Сабақ реті : Күні: Класс: Пәні: Сабақтың тақырыбы : Ньютон әлемі



бет1/4
Дата04.08.2017
өлшемі3,73 Mb.
#22656
түріСабақ
  1   2   3   4
Факультатив сабақ жоспары

Сабақ реті: Күні: Класс: Пәні:

Сабақтың тақырыбы: Ньютон әлемі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларға И.Ньютон туралы қысқаша мәлімет айтып беру.

Өмірде Ньютон заңдарын қалай қолданамыз?

Күтілетін нәтиже: Ағылшын физигі Ньютон туралы қысқаша өмірбаяннын білу.

Ньютон заңдарын қайда қолдану қажет екендігін түсіну.



Көрнекілігі: ғалымның портреті, бірнеше сурет өміріне қатысты.

Сабақ барысы:

Теория беріледі (презентация түрінде).

Исаак Ньютонағылш. (4 қаңтар 1643 жыл — 31 наурыз 1727) -ағылшын физигіматематигіастрономы, табиғи философыалхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі . Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіләлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізін қалады. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.

Механикада Ньютон импульстың және бұрыштық импульстың сақталу заңын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыстың жылдамдығын зерттеді.

Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.



Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі. Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды. Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Готфрид Вильгельм Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған. 2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан. Шығармашылығы

  • 1687 жылы “Табиғат философиясының математикалық негіздері”

  • 1704 жылы “Оптика”

  • 1672 жылы ″Жарық пен түстің жаңа теориялары”

  • 1684 жылы ″Дененің орбитадағы қозғалысы″

  • 1707 жылы “Әмбебап арифметика”

  • 1728 жылы “ Әлем жүйесі ”.

  • Қызықты мәліметтер:

  • 1643 жылдың 4 ақпанында Англиядағы Линкольншир графстовасындағы Ньютондар отбасында бір сәби дүниеге келді. Сәбидің жетілмей туылғандығы барлық отбасы мүшелерін алаңдатып, оның тірі қалуы күмән тудырған еді. Десе де сәби Исаак тірі қалып, барлық адамзат баласының бақытына орай аман есен өсіп-жетіле берді.

  • Мектеп жасында Исаакта дарындылықтың ешқандай белгісі байқалған жоқ. Оқытылған пәндердің көпшілігінен қанағаттанарлық деген баға алып жүрді. Бұны тек баланың оқытылған пәндерге деген қызығушылығының жоқтығымен ғана түсіндіруге болады. Оның өмірінің кейінгі кездерінде көрсеткен интеллектісіне қарап, тек осындай ғана тұжырым жасауға болады.

  • 1660 жылы өздігінен Кембридж университетінің Тринити-колледжіне оқуға түскенде, ол не-бары он сегіз жаста болатын. Бұл университет сол кезеңдердің өзінде үлкен абыройға ие болып, шамалы адам оқуға түсе алмайтын. Айта кетер нәрсе Исаак өмір сүрген он жетінші ғасырдың ортасында Англияда революция орын  алып, бірінші Карлдың басы шабылып, парламент таралып, ел ішінде бүліктің болып жатқан кез еді. Осыған қарамастан, Англияда университеттер қалыпты жұмыс істеп, баяу болса да ғылым дамып жатты.

  • Осылайша Ньютон 1665 жылы тіл білімдерінің бакалавры атанып, 1668 жылы магистр атағын алып, осы университетке мұғалім болып орналасады. 1669 жылы аты әлемге әйгілі математик әрі оның ұстазы Исаак Барроу оған кафедраны тапсырады. Осы сәттен бастап, 1689 жылға дейін ғалым университетте математика мен оптикадан дәріс оқиды. 

  • Бір қызығы Ньютон жастайынан химияға қызығып, онымен де айналысқан. Бұған себеп болған нәрсе мынау. Грантэмдегі қоғамдық мектепте оқып жүрген кезінде ол дәріханашының үйінде бірге тұрған еді. Осының әсерінен химияға қызығушылғы пайда болып, осы саланы да біраз меңгерген. Дегенмен, Ньютон механикаға көңіл бөліп, сол саланы барынша зерттеуге тырысты. Кейінірек Галилейдің идеясын дамытып, механиканың негізгі теорияларын қалыптастырды. Ол жаңалық әлі күнге дейін мектеп бағдарламасында оқытылып келеді. 

  • Өмірде қолданатын заңдары:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет