2. Сүтқоректілердің иммундық жүйесі. Сүт қоректілердің айырша безі тимус сыртынан дәнекер капсуламен қапталған жұп бөлімді мүше. Ол сыртынан капсуламен қапталады, одан шығатын жапырақтар паренхиманы бөліктерге бөледі. Құстарда тимустың бөліктері мойын бөлімінде өңештің екі жағында орналасады. Әр бөліктің қыртыс, милық заттары болады.Сыртқы қыртыс қабықта пісіп жетілмеген бөлінуге ұшырайтын клеткалар лимфобластар орналасады, оларда Т- лимфоциттер түзіледі. Лимфобластарды үлкен алып эпиталды клеткалар күтуші клеткалар қоршап тұрады. Ал мишық қабатта азғантай мөлшерді лимфоциттер көп мөлшерде жұлдыз тәрізді эпителиальды клеткалар мен Гассаль денешіктері болады. Гассаль денешігі деп- ортасында секрет бөлетін клеткаларын мүйізделген эпителиальды клеткалар қоршаған концентрлі жиынтықты айтады. Тимустың қыртыс қабатында сонымен қатар макрофагттар аз мөлшерде микрофагтар (эозинофил, нейтрофил) клеткалары, семіз клеткалар болады.