Сабақ реті 4 Cабақтың тақырыбы: жасуша теориясы. Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі37,75 Kb.
#29723
түріСабақ
Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Ш.Қ.Ахметкулова (биология пәнінің мұғалімі)
Күні Пәні Биология. 9 -сынып. Сабақ реті 4
Cабақтың тақырыбы: §3. Жасуша теориясы.

Сабақтың мақсаты:

1.Жасуша теориясының қалыптасуы, негізгі қағидалары, туралы туралы түсінік беру.

2. Жасуша теориясының қағидаларын түсіндіре отырып,олардың ой-өрістерін, дүниетанымдарын дамыту.

3.Өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Күтілетін нәтижелер: -Жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін практикада қолдана отырып, өзін-өзі бағалап, өз жұмысын класстастарының жазғанымен салыстырып, өзін-өзі реттей, бақылай алады.

-Тақырып бойынша білімдерін өзектендіре алады.

-Ойлаудың жоғарғы деңгейіне ұмтылады.

-Сыныптастарымен қарым-қатынастары қалыптасады.

Топтық жұмыс нәтижелері:


  • Бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде оқушылар шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады;

  • Ортақ пікірлерді ортаға салады, түйін жасайды;

  • Әрбір оқушы білімін толықтырады.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, СТО стратегиялары:

  • Ой шақыру;

  • Негізгі идеяларды суреттеу;

  • Ой бөлісу, ортаға салу.

Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар, семантикалық кестесі таратпасы,

  • бағалау парағы.

Пәнаралық байланыс:химия
Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

  1. қадам.

1.Топқа бөлу:

«Жасуша» сөзін буынға бөліп жазамын. Жа-су-ша буынға бөлінген сөздер жазылған қағазды оқушылар алады.

Жа-1-топ, су-2-топ, ша-3 топ болып бөлінеді.

2. Сергіту сәтін жасау ұсынылады.

3. Өздерін бағалау үшін магнитті жапсырма таратылады. Осы магнитті жапсырма арқылы жаңа сабақ тапсырмаларын орындайды.





  1. Алдын ала магнитті жапсырманы таратамын

2. Топтарға бөлінеді.

1-топ, 2-топ, 3-топ

3.Топ жетекшісі анықталады

Сергіту сәтін жасайды.



  1. қадам. Қызығушылығын ояту.

  1. Миға шабуыл

Сұрақтар: 1. Жасуша дегеніміз не?

  1. Жасушалар бірігіп нені түзеді?

  2. Қандай жасуша түрлерін білеміз, қалай аталады?


1. Тақтаға тақырып жазылып қойылады.

2. Тақырып бойынша мақсат анықталады.

3. Әр топқа тақырып бойынша тапсырма беріледі.(3- сұрақпен сұрақты аяқтап, сол арқылы тақырып айқындалып, топтарға тапсырма берледі)



  1. қадам. Мағынаны тану.

Биология оқулығымен жұмыс

  1. Мәтінмен жұмыс беремін.

  2. Суреттер тарату.

  3. Бұрынғы мен жаңа білімді ұштастырады. Белсенділігін арттырады




1. Оқулықпен жұмыс.§3. Жасуша теориясы. 1-топ: Жасуша теориясының қалыптасуы ;

Р.Вирхов ғылымға қандай жаңалық енгізді?

2-топ: М.Шлейден мен Т.Шванның еңбектері қандай ;

3-топ: Жасуша теориясының негізгі қағидасын анықтау;

2.Сурет бойынша баяндау



4 қадам. Ой толғаныс.

  1. Видеоролик көрсетіледі (топтарға тапсырма)

  2. Семантикалық кестесі парақшалары таратылады. Толтыруға нұсқау беріп, уақытты белгілейді.

  1. Көрсетілім бойынша тапсырмаларға жауап береді.

  2. Топтар семантикалық кестесін толтырады

сол бойынша талқылау жұмысын мұғаліммен бірлескен түрде жүргізеді.


5 қадам. Қорытынды.

  1. Бағалау. Рефлексия парағын іледі.

Оқушылар рефлексия жасау мақсатында жазып тақтаға жапсырады.

Зерттеуші ғалымдар, мерзімі, жасуша теорясын жасаудағы еңбектері.



Үйге тапсырма.

  1. §3. Жасуша теориясы. (оқу, мазмұндау)





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет