1. Практикалық сабақтың тақырыбы:Микробқа қарсы қорғаныстың арнайы емес механизмдері.
2. Практикалық сабақтың жоспары: 1. Инфекцияға қарсы күреске организмнің арнайы емес анатомиялық-физиологиялық факторлары.
2. Инфекциялық аурулардың патогенезінде организм арнайы қорлар мен күштері.
3. Практикалық сабақтың мақсаты: Организмді инфекциядан қорғауда жедел қабынудың рөлі өте үлкен. Қабыну ұлпаллардың бөтен микробтар мен құрылымдық бұзылуына қарсы жауабы болып табылады.
4. Практикалық сабақтың мазмұны:
1.Инфекцияға қарсы күреске организмнің арнайы емес анатомиялық - физиологиялық факторлары. Инфекцияға қарсы күреске организмнің арнайы емес анатомиялық-физиологиялық факторлары және маманданған иммундық жүйе қатысады. Қоздырғышқа қарсы күресте иммундық жүйе анағұрлым әффективті, бірақ организмнің қарсы тұру қабілеті көптеген арнайы емес факторлар мен механизмдерге байланысты болады (тері- сілемей қабаты, секреттердің бактерицидтік әсері, лизоцим, комплемент т. б.)
Организмді инфекциядан қорғауда жедел қабынудың рөлі өте үлкен. Қабыну ұлпаллардың бөтен микробтар мен құрылымдық бұзылуына қарсы жауабы болып табылатын организмнің өмірлік маңызды қорғаныс механизмі бұл процеске фагоцит, антидене, комплемент қатысады Жедел қабыну реакциясы ұлпалардың бұзылуына кейін бір сағат ішінде дамиды және хроникалық қабынудан әжептеуір айыршашылығы болады .
2. Инфекциялық аурулардың патогенезінде организм арнайы қорлар мен күштері. Инфекциялық аурулардың патогенезінде организм арнайы қорлар мен күштерді ғана пайдаланып қоймай зат алмасудың деңгейін кейбір физилогиялық процестерді де өзгертуге қабілетті. Мысалы көптеген инфекциялық аурулар кезінде дене температурасы артады несеп-тер бөлінуі артады. Бұзылмаған тері мен сілемейлі қабаттар механикалық кедергі ғана емес сонымен қатар көптеген микробтар үшін стерилдейтін факторлар бөледі. Тер және май бездері әртүрлі бактерицидті заттар май қышқылдарын бөледі. Көз алмасының сыртқы қабаты коньюктиваның мұрынның сілеймелі қабатының айқын баръерлік қасиеттері болады.