын аударып, немесе тақтаға сюжетті суреттер іліп, жағдаяттардьі шешу жолын тусіндіреді.

Сюжетті суреттер:

1. Шығармашылық кездесу кезінде өзіңді қызықтырған сұрақ қойғың келді. Ол...

Сенің досың сыныптастарына ренжіп қалды. Себебі...

Сабақ үстінде досыңа қызық әңгіме айтқың келді. Бірақ...



Осы сюжетті суреттер бойынша балаларға сұрақтар қойылады немесе жағдаяттарды жалғастыру ұсынылады.

Балалардың жауаптары тыңдалады

Мәтінмен жүмыс



Мұғалім «Рақмет, ата» деген оқулықта берілген әңгімені оқып, талдау барысында әр адамның атқарған ісінде, жүріс-тұрысында сыйластық пен үлкенді құрметтеу болатынын оқушылардың өздерінің пайымдауына бағыт береді.

Сахналау


Мұғалім оқулықтағы «Сахналау» айдарымен берілген өлеңді үш оқушы (автор, бір кісі, қария) рөлдерде орындату арқылы кісілік-кішілік яғни үлкен мен кішінің бір-біріне ізет-құрметін, қарым-қатынасын айқындай туседі. Сахналау барысында оқушылар осы рөлдерді орындауда өз жауапкершілігін де түсінеді. Адамға жара-сымды өмір сүру ушін қандай қасиеттер қажет екенін үйренеді.

Кісілік-кішілік

Ә. Ахметов

Кезек күтіп сөйлесе,

Көрсетсе ізет, білгендік.

Кеуде кере келмесе,

Сол - Кісілік-үлкендік.

- Сіз үлкендік дегенмен,

Басқаша құтық мұны біз,

Мәмілешіл бар елмен

Кішілік қой мұнымыз.

Жөн-ақ өзің аңдасаң,

Сездің мәнін түсініп.

Ұйқасады әрқашан

Кішілік пен кісілік.

Өлеңдегі кісілікке тән қасиеттерді айтып беріңдер.

Кішілікке тән қасиеттер туралы айтыңдар.

Тыныштық сәті



Баланың өзінің ішкі күйіне білуге, оның табиғатпен байланысын сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылуы мүмкін.

- Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарынды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштықка толы таза, шипалы ауанын; тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Шығармашылық жүмыс

Мұғалім балалардың суреттерге қарап, кімді не үшін құрмет­теу керектігін баяндап беруді ұсынады. Балалар бұл шыгармашылық жұмысты орындау барысында сыйластық, құрмет ұгым-дарының мәнін түсінеді. Өз пікірлерін ашық айтады. Мұғалім балалардың жауабын толықтырады.

Назар аударыңдар



Мұғалім оқулықта сыйластық туралы Алпамыс пен Махаббаттың атынан берілген үзіндіге балалардың көңілін аудартады:

Адамдар өзара сыйласып, бір-бірінің жақсы, ізгі қасиеттерін кұрметтесе, сыйластыққа қол жеткізеді.

Өзін-өзі сыйлайтын адам өзгелерді де сыйлай біледі.

Дәптермен жұмыс



Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

Оқушылар тапсырманы дәптерлерінде орындайды. Орындап біткен соң жария етеді.

1-тапсырма:

Сурет бойынша әңіме құрастырып, дәптерге жазыңдар.



2-тапсырма:

Берілген сөздердің шеңбер ішінде берілген отбасы мүшелерінің қайсысына қатысты екендігін тауып белгілеңдер және айтып беріңдер.

Жүректен жүрекке

Оқушылар осы сабақтан алған әсерлерін төмендегі ән айтумен жалғастырып, мұғалім сабақты аяқтайды.
Бақытты балалар әні Сөзін жазған Қ. Мүсірепов Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Үйге:
Тексерілді: Досманова А.И.


Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:



11-сабақ

Сабақ тақырыбы: Кешірімді бала - кішіпейіл бала

Кешірім - ізгіліктің белгісі. Халық даналыгы

Мақсаты: «Кешірім» ұғымының адамгершілік кұндылығы ретінде мәнін ашу. Міндеттері:

Білімділік: кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық: кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

Тәрбиенлік: кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: күннің, бұлттың суреті, оқулык, дәптер, сөзжұмбақ.

Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, төмендегі А. Бейсебайдың өлең жолдарымен сабақты бастауды ұсынады:

Адамдарға кешіріммен карайтын,

Жан жылуы жылылық боп тарайтын.

Кіпгіпейіл бала болғым келеді,

Айналасын нұрлы күнге балайтын.

Бұл өлеңді оқу арқылы мұалім оқушы бойындағы кешірімді болу, кішіпейіл болу сияқты жақсы қасиеттерді қолдау, дәріптеу мақсатын көздейді. Ол үшін мұғалім төмендегідей сұрақ беруіне болады:

- Сендер кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер?
Әңгімелесу

Әңгімелесудің мақсаты - оқушылардың «кешірім сұрау», «кешіре білу», туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін тусіндіру. Мұғалім балалардың достарымен, бауырларымен және жақын адамдарымен ренжіскен кезде қандай күйде болатынын олардың өздері айтқан ойларымен түйіндеп, адамдарды ренжітпеу керек екенін терең ұғынуына көмегін тигізеді.

Кішіпейіл болу дегенді қалай түсінесіңдер?

Достарыңмен және жақын адамдарыңмен ренжіскен кезде кандай күйде боласыңдар?

Кешірім сұраудың достықты сақтауға көмектескен кездері болды ма?

Мәтінмен жұмыс

Мәтінді оқушылардың өздеріне кезекпен оқытып мазмұнын мұқият тыңдауды ұйымдастыруға да болады. Мұғалім тақырыптың мазмұнын ашатын сұрақтар арқылы оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды таптырып, олардың құдылықты мәнін өз пікірлерімен пайымдатады. Мәтіннің соңында берілген сұратар оқушылардың ойларын тұжырымдауға негіз болады.

Кешірім

Р. Әбілқадырова

Балалар өз қателіктерін қалай түсінді?

Атай қандай жақсы қасиет танытты?

Өздерің атайдың орнында болсаңдар не істер едіңдер? Мәтіндегі ойдың шешуін төмендегі ойын-жаттығу арқылы да



ұйымдастыруға болады.

Өзіммен-өзім



Оқушыларға кішіпейілділік құндылығын сезіндіру мақсатында релаксациялық тәсіл ұйымдастырылады.

Үнтаспадан табиғат дыбыстары баяу естіліп тұрады.

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаң-


дар да болады. Көз алдарыңа «Аспан патшалығы» ақ мамықтай ақша
бұлтты жіберіпті деп елестетіндер. Сол ақша бұлттың үстінде біз
отырғандаймыз. Ақша бұлт мамықтай жұмсақ екен. Аспан әлеміне
қарай көтеріліп барамыз. Айдын шалқар көлден өтіп, орманды ал-
қапқа кездестік. Жүгірген аңдар, сайраған құстар көрінеді. Гүл жай-
қалған сұлу далаларға да жақындап қалдық, әсем гүлдер көріне
бастады. Гүлдер неткен керемет! Алуан түрлі, көздің жауын ала-
ды. Біз осының бәрін бірге көргенімізге, осындай шақта бірге бол-
ғанымызға іштей қуаныштымыз. Ақ мамықтай ақша бүлт бізді
жүпар иісті, өсем де көркем «Гүлдер» сүлулық сарайына түсірді.
«Гүлдер» сүлулык сарайында тек қана кешірімді, кішіпейіл адам-
дар түрады екен. Осы жерде түратьш адамдардьвд барлығы бір-біріне
кеішпейілділік танытады. Біздің де бойымызға кішіпейілділік пен
кешірімділік сезімдері бойлап бара жатқандай. Осы сезімдермен біз
де, бұрынғы қалпымызға келейік.

Дәйексөз


Мұғалім сабақтың мазмұнын дәйексөздің мағынасын түсіндіру арқылы аша түседі.

Мұғалім тақтаға «Кешірім - ізгіліктің белгісі» деген халық даналығы нақыл сөзін жазып қояды.

- Балалар, өткен сабақтарда айтылған адамдардың бір-бірімен келісімге келуі, жарасуы бір-бірінен кешірім сұрауына, бірін-бірі кешіре білуіне байланысты. Ренжіскен жағдайда кешірім сұрау достарды, туыстарды татуластырады. Ағаттық кеткен іске үлкеннен де кішіден де кешірім сұрай білу сыпайылықты білдіреді. «Кешірім - сыпайылық белгісі, татулық негізі» дегеннің мағынасы осында. Біз бүгін «Кешірімді бала - кішіпейіл бала» таңырыбында әңгімелесеміз.



Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

Ойын. «Құнды қасиеттер»



Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға дағдыландыру мақсатында ойын ұымдастыруға болады.

Оқушылар парта қатарларына қарай 2 топқа бөлінеді. 1-топ -«Кешірім - сыпайылық белгісі» тақырыбында (үлкендер мен бала­лар рөлінде) әдептілікті, кішіпейілділікті, 2-топ - «Кешірім - татулык негізі» (достар немесе сыныптастар рөлінде) тақырыбында достықты сахналастырып көрсетеді.

Дәптермен жұмыс



Балалардың кешірім туралы түсініктерін үйде бекіте түсу үшін мынадай үй тапсырмасы беріледі және оның орындалу жолы түсіндіріледі.

-Дәптерде берілген тапсырмалар бойынша өз ойларынды жазындар.



1-тапсырма. Сендер «Кешірім» әңгімесіндегі атаның орнында болсаңдар, не істер едіндер?

2-тапсырма. Сеңдер «Кешірім» әңгімесіндегі Тұрсынның орнын­да болсаңдар, не істер едіңдер?

Оқушылардың осы тақырып бойынша негізгі ұғымды есте сақтауы мен оған қол жеткізуі мақсатында сабақ былайша аяқталады.

Жүректен жүрекке



Мұғалім оқушыларды бір- бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құруға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір-біріне кешірімділік таныту туралы жақсы тілек айтумен де қорытындылауға болады.
Үйге:
Тексерілді: Досманова А.И.

Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:

12-сабақ

Сабақ тақырыбы: Кешірімді бала - кішіпейіл бала.

Мақсаты: «Кешірім» үғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу. Міндеттері:

Білімділік: кішіпейілділік, кешірімділік туралы түсініктерін кеңейту;

Дамытушылық: кішіпейілділікке бейім қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: кішіпейіл, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: күннің, бұлттың суреті, оқулык, дәптер, сөзжұмбақ.

Шаттық шеңбері



Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, олардың бір-біріне ізгі тілектерін айтып, кішіпейілділік танытуына ұсыныс жасайды.

Жаңа ақпарат



Сабақтың тақырыбын айқындай түсу ушін қолданылатын оқу ақпаратты оқушылардың «ренжімеу», «кешіру», «қателігін мойындау» туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады. Оқу ақпаратын мұғалім өзі оқиды.

Ренішін ұмытып, райынан тез қайтатын адам кешірішіл болады.

Кешіре білу адамнын. өзімен, өзгелермен үйлесімді өмір сүруіне мүмкіндік жасайды.

Достар бір-бірін кешіре білсе, қателігін мойындай алса, достык, берік болады.

Мұғалім «Жақсы адамның ашуы жібек орамал кепкенше,

Жаман адам ашуы басы жерге жеткенше» деген халық мақалын қолданып, берілген оқу ақпаратындағы өзекті ойды нақтылай түсуіне болады.

Сергіту сәті



Оқушыларды кешірімді, кішіпейіл болуға ұмтылдыру мақса-
тында мына мазмұндағы сергіту сәті ұйымдастырылады.
Кешірімді боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Жұлдыздай боп жанамыз. (Қолын жоғары көтереді.)


Кішіпейіл боламыз, (Өзін көрсетеді.)

Құстай қанат қағамыз. (Қолдарын жайып,)

Жағдаяттарды талдау

Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар ұсынылады. Егер жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді бағалауға, адамдармен жағымды өзара әрекеттестік құра білуге үйренеді.

Суреттерде берілген жағдаяттарды талдап, шешімін табыңдар.

Ғазиз асығып келе жатып, дәлізде мұғалімді қағып кетті.

Арсен мен Мәулен дүкеннің кабырғасына сурет салып ойнады. Арсен болса, қашып кетті.

Дәулет сабаққа кешігіп қалды.

Алпамыс байқамай Құралайды соғып кетті.

Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?

Балалар «Кімнен қалай кешірім сұрауға болады?» деген сұрақпен жағдаяттарды шешу арқылы қай кезде болмасын дұрыс шешім қабылдай алу керектігін де түсінетін болады.

Ойын-жаттығу. «Күннің көзін бұлттан арылту» Мұғалім алдын ала беті бұлтпен толық жабылған күннкің макеттін



дайындайды. Бұлттың артқы бетіне сұрақтар жазылады. Ойынға шыққан оқушы кез келген бұлтты алып, сұраққа жауап береді. Барлық сұрақ алынып, сұраққа жауап беріліп біткенде күннің көзі бұлттан арылып, сәулесін шашады.

Көше сыпыратын атайдың ауруханаға түсу себебі неде?

Тұрсын неге мазасызданды?

Балалардың жасаған әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

Тұрсынның жасаған әрекеті дұрыс па? Не үшін?

Қарт балаларға қандай кішіпейілділік танытты? Балалардың жауаптары оқулықта берілген жаңа ақпарат-



пен түйінделеді.

Мәтінмен жұмыс



Мұғалім «Автобуста» деген оқулықта берілген әңгімені оқып, талдау барысында балалардың үлкен адамдарға үнемі кішіпейілділік танытуы қажет екенін ұғындырады.

Автобуста

Ә. Шынбатыров

• Әңгімеден қандай ой түюге болады?


Назар аударыңдар

Оқулықта Алпамыс пен Махаббаттың кеңесі ретінде «Назар аударайық» айдарымен берілген негізгі ойлармен қорытындылау оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекітіп, жинақтайды. Бұл әдісті мұғалім тиімді қолдану барысында «Кешірімді болу деген не?» деген сұраққа толық жауап таба алады және оқушылар-дың кешіре білудің жаңа қырларын тануына көмектеседі:

кешірім жасау - татуласуға бірінші қадам жасау;

кешірім жасау - кішіпейіл болу;

кешірім жасау - қателікті мойындау;

кешірім жасау - өзара түсінісу;

кешірім жасау - ренішті ұмыта білу.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.
Оқушылар тапсырманы дәптерлерінде орындайды. Орындап біткен соң жария етеді.

Тапсырма

«Досым көп болсын десең...» тақырыбында өз ойларыңды жазыңдар.

Жүректен жүрекке

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрады, Қ. Толыбаевтың сөзіне жазылган И. Нусіпбаевтың әнін бірге айтуға шақырады. Сабақты жағымды көңіл күй қалыптастыратын оқушылардың бір- біріне жақсы тілек айтуымен де қорытындылауға болады.

Күн күледі

Сөзін жазған Қ. Толыбаев Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Қызғалдақтар қырда тұнып,

Жайқалады ырғатылып.

Анамыздай мейірлі Күн

Аймалайды шыңда тұрып.

Жалбыр шашы - гүл жібегі,

Жайнаң қағып Күн күледі.

Кешке дейін бізбен бірге,

Күлім қағып бір жүреді.

Қайырмысы: Ала таңнан оянамыз,

Күнмен бірге қуанып.

Біз ауылға ораламыз,

Құшақ-құшақ гүл алып.



Қайырмасы:

Алау оты шоқтай жайнап,

Бетімізден өбеді.

Шапқылайды алақайлап,

Бізді жақсы көреді.

Үйге:
Тексерілді: Досманова А.И.


Келісіп пішкен тон - келте болмас. Мақал

Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:

13-сабақ

Сабақ тақырыбы: Келісім түбі - жарастық

Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік кұндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Білімділік: келісім, жарастық туралы түсінік беру;

2.Дамытушылық: достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

3.Тәрбиелік: өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі қүралдар: оқулық, дәптер, бірдей етіп қиылған таспа кесінділері.



Шаттық шеңбері

Шаттық шеңберінде мұғалім оқушылармен амандасып, С. Молдасанұлының сөзіне жазылған Ф. Жолдасованың «Бала тілегі» әнімен сабақты бастауды ұсынады.

Әңгімелесу



Мұғалім оқушылардың келісім, жарастық туралы 1- сыныптан алған білімдерін еске түсіріп, олардың ұжымдық көзқарасын қалыптастыру, жетістіктерге жету үшін бірлесіп еңбектенудің қажеттілігін ұғындыру мақсатында төмендегі сұрақтар арқылы әңгімелесу жүргізеді.

Сыныптастарыңмен ренжісіп қалған кездерің болды ма?

Қалай татуластыңдар?

Өзгелердің пікірімен келіспеген жағдайда не істер едің?

Келісімге келу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Мұғалім оқушылардың басқа адамның пікірімен келіспеген жағдайда не істеуге болатынын талдап, өз ойларын ортаға салып, түйін жасауына көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс



Мұғалім сабақ тақырыбының мәнін түсіндіру үшін өсиет әңгімені айтып береді және оқушыларға сұрақ қойып, олардың жауаптарын тыңдайды. Немесе оқушылардың өздеріне кезекпен мәнерлеп оқытуына да болады.

Өсиет әңгіме

Адам, Ат, Ит қандай келісімге келді?

Жапалақ неліктен жалғыз қалды?

Келісімде, жарастықта өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсындар?



Балалардың жауаптары.

Мұғалім мәтіндегі «Кеңесіп пішкен тон келте болмас», - деген мақалға мән беріп, оқушылардың жауаптарын түйіндейді. Келісімді, достықты түсіндіру үшін төмендегі бағытта әңгімелеуі мүмкін:

- Міне, балалар, достыкқа, ынтымақтасып өмір сүруге келісімін


бермеген Жапалақтың өмірі жалғыздықпен өтіп жатыр. Ал дос-
тықтары жараскан Адамның, Аттың, Иттін бірлігі келісіп, бірге
тату-тәтті өмір сүруге ұласты.

Өзіммен-өзім



Достықтың мәнін тереңірек түсіну мен оны сезіну мақсатында релаксациялыц тәсіл ұымдастырылады.

- Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Алақанмен тосып алған достық шуағының жылуын
сезінейік. Өзіміздің қолымызбен жасаған достық нұры мәңгі
жүрегімізде қалуы үшін жарастықты, татулықты жақтайық,
әрқашан бірлікте, сьійластьіқпен өмір сүрейік, деп іштей қайталай-
мыз. Соның дәлеліндей әркім өзінің қасындағы парталасының колын
алып, ешқашан ренжіспеуге келісім береді Осылайша жарасымды
жұп болып отырғанымызды сырттай карап отырған Жапалақ та
достықтың не екенін енді түсінді. Ол өзінің ескі достарына қайта
айналып барып, кешірім сұрады. Адам, Ит, Ат Жапалақты кешірді.
Оған жақсы дос табуына тілектес болды. Біз де олардың кешірімді
болғандарына риза боп отырмыз. Осындай ризашылықпен бұрын-
ғы калпымызға келеміз.

Жаңа ақпарат



Жаңа ақпарат бірін-бірі толықтыратын екі ойдан тұрады. Біріншісі адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі, екіншісі - олардың қуанышқа, шаттыққа бөленуі.

Адамдардың бір-бірімен өзара тіл табысуы, түсінісуі, ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа, шаттыққа бөлейді.

Сергіту сәті

Оқушылардың достық қарым-қатынастарың дамыту мен денесін сергіту мақсатында сергіту сәті ұымдастырылады.

Достығы жарасқан, (Оң қолын оң жаққа созады.)

Сыйлы біз баламыз. (Оң қолын түсірмей сол қолын сол

жаққа созады.)

Келісіп бәрімен, (Бір- бірін көрсетеді.)

Татулық табамыз. (Өзін көрсетеді.)

Бәріміз бір болсақ, (Бәрі қол ұстасады.)

Бәрін де жеңеміз.

Күндей боп күлімдеп, (Қолдарын жоғары көтереді.)

Таудай боп өсеміз! (Қолдарынжоғары ұстаған күйінде біріктіреді.)

Дәптермен жұмыс



Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Орындап біткен соң жария етеді.

Тапсырма


Берілген ойлардың қайсысымен келісесіңдер? Неліктен?

Сыныпта тату болу.

Сабақты жақсы оқу.

Бірін-бірі тыңдамау.

Мұғалімді сыйлау.

Сыныптағы заттарды күту.

Оқулықтарға күтіммен қарау.

Келіскен уақытқа кешігу.

Жүректен жүрекке

Мұғалім бірлік пен татулық тек келісім мен жарастықта және адам өмірінде кездесетін кейбір жағымсыз жағдайлар: ерегісу, есептесу, дау-дамайдың зиянын ұғындыру үшін оқулықта ұсынылған «Келісім мен жарастық» өлеңінен үзінді оқумен сабақты қорытындылауына болады.

Келісім мен жарастық

Ерегісіп, есептесіп тұрмадык,

Дау-дамайға мойнымызды бұрмадық.

Бірлік пенен татулыққа кенелткен,

Келісім мен жарастықты жырладық.
Үйге:
Тексерілді: Досманова А.И.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет