Тақырып бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беруге баулу. Грамматикалық тақырыпты әртүрлі тапсырмалар арқылы қайталау. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын ұштап, сұраққа толық, жүйелі жауап беруге дағдыландыру. Ауызша, жазбаша тілдерін, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Еңбексүйгіштікке, өзара қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Сөздік қорлары жаңа сөздермен толыға отырып, сауатты сөйлеу, жазу дағдылары, ойлау қабілеттері дамиды. Салыстырып, талдап үйренеді.
Түйінді идеясы
Ауыл адамдары туралы өз ойларын туралы айта білуі. Табиғатқа сүйіспеншіліктерін ояту.
Сілтеме
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар
Дереккөздер, құрал жабдықтар
Сабақ презентациясы, бағдаршам көздері, үлестірмелі материалдар, бағалау парағы, фломастер, ассоциативті карта, «Даналық ағашы»
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс -әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
1.Сәлемдесу, психологиялық ахуал қалыптастыру.Шаттық шеңберін құра отырып, бір –біріне жақсы сөздер айтады.
2.Сұрақтарға жауап ала отырып тілдік ортаға енгізу.
-Сен қай қалада, қай көшеде, нешінші мектепте оқисың?
-ҚР рәміздерін ата
Оқушылар бір- біріне жақсы сөздер айта отырып сәлемдеседі.
Оқушылар сұрақтарға толық жауап береді
Фонетикалық шынықтыру
1.«Адасқан әріптер» ойыны. Шашылған әріптерден сөз құрап, қазақ тіліне тән әріпті тауып, мінездеме береді. Осы сөздер арқылы топтарға бөлінеді.
«өзен», «ұшқыш», «егін»
2. Бағалау парақшаларын түсіндіре отырып, тараттым
3. Осы сөздер төңірегінде «ашық, жабық» сұрақтар қоямын.
-Ұшқыш қайда жұмыс істейді?
-Ұшқыш болу үшін не істеу керек?
-Қазақстанда қандай өзендер бар? Біздің қалада ше?
-Егінді қашан бастаймыз? Көктемде қандай жұмыстар істейміз?
3.Оқушылардың назарын тақтадағы «Даналық ағашына» аударып, «Мен де ағаш ектім. Сабақ соңында осы ағашымыз қалай жапырақ жаятынын көреміз»
Әр оқушы өз ойын айтады, мысал келтіреді.
Осы сөздер арқылы топтарға бөлініп, топ ішінде рөлдерге бөлінеді.
Ұшқыш әуежайда жұмыс істейді. Ұшқыш болу үшін оқу керек. Біздің қалада Бұқтырма, Хамир өзендері бар. Көктемде егін егеді, ағаш отырғызады, ауланы тазалайды. т.б
Үй тапсырмасын тексеру
«Ауылда» сөзіне әр топқа кластер беремін.
Оқып бір- бірін бағдаршам түстері арқылы формативті бағалай отырып, толықтырды.
Жаңа сабаққа ену
Сөйлемдерді тыңдап, алдарыңдағы суретке қарай отырып сабақ тақырыбы ашылды. «Менің атам мен әжем ауылда тұрады.Ауыл қаланың қасында. Ауылда егін егеді, мал бағады.Шешем фермада жұмыс істейді.»
-Ауылда қандай мамандық иелері бар?
-Олар не істейді?
Нені білу керекпіз, нені үйрену керекпіз? Сұрағына оқушылардан жауап алдым. Өзім толықтырдым.
оқиды. Тән әріптерді табады, мінездеме береді. Бір сөзді буынға бөліп, жуан, жіңішкелігін ажыратады. Сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады. «Күн мен түн», Кім шапшаң» ойындары арқылы сөздерді қайталады.