Сабақ реті : Күні: Класс: Пәні: Сабақтың тақырыбы : Ньютон әлемі


жылы күзде ол алғаш рет өз телескопын Айға бағыттап



бет4/4
Дата04.08.2017
өлшемі3,73 Mb.
#22656
түріСабақ
1   2   3   4
1609 жылы күзде ол алғаш рет өз телескопын Айға бағыттап, оның бетінің тегіс еместігін, яғни таулары мен аңғарларын айқын көрді. Сөйтіп Ай сол замандағы кейбіреулердің ұйғарымындай теп-тегіс хрусталь шар емес, ол да Жерге ұқсас дүние болып шықты. Телескоптың көмегімен Шолпан планетасының да Ай тәрізді өзінің пішінін, яки фазасын өзгертіп отыратыны байқалды.

  • Бұл құбылысты Николай Коперниктің тұжырымдағанындай, Шолпан жерді айнала қозғалады демей, Күнді айнала қозғалады деп қана түсіндіруге болатын еді. Бәрінен қызықтысы, алып Юпитер планетасы болды. Коперник ілімі бойынша, Жер мен басқа да планеталар Күнді қалай айналса, Юпитердің төрт серігі де Юпитерді солай айналатын болып шықты. Галилей телескоптың көмегімен көптеген басқа да жаңалықтар ашты. Бұлардың бәрі Коперник пен Джордано Бруноның ілімін дәлелдеді. Ол жаңалықтар әлемнің қозғалмайтын кіндігі Жер мен құдіретті құдайлар тұратын «аспан» жайлы шіркеу қабылдаған Аристотель мен Птолемей іліміне соққы болып тиді.

  • Коперник ілімін шіркеудегілер сандырақ, бос сөз деп жариялады, ол ілімді таратқан және қорғаған адамды қатал жаза күтіп тұрды. Бірақ Галилей шіркеулік қараңғылықпен батыл күресіп, Коперник ілімінің дұрыстығын дәлелдей берді. 1633 жылы діншілдер 70 жастағы қарт оқымыстыға сот ұйымдастырып, оны ауыр азаптау арқылы өз көзқарасынан бас тартуға мәжбүр етті. Бірақ оқымыстының өз көзқарасынан бұлай қайтуы сырт көзге ғана еді. Ал шын мағынасында Галилей Коперник ілімінің сенімді жақтаушысы болып кала берді. Ұлы оқымыстыны өмірінің ақырына дейін үй тұтқыны етіп ұстап, әрі оған астрономиядан қандай да бір кітап жариялауға рұқсат етпесе де, ол механика саласынан жаңалыктар ашып, ғылымның дамуына игі әсер етті. Діншілдердің ізіне түсуіне қарамастан, Галилей өзінің ғылыми көзқарасының беріктігін көрсете білді. Кейінірек аңыз шықты, онда Галилей өз пікірінен бас тартқан, Жердің айналатынына сенбейтінін мойындаған болып, тізе бүккен қалпынан тұра беріп: «Дегенмен Жер айналады!» - деп дауыстады делінеді. Бұл аңызда адамның еркін ойын тұншыктыруға болмайтындығы бейнеленеді. Сөйтіп ғылым дінге қарсы бас көтерді және оның шырмауынан босанып шықты. Әлем құпиясын түсіндіру және табиғат заңдарын айқындау үшін ғалымдар алдында жаңа, даңғыл жол ашылды.






  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет