Сабақ реті: Сынып: Пән мұғалімі қазақ әдебиеті 17. 02. 16 №65



Дата26.08.2017
өлшемі119,67 Kb.
#28650
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән:

Мерзімі:

Сабақ реті:

Сынып:

Пән мұғалімі

қазақ әдебиеті

17.02.16

№ 65

5 «А»

Койшибекова Н.К


Сабақтың тақырыбы

Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді.

Сабақтың оқу мақсаты

Оқушыларға әңгіменің мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер бейнесін талдауға, мінездеме беруге, пікір айтуға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

-«Қазақ солдаты» романынан алынған үзіндідегі романға негіз болған оқиға өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов (романда ол Қайрош Сарталиев ) және үзіндедегі басқа кейіпкерлерге мінездеме беріп, оқушылар көркем шығарманы талдауға үйренеді ;

-өз бетімен , жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасау барысында шығармашылық, ізденіс дағдысы, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті, қарым-қатынас мәдениеті артады.



Сабақтың әдіс - тәсілдері

СТО әдістері, АКТ, формативті бағалау

Сабақтың көрнекі-құралдары

Стикерлер, флипчарт, бағалау парақтары, доп.




Кезеңдер

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Ынтымақ

тастық -


атмосфера орнату-

3 мин



-Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген. 
Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз, 
Үлгі алсын көрген жан мына бізден. 
Бір-бірімізге күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз.
 

2.Оқушыларды топқа бөлу.Оқушылар кезек-кезек келіп, берілген стикерлерді алады.



- «Адал дос- асыл қазына» деген мақалды суырғандарыңыз бірінші топ, «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деген мақалды суырғандарыңыз екінші топ болады.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, ынтымақтастық атмосфера орнатылады.

1) Стикерлер бойынша оқушылар 2 топқа бөлінеді, топтың ережелерін еске түсіреді, топ көшбасшысы тағайындалады

2) Бағалау парағымен танысады


Білу

(Үй жұмысын тексеру)-

5 мин


«Серпілмелі сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру.

-Оқушылар, біз өткен сабағымызда қандай шығармамен таныстық ?

- Классик жазушыларымыздың бірі 

Ғ. Мүсіреповтың «Жаңа достар»

әңгімесімен таныстық.

-Ғ.Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылыға жайында қандай мәліметтерді білдіңдер?

-Бұл қандай шығарма?

-Шығарма оқиғасы кімнің атынан баяндалады?

-Роман қай кездегі өмірді суреттеп тұр?

Үй тапсырмасы бойынша оқушылар білгендерін, оқығандарын айтады, сұрақтарға жауап береді, және бағалау парағына үй тапсырмасының орындалу деңгейіне қарай белгі қояды.



Түсіну

(жаңа сабақты меңгерту)-

5 мин


Сабақтың мақсатын анықтату.

- Сіздер өткен сабақта жазушы шығармашылығымен танысып, әңгіменің мазмұнын білдіңіздер. Бүгінгі сабағымызда кейіпкерлерге мінездеме беріп, шығарманы талдаймыз./Видеофильм/


Әдебиет теориясы.Пейзаж туралы түсінік беру.

Пейзаж оқиғаның мезгілін,орнын көрсетумен бірге шығармадағы кейіпкерлердің көңіл күйі мен сезімін,

тіршілігін,арманын аңғартуға қызмет етеді.

Көркем әдебиетте адамның сырт бітімін,кескін -келбетін, жүріс-тұрысын суреттеуді портрет деп атайды.

Ұжымдық жұмыс. Шығарманы ең басты-басты мәселелер бойынша бөлімге бөліп, әр бөлімге лайық ат қою.

1. Қайрош қалаға кіммен және неге қашып келеді? Ол кімдерге кездеседі?

2. Бораш пен Шегеннің басынан қандай оқиғалар өткен? 
3. Шеген өзіне достарды қалай таңдайды және Қайрошқа нені міндеттеді?
4. Балалардың таныстығы қалай басталды? 
5. Бораш пен Қайрошқа Шеген қалай көмектеседі?
6. Балалар қай жерді қоныстанған? Қайрош нешеге дейін санай алады?


Видеофильм арқылы оқушылар қосымша мәліметпен танысады. Бұл шығарма жазушының «Қазақ солдаты» романынан алынған үзінді. Романға негіз болған оқиға өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов (романда ол Қайрош Сарталиев деген атпен берілген).

Оқушылар шығармадан Жайық өзені, Каспий теңізі көріністерін тауып оқиды.


Шығармадан Шеген, Бораш, Мария апайлардың портретін тауып оқиды.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере отырып, жоспар құрайды

Қолдану-

10 мин


Топтық жұмыс. Постер құру

-Шығармадағы Қайрош қандай бала?

Қайроштың ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін дәлелдеу.
I топ. Жақтаушы.

II топ. Қарсы топ.Даттаушы



Берілген тақырыптар топ арасында талқыланады, қорытынды ойлары постерге түсіріліп, қорғалады. Бағалау жүргізіліп отырады.

Талдау-10мин


Ұжымдық жұмыс

Кластер құру. Кейіпкерлерге мінездеме. адал Білімге құштар



Қайрош

Ақылды бауырмал

өжет

өнерлі


ақылды Шеген адал


қайырымды


тәртіпті

өнерлі Бораш адал

талапты


Оқушылар кластер құру арқылы кейіпкерлерге мінездеме береді.

- Баяғыда бір жігіт биге келіп: «Мені сынап бер»,- деп келіпті. Сонда би: «Досыңды алып кел, өзіңді сынап берейін»,- депті. Әңгімеде Қайроштан басқа да кейіпкерлер бар. Олар- Қайроштың достары. 
I топ. Бұл кімнің бейнесі?
Ашаң денелі, сұңғақ, күнге күйіп, күрең тартқан дененің бұлшық еттері иіріліп-иіріліп қояды. 
II топ.
Бораш аққұба ғана, қағілез, қыз мінезді бала. Көздері де жаңа туған бұзаудың көзіндей, бар дүниеге таңдана қарайтын сияқты.қуануы да, ренжіп қалуы да оп-оңай. Мөлдір қара көзінен көңілінің түбі көрініп тұрғандай. 

Орындалған жаттығулары

тексеріліп, бағаланады.


Жеке өзіндік жұмыс

Флипчарт арқылы тест орындату.



Оқушылар тест бойынша бағаларын бағалау парақтарына енгізеді.

Жинақтау-

7 минут


Шегеннің үш өсиеті.
-Балалар, осы өтірік айтса не болады?
-Әрине, өтірік айтуға болмайды. «Өтірік өрге бастырмас» деген сөз бар емес пе?
Өтірікшіні ешкім жақсы көрмейді.
-Ал, енді достық деген не? Шын достар қандай болу керек?
- Шын достар- бір-бірі үшін қуанып, бірі үшін мұңая алатын жандар. Егер үнемі қуанып жүрсең, досың үшін шын бақыт.
-«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» деген мақалды қалай түсінесіңдер?

-Алтын қанша қымбат болса да, достықтан артық емес, «Адал дос- асыл қазына» деген.


- Бұл үш өсиет кімнің талабы еді? Әрине, Шегеннің. Шеген өзінің достарына осылай талап қойған еді.

«Кім жылдам?» ойыны.

Шығармадан мақал -мәтелдерді табу.



Әліпті таяқ деп білмейсің

Өлімнен ұят күшті.

Қарға баласын аппағым дейді.

Тұрақты тіркестер: жау жүрек,екі көзі алақандай болу,шегіңді қатыратын, құлағына құйып жатыр

Жер- су атаулары: Гурьев,Каспий,Сарытау,Ақ Жайық

Оқушы допты қағып алып, берілген сұраққа жауап беріп, допты мұғалімге қайтарады.



Бағалау-

3 минут


­­Өзін-өзі бағалау парағы бойынша қорытындылау

Әр оқушы ­­өзін-өзі бағалау парағы бойынша қорытынды бағасын шығарады.

Қорытынды рефлексия, кері байланыс орнату. Стикерлер тарату.

-Шығармадан алған әсерің қандай?

-Шығарма ұнады ма?

-Қандай оқиға өзіңе қатты ұнады?
- Сонымен, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе ?


-Оны білу үшін ойларыңызды мына қағаздарға жазып берсеңіздер. Егер сабақты түсінбедік десеңіздер қызыл бетшелерге, сабақ қызықты өтті десеңіздер сары бетшелерге ойларыңызды жазып беріңіздер. ( бетшелер таратылады)

Үйге тапсырма-

1 мин.


«Менің достарым» деген тақырыпқа эссе жазу.


Өзіндік бағалау парағы
Оқушының аты-жөні_________________________



Критерий

Дескриптор

Ұпай

Баға


  1. Білім көлемін зерделеу




Креативті

3




Ойы жүйелі, тың емес

2

Жалпыға ортақ ой

1

2. Тақырыптың басты идеясын табу Топтағы жұмысы

Қатыстым, тақырыпты аша алдым

3




Қатыстым, тақырыпты толық аша алмадым

2

Мүлде қатыса алмадым

1

3.Іс-тәжірибе жасау дағдысы.

Кластер құру

Қалыптасқан

3




Толық емес

2

Қиын

1

4. Талдау, білімді практикада жүзінде пайдалану деңгейі



Тест 100-95 %

5




Тест 94-75 %

4

Тест 74-50 %

3

Тест 49 % төмен

2

5. Жағдаяттан шыға

білу құзыреті



Толық шықты

3




Қиналды

2

Шыға алмады

1

6. Жалпы ұпайы








7.Өзіндік бағасы








8. Топ көшбасшысының бағасы








9. Мұғалімнің бағасы








10. Қорытынды бағасы









5 «А» сыныбында қазақ әдебиеті пәні бойынша

Н.Койшибекованың өткізілген ашық сабағының

өзіндік талдауы


Сабақтың тақырыбы

Ғ.Мүсірепов «Жаңа достар» («Қазақ солдаты» романынан үзінді)

Сабақтың оқу мақсаты

Оқушыларға әңгіменің мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер бейнесін талдауға, мінездеме беруге, пікір айтуға дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже

-«Қазақ солдаты» романынан алынған үзіндідегі романға негіз болған оқиға өмірде болған Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов (романда ол Қайрош Сарталиев ) және үзіндедегі басқа кейіпкерлерге мінездеме беріп, оқушылар көркем шығарманы талдауға үйренеді ;

-өз бетімен , жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс жасау барысында шығармашылық, ізденіс дағдысы, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті, қарым-қатынас мәдениеті артады.



Сабақтың әдіс - тәсілдері

СТО әдістері, АКТ, формативті бағалау

Сабақтың көрнекі-құралдары

Стикерлер, флипчарт, бағалау парақтары, доп.


Не сәтті болды?


Менің сабағымның стратегиясы сәтті болды. Сабақ Блум таксономиясы бойынша жоғары деңгейде өтті, қойылған оқу мақсаты жүзеге асты, күтілген нәтиже орындалды, қолданылған әдіс- тәсілдер ұтымдылығын көрсетті.

Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, барлық оқушылар сабаққа тартылды. Сабақ барысында өз бетімен , жұппен, топпен, ұжыммен жұмыс және бағалау тиімді ұйымдастырылды.





Не сәтсіз болды?


Флипчарт арқылы тест орындату барысында уақыт тапшылығы орын алды. Тестіге уақытты белгілеп алу қажет екен. Тест тапсырмалары тек интербелсенді тақта арқылы берілгендіктен, оқушылар тест барысында көп бөгеліп қалды. Әр оқушының алдына тест қойылған жағдайда, тестіге уақыт көп жұмсалмас еді.


Нені жақсартуға болады ?


Оқушыларды флипчартпен тест тапсыруға дағдыландыру қажет. Оқушылардың білімін тест арқылы жинақтап, бағалауды практика жүзінде жиі қолдану керек.

Сабаққа қойылған өзіндік баға қандай?

Оқушылардың қорытынды рефлексия бойынша сабаққа «үздік» баға қоюға болады деген қорытындыға келдім.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет