блицтурнирге арналған сұрақтар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңына қашан қол қойды? (16 желтоқсан 1991 жыл)
Қай мемлекет Қазақстанның Тәуелсіздігін бірінші болып мойындады? (Түркия)
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) қашан кірді? (3 наурыз 1992 жыл)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері? (Ту, елтаңба, әнұран)
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Егеменді Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясын қашан қабылдады? (28 қаңтар 1993 жыл)
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күнін қашан атап өтеміз? (15 қараша)
Мемлекеттік әнұранның авторы кім? (Муз. Шәмші Қалдаяқовтыкі, сөзі Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаевтікі)
Елтаңбадағы шаңырақ бейнесі нені білдіреді? (туған үй, ошақ, әлем)
Қазақстанның қазіргі астанасы? (Астана қ.)
Қазақстандағы ғарыш айлағы ( Байқоңыр қ.)
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қашан қабылданды? (30 тамыз 1995 жыл)
Қазақстан Республикасының Конституциясында неше тарау бар? (ІХ тарау)
Қазақстан Республикасының астанасы Астана қ. болып қашан жарияланды? (10 желтоқсан 1997 жыл)
Қазақстан Республикасы Туының авторы? (Шакен Ниязбеков)
Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторларын атаңыз? (Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.)
6.12.2016 Зайырлылық және дінтану негіздері. 9 «А» сынып
Сабақтың тақырыбы: Христиан дінінің бағыттары (православие, католицизм, протестантизм). Қазіргі заманғы христиан діні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі – христиан діні туралы және оның бағыттары жайлы түсінік қалыптастыру, олардың қазіргі қоғамдағы алар ролімен таныстыру
Дамытушылығы: Оқушыларға түрлі танымдық тапсырмалар бере отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке баули отырып, Отансүйгіш, рухы жоғары азамат етіп тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Әдіс – тәсілдері. СТО, интерактивті. тірек сөздер стратегиясы ,инсерт , үш жақты түсіндірмелі күнделік.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, Қазақстан тарихы, әдебиет
Танысайық: "Тілек айту" . Мұғалім бір шарды алып өзінің тілегін айтып бір оқушыға береді. Ол өз жаңалығын айтады. Оқушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.