Сабақ Пәні: Өзін өзі тану Тақырып: Оқуға құштарлық


Сынып: 2 Пәні: Өзін – өзі тану



бет2/7
Дата27.12.2016
өлшемі1,37 Mb.
#6108
1   2   3   4   5   6   7

Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:

14-сабақ

Сабақ тақырыбы: Келісім түбі – жарастық.

Мақсаты: «Достық», «сыйластық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: келісім, жарастық туралы түсінік беру;

Дамытушылық: достыққа бейімділік сапаларын дамыту;

Тәрбиелік: өзара татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдары: оқулық, дәптер, Күн шапағының сұлбасы.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып тұрып, бәрі бірге ән шырқайды.

Достық

Сөзін жазған Е. Елубаев

Әнін жазған И. Нүсіпбаев

Ортақ мекен жер шары,

Ортақ бізге бір Отан,

Төбемізде бір аспан.

Ортақ жердің; байлығы.

Барлық ұлттың баласы

Еңбек ортақ, жыр ортақ,

Достығымыз жарасқан.

Ортақ бізге барлығы.



Жағдаяттармен жұмыс

Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін оқиғалармен ұштастыру мақсатында мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт береді. Әр жағдаятты сұрақ бойынша талдайды.

Жағдаяттарды шешіңдер:

Тілек Бекарысты байқамай кағып кетті...

Абзал мен Ғазиз ойыншыққа таласып калды...

Тар көпір үстінде екі лақ кездесіп калды...

Осындай жағдайларда өзара түсінісу үшін не істеуге болады?

Мәтінмен жұмыс

Оқушылардың жауаптарын түйіндеу сондай-ақ олардың дос­тық туралы пікірлерін білу мақсатында мұғалім төмендегі мәтінді айтып береді және ұсынылған сұрақтарға оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Піл мен Маймыл Халық ертегісі

Піл мен Маймыл ортақ келісімге қалай кол жеткізді?

Өзара тіл табысу қандай сезімдерге бөлейді?

Қандай көңіл күйде боласындар?



Дәйексөз

Оқушылардың релаксациялық тәсілден алған әсерлері мен ол туралы ойлары дәйексөз мәнінің түсіндірілуімен бекітіледі.

Мұғалім тақтаға «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақалды жазып қояды. Дөйексөзді талдау кезінде мұғалім балалардың жауаптарын келесі бағытта толықтыруы мүмкін:

- Адамдар бір-бірімен келісіп, ақылдасып атқарған істің нәтижесі


де жемісті болады. Әр түрлі пікірлерден соң ортақ дүрыс шешімге
келу адамдардың бір-бірін құрметтеуіне, сыйласуына, достасуына
жағдай жасайды. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген осы.

Мұғалім балаларға дәптердің соңында берілген «Менің дөйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбыкөрсетілген бетке осы дәйексөзді жазуға кеңес береді.

Назар аударыңдар

Оқулықта Алпамыс пен Махаббаттың кеңестеріне «Назар аударыңдар» айдарымен берілген негізгі ойлармен қорытындылау оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекітіп, жинақтайды.

Келісім:

басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға көмектеседі;

адамдарды бір-бірін жете тани білуге үйретеді;

басқалардың көңіл күйін сезіне білуге ықпал етпеді.


Мұғалім бұл әдісті тиімді қолдану арқылы балалардың


келісімге келудің маңызын терең түсінуіне көмектеседі.

Жаттығу. «Достық нұры»

Оқушылардың татулық, келісім туралы ойларын бекіту үшін жаттығу орындалады.

- Балалар арасында ренжіскен сәттерде бірін-бірі түсінбей қалып,
сол уақытта келісімге келгісі келмесе де, уакыт өткен соң түсініп,
өкініп жататындары да болады. Ал біз сондай көңілсіз сәттерді бол-
дырмау үшін бір-бірімізді түсінуге тырысамыз, түсінісу үшін қан­
дай қарым-қатынаста болу кажеттігін білеміз. Қанеки, өзімізді
тексеріп көрейікші. Қазір мен тақтаға достықтың шапағын ілемін.
Ал бұл шапақтан жан-жаққа шуақ шашылуы үшін берілген сөздерді
ашып оқып, «нұр таратамыз». Әр қағазда шыдамдылық, татулық,
бірлік, балалар әрбір қағаз орамын ашып, ішінде жазылған сөзді оқиды, тақтаға жапсырады. Сонда тақтада шуақ шашқан күн пайда болады.

- Осы шуаққа алақан тосып, нұрын сезінейік. Айтылған қаси-
еттер бойымызда болып, аталған әрекеттерді жасай алсақ, бір-
бірімізбен келісіп, жарастықта бола аламыз.

Дәптермен жұмыс

Сабақта айтылған негізгі ойларды бекіту үшін тапсырма беріледі.

- Балалар, «Уәде» әңгімесіндегі Асан мен Жомарттың қателігі
неде деп ойлайсыңдар? Дәптерде «Достық хат» айдарымен берілген
бос жолақтарға Асан мен Жомартқа ақыл айтып, достық хат жа-
зыңдар.

Жүректен жүрекке

Мұғалім мына мазмұнда қорытынды сөз айтуы мүмкін:

- Балалар, бүгінгі сабақта бір-бірімізбен ренжіспей келісімге
келу, бір-бірімізге шыдамдылық таныту - жарастықтың, достық-
тың белгісі екендігін түсіндік. Сендердің де барлық уакытта бір-
біріңді тыңдап, бірің-біріңмен келісіп, достықтарың жарасып тұра-
тындығына мен сенемін.

Мұғалім айтқан өлең жолдарын оқушылар қайталап отырады:

Ізгі тілек

М. Әлімбаев

Көк аспанда күн күлсін,

Ұл колында ту жүрсін.

Бірге күлсін бүлдіршін.

Қыз қолында гүл жүрсін.

Көк аспанда күн күлсін,

Көк аспанда күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын.

Бірге жүрсін бүлдіршін.
Көк аспанда күн күлсін,

Әлеует

Уәде

М. Қалдыбаев

Асан неліктен уәдеде тұрмады?

Асанның орнында болғанда сендер не істер едіңдер?

Осы әңгіменің қалай аяқталуын калар едіңдер?

Өз ойларыңмен әңгімені аяқтаңдар.

Үйге:

Тексерілді: Досманова А.И.

Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:

Сабақ тақырыбы: Күш бірлікте

Мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік кұндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

бірлік туралы түсінік беру;

көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелцеу.



Көрнекі құралдар: Достық туы, қайық, «Достық аралы» дель­фин, өзен, лақ, құмырсқа илеуі, дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Мұғалім өз қалауына байланысты сабақты саяхат түрінде өткізуіне және мынадай сөздермен бастауына болады:

- Балалар, сендер білесіңдер ме, мөлдіреген көк теңіздің орта­


сында «Достық аралы» бар. Мәңгілік желбіреп тұратын «Достық
туын» көруге елдің түкпір-түкпірінен балалар Аралға барып қай-
тады. Ондағы «Таңбалы тасқа» өздерінің тілектерін жазады. Біз де
біздің бүгінгі «Күш бірлікте» атты сабағымызда «Достық аралына»
барып қайтайық. Саяхатымызды әнмен бастайық.

«Елімізді сүйеміз» әні үнтаспадан естіледі, балалар бірге қосылып айтады.

Елімізді сүйеміз

Сөзін жазған Қ. Мырза Әли Әнін жазған Д. Ботбаев

Оқушылардың достық қарым-қатынастары мен достық сезімдерін арттыру мақсатында релаксациялық тәсіл жүргізіледі.

Теңіз толқындарының, қарсы ескен самалдың дыбыстары үнтаспадан естіледі.

Сергіту сәті

Мұғалім саяхатты әрі қарай жалғастыратынын айтады.

- Балалар, міне тапсырманы дұрыс орындау арқылы лақтың да


судан өтуіне көмектестік (мұғалім тақтаға лақтың өзеннен өткендегі
суретін іледі).
Енді мөлдіреген көк теңіздің; де жағалауына (суреті
тақтаға ілінеді)
жеттік. Теңіз жағалауында бойымызды сергітіп
алайық.

Мұғалім оқушыларды бірлесе еңбек етуге баулу ушін ойын-жаттығу ұйымдастырады. Оны сұрақ беру арқылы бастайды:

«Достық аралына» жету үшін бізге не қажет? Балалардың жауаптары.

Әрине, теңізбен жүзіп баратын қайық қажет.

Ойын-жаттығу. «Қайық жасап алайық»

Ойынның шарты: Мүғалімнің алдында қайық бөліктері (қағаздан жасалған) жатады. Осы бөліктердің артқы бетіне тапсырма жазылған. Тапсырмаларды орындау арқылы-қайықты құрастыру керек.

Тапсырмалар:

- Сыныпта қандай жұмыстарды бірлесе атқаруға болады?

Егер сыныптағы қыздар екі топқа бөлініп жүрсе, олардың, бірге жүруі үшін сендер қандай әрекеттер жасар едіңдер?

Айдос пен Жандосты сыныптас құрбылары араларына коспайды. Сендер көпшіл болсаңдар оларды қалай қосар едіңдер?



Тапсырма орындалып біткен соң қайық бөліктері бір-біріне жабыстырылады балалар, ыңғайланып отырады.

Мәтінмен жұмыс

Қорыту:
Тексерілді: Досманова А.И.

Сынып: 2

Пәні: Өзін – өзі тану.

Өткізілген күні:

Күш бірлікте



Мақсаты: «Бірлік» ұғымының адамгершілік кұндылығы ретінде мәнін ашу және «достық» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

бірлік туралы түсінік беру;

көпшіл болу іскерліктерін дамыту;

бір-біріне көмектесуге, бірлесіп еңбек етуге тәрбиелеу;



Көрнекі құралдар: Достық туы, қайық, «Достық аралы» дель­фин, өзен, лақ, құмырсқа илеуі, дәу қара тас, «Таңбалы тас» суреттері.

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Қол ұстасып Ф. Оңғарсынованың «Тату доспыз бәріміз» өлеңін мұғаліммен бірге айтады.

Тату доспыз бәріміз

Ф. Оңғарсынова

Тапсырма


Мұғалім өткен сабақтағы ойды түйіндеу мақсатында оқушыларға тапсырма беруіне болады.

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мақал-мәтелдерді аяқтаңдар.

Ынтымақ түбі -....

Бірлік, ынтымақ - байлық, ... . 3.... табылмас бақыт. Қажетті сездер: береке, бақ, татулық.



Жаңа ақпарат

Оқу ақпаратын мұғалім өзі оқиды.

Оқушылардың адамдар арасында бірлік, ынтымақ, татулық туралы өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға негіз болады.

Адамдар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізуге болады.

Сахналау

Дәйексөз


Жағдаяттармен жұмыс

Сабақ барысында айтылған ойларды өмірде кездесетін

оқиғалармен ұйымдастыру мақсатында мұғалім оқулықта берілген суреттерге қарап, балалардың жағдаяттармен жұмыс істеуіне бағыт береді. Әр жагдаятты. сурақ бойынша талдайды.

Назар аударыңдар



Мұғалім оқулықта «Назар аударыңдар» айдарымен берілген негізгі ойлармен бүгінгі сабақтан алған білімдерін бекітіп, қорытындылауға көмектеседі.

Дәптермен жұмыс



Сабақтағы негізгі тапсырмасын орындау барысында пысықтала түседі.

Жүректен жүрекке

Үйге:

Тексерілді: Досманова А.И.

Тақырыбы: Текті білу тегін емес

Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл. Халық даналығы



Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  1. Ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;

  2. Ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

  3. Ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Үнтаспадан естілген әнге қосылып айтады.

Келші, келші, балашым

Сөзін жазған Қ.Ыдырысов

Әнін жазған Е. Хасанғалиев

Әңімелесу

Мұғалім сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушылармен әңгімелесу жүргізеді. Осы мақсатта төмендегідей әңгімелесу сұрақтары беріледі:

Өз аталарың туралы не білесіңдер?

Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?

Жеті атанды айта аласың ба?



Балалар өз аталары және нағашы аталары туралы біле-

тіндерін айтады. Мұғалім балалардың жауаптарын тыңдап, өзі түйіндейді.

Мәтінмен жұмыс

Сабақта оқушыларға Ж. Дәуренбековтің «Арулан» атты әңгімесін оқу ұсынылады. Оқушылар мәтінмен танысқан соң, оның мазмұны бойынша әңімелеседі.

Мұғалім әңгімеде айтылған Аруланның отбасындағы тәлім-тәрбиесіне оқушылардың назарын аударады. Аруланның тәтті қылығы, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық өздерін де, айналасындағы адамдарды да қуанышқа бөлейтіні айтылады.

Оқушылар мәтін бойынша берілген мына сұрақтарға жауап береді:

Арулан қандай бала? Аружан ше?

Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?

Тапсырма

Балаларға туған-туыстарымен, жақындарымен қауышқан кезде қандай сезім- күйге бөленетіндерін ортаға салып айту үшін «Өз отбасыңдағы қуанышты кездесулер» туралы айту тапсырылады. Тапсырма бойынша балалар ата-әжелері, нағашылары, жиендері, ағайын-туысқандары, туғандарымен қуанышты кездесулерін естеріне түсіріп, айтып береді.

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім оқушыларға өз отбастарында қалыптасқан тәлім-тәрбие, дәстүрге сүйене отырып, «Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеуді тапсырады. Балалар құрастырған фотоальбомдарын сыныпта көрсетіп, ол туралы әңгімелеп береді.

Жаңа ақпарат

Сабақта оқушылардың игерген білім-біліктерін бекіту мақсатында оқу ақпараты беріледі. Мұғалім балаларды оқу ақпаратымен таныстырады: «Адамның жақсы қасиеттерінің бірі өз отбасын құрметтеу. Отбасы мүшелері бірін-бірі сыйлап, қам-қорлық жасайды». Балалар оқу ақпаратына сәйкес отбасын­дағы сүйіспеншілік, құрмет, қамқорлық, өзара сыйластық, өзара көмек, дәстүр жалғастығы, ата-баба өнеге-өсиеті жайында өз ой- пікірлерін қосымша айтып береді.

Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Орындап біткен соң жария етеді. Тапсырманы қарындашпен орындау тапсырылады. Оқушылар қате жіберген жағдайда түзетіледі.

Тапсырма:

«Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.



1. Әкеңнің шешесі...

Атаңа сен кім боласың?

Әкеңнің әкесі...

Сенен кейінгі туысың ...

Сенен үлкен туысың ...

Алтыншы ата ...

Сені дүниеге әкелген жан ...

Шешуі: әже, немере, ата, іні, аға, ана.

Жүректен жүрекке

Сабақ соңында оқушылар ата-бабасына деген құрметтерін өлең арқылы білдіреді.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім өлең жолдарын ай­тады, оқушылар қайталайды:

Ата, бізге келіңіз!

Ә. Табылдиев Ата, бізге келіңіз!

Дайын Сізге төріміз!

Өстігі бізге күлімдеп:

«Өс, жарығым - күнім», - деп

Күнде бата беріңіз!

Жүзіңізден әртаймай,

Жүз жасаңыз картаймай!

Тақырыбы: Текті білу тегін емес

Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;

ата тегін білуге деген қызығушылықтарын арттыру;

ата тегін қастерлеуге тәрбиелеу.



Көрнекі құралдар: үнтаспа, бәйтерек суреті, оқулық, дәптер.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір-бірімен сәлемдеседі.

Ә. Тәшбаевтың «Атадан ақыл аламыз» өленін қосылып айтады.

Мәтінмен жұмыс

Е. Өтетілеуовтің «Текті білу тегін емес» атты өлеңі оқушылардың білімдерін толықтыра түседі. Оқушылар өлеңді түсініп оқиды. Мұғалім балаларға былайша түсіндіруіне болады:

- Қазақ халқында жеті атаға дейін тегін білу тиістігі өнегелі


дәстүрге айналған. Бүл дәстүр бойынша әрбір әке өзінің баласына
ата тегін таныстырып отырады. Ал бала оны түсініп, біліп қана қой-
май, өзі әке болғанда өзінің балаларына таныстырады. Осыны өзінің
балаларына жеткізу үшін әрбір бала өз ата тегін жақсы біліп алуға
тырысады. Сол себепті ата-бабаларымыздан «Жеті атасын білмеген
жетесіз» - деген мақал күні бүгінге дейін жеткен. Жеті ата - ата,
әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Олардың бір-бірінен
қалай таралатындығын мына өлең арқылы оқып, түсінеміз.

Оқушылар мына сұраққа жауап береді:

• «Жеті ата» дегенді қалай түсінесіңдер?



Тапсырма

«Данышпан ата тілегінің мағынасын түсіндіріп беріңдер» деген тапсырма беріледі.

Оқушылар тапсырманы топқа бөлініп орындауларына болады.

Бірінші топқа: «Атаның ғана баласы болма, адамның баласы бол»

Екінші топқа: «Балаларымыз куаныш әкелсін,

Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.

Үшінші топқа: «Қыздарымыз есті болсын, Ұлдарымыз сесті болсын» деген халық мақалының мағынасын түсіндіріп беру тапсырылады.



Ойлануға 3 минут уақыт беріледі. Әр топтың оқушылары бірге ойланады. Әр топ өз арасынан жауап беруге бір не екі оқушыны дайындайды. Жауаптарын жария етеді.

Жаңа ақпарат

Оқушыларды өз ата тегін біліп, қастер тұта білуге баулу мақсатында, тегін білген бала жақсы азамат болып өсетінін өнеге ету үшін мынандай оқу ақпараты беріледі.

«Ата тегін біліп, олардың тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі.»



Балалар ақпаратпен танысып, ой түйіндейді.

Назар аударыңдар

Түйіндемеде Алпамыс пен Махаббат ұсынған «Жеті ата» туралы мәлімет беріледі. Балаларға «Жеті атаға» кімдер жататынын естеріне сақтау ескертіледі.

Жеті атаға жататындар:

Ата


Әке

Бала


Немере

Шөбере

Шөпшек


Немене

Мұғалім плакатқа салынған бәйтеректің суретіне әкеден тараған ұрпақтардың аталуын өлең жолдарына сәйкес ретімен ба-лалардың көмегімен жазып шыгады. Атадан - әке, әкеден - бала, баладан - немере, немереден - шөбере, шөбереден - шөпшек, шөпшектен - немене.

Оцушылардың ата тегін білуге деген көзқарастарын байқау мақсатында мынадай сурацтар койылады.

Неліктен текті білу қажет деп ойлайсыңдар?

Сендерге улкендердің ата тектерің туралы айтып, сендер-ден сураган кездері болды ма? Сендер оган қалай жауап бердіңдер?

Балалардың жауаптары тындалады.

Сергіту сөті

Окушылардын, ойын жинактап, бойларын сергіту үшін төмендегідей сергіту сөті өткізіледі.

Біз гүлдерше өсеміз. (Қолдарын жогары көтереді).

Жапырағы жайқалған. (Қцшагын кең ашады).

Сабактары салалы

Желге ырғалып жайкалған. (Оңга, солга цозгалады).

Дөптермен жұмыс

М^галім оцушыларга дәптермен жумысты орындау жолдарын гщсіндіреді.

Оцушылар тпапсырманы дәппгерлеріне орындайды. Орындап бітпкен соң жария етпеді.

1-тапсырма:

Отбасы мүшелерінің туған күндерін естеріңе түсіріңдер. Ашык. жолдарға олардың туған күні мен айын жазыңдар.



2-тпапсырма:

Өз отбасыңдағы мерекенщ жаксы өтуі үтттін төменде берілген іс-өрекет жөне заттардың қайсысы ең бастысы деп ойлайсың? Маңыз-дылығына карай баспалдактарға орналастыр: Көтперіңкі көңіл щй, жацсы тпілек, сыйлық, тәтпті тагамдар, достар.

Дөптерде берілген бүгінгі сабақтың дөйексөзін дөптердің соңын-да берілген «Менің дөйексөздерім» айдарындағы осы тақырып көрсетілген бетке жазу тапсырылады.

Қорытындылау

Мугалім сабацты төмендегі багытта туйіндейді:

- Балалар, ата-бабамыз қыздарын акылды, үлдарын батыр, ер етіп өсіруді мақсат етті. Үрпақтары өдепті де ізетті, бөрін ақылға салып шешетін болса, өмірде бакыттты болатынына сенді. Баланың бакыты - ата-ананың бақыты, үрпағының бакыты. Біздің ең түпкі шықкан тегіміз - адам. «Атаның ғана үлы болма, адамның үлы бол» деген осы. Ал «Өзіңді танығың келсе, тегінді біл» деген, өзіңшң тек кана бақытты болуыңды армандаған, сол үшін өзінің қолынан

келгенінщ барлығын жасаған ата-бабаңды қастерле, оның кім екенін біл, ертең сені де өз үрпағың солай кастерлейді дегенді білдіреді. Әрине біз катан да ата тегімізді білумен қатар, ең түпкі тегіміз адам екенімізді үмытпағанымыз жөн.

Жүректен жүрекке

Сабақты аяцтап, цорытындылау мақсатында щгалім балалар-ды журектен журекісе шеңберіне жинайды. Балалар шеңберде қол ^ста-сып гпурып, «Менәдептпі баламын»әнін унтаспага қосылып айтады.

Мен әдепті баламын



Сөзінжазган У. Бекетов Әнін жазган И. Нцсіпбаев

Мені үлкендер өдепті деп мақтайды, Мінезімнен теріс кылық таппайды. Ал егер сен жалқау болсаң тілазар, Ондай өдет жақсылыкха жатпайды.

Қайырмасы: Айткан тілді аламын, Айтқан жерге барамын, Мен өдепті, мен өдепті баламын!

Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең, Қашанда мен үлкендерге жол берем. Абайсызда калса біреу сүрініп, Сол заматта сүйеніш боп кол берем.



Қайырмасы..

Тілін алып кішінің де көрінің, Көңілінен шығып жүрмін бөрінің. Ата-ананың айткан сөзін тыңдауды, Өдептілік белгісі деп таныдым.



Қайырмасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет