13-апта
Келесі тақырыптар бойынша сабақ презентациясы мен жоспарларын жасау:
Тыныс алу жүйесі
Асқорыту жүйесі
Төмендегі сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап бер:
ҚР білім және ғылым министрінің 2004ж. 24 мамырдағы «Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау мен басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» №454 бұйрығы – оқу орындарының ұстаздарына бір пәннен 5 – ке дейін оқулық пен ОӘК – ні таңдау құқығын берген, тарихи маңызға ие құжат.
Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін, оның ішінде электронды оқулықтарды дайындау және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес әзірленген және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін әзірлеу, басып шығару процесін үйлестіруге бағытталған.
2. Осы Нұсқаулықта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
оқулық - оқу пәні, оның бөлімдері, бөліктері жүйелі түрде мазмұндалатын үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы басылымның түрі ретінде ресми бекітілген оқытуға арналған кітап
оқу-әдістемелік кешен - оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын және оқу бағдарламаларымен көзделген білімді кеңейтуге, тереңдетуге және үздік меңгеруге арналған оқу құралы (хрестоматиялар, оқу-әдістемелік құралдар, анықтамалар, тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары, дидактикалық материалдар, жұмыс дәптерлері, тест материалдары, сөздіктер, сыныптан тыс оқуға арналған қосымша әдебиет және басқалар);
оқу әдебиеті - оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен жиынтығы;
оқу әдебиеттерінің макеті - оқу әдебиеттерінің алдын ала жасалған макеті;
оқу әдебиетінің мониторингі - білім беру ұйымдарында оқу әдебиеттерін пайдалану туралы ақпараттарды өңдеуді, жинауды ұйымдастыру нысаны;
оқу әдебиеттерін әзірлеуші - оқу әдебиеттерін әзірлейтін жеке немесе заңды тұлға.
Ескерту: 2-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 44 , 2006 жылғы 10 шілдедегі N 380 бұйрықтарымен .
2-1. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Ескерту: 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі N 380 бұйрығымен .
Достарыңызбен бөлісу: |