Сабақ Сабақтың тақырыбы : «Қазақ халқының ұлттық киімдері»



Дата25.08.2017
өлшемі52,46 Kb.
#27419
түріСабақ
К. Макпалеев атындағы № 4 жалпы орта білім беру мектебі



(7 – сынып)

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Демежанова Р.Ә.

2011-2012 оқу жылы

7 «Г» сынып 08.12.11

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушыларды қазақ халқының ұлттық киім үлгілерімен, түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық : Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өздігінен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік : Мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу. Киім түрлерімен таныстырып, әсемдік талғамын, қызығушылықтарын арттыру.


Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: рөлдік ойын

Оқыту нысаны: топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: ұлттық киім үлгілерінің суреттері, тапсырмалар.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру.

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа әзірліктерін тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Жаңа тақырып.

Сабақтың тақырыбына шығу үшін, оқушылармен сұрақ-жауап алмасу.

Киімнің қандай түрлері болады? (жыл мезгілдеріне байланысты, ер адамдарға арналған, әйел адамдарға арналған, балаларға арналған киімдер)

Жақында біз қандай мерекені атап өтеміз? (тәуелсіздік күні) Дұрыс, осындай мерекелік іс-шараларда адамдар қандай киімдер киеді? (ұлттық киімдер) - Мына суреттердегі қай ұлттың киімдері деп ойлайсыңдар (қазақ халқының) Дұрыс айтасыңдар, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (қазақтың ұлттық киімдері) Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының ұлттық киімдері». Ал, сабағымызға қандай мақсат қоямыз? (қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысу , олар туралы ақпарат алу, ерекшелігін білу)

Дұрыс, сабағымыздың мақсатына жету үшін, біз бүгін жеке кәсіпкерлік ұжымдарын құрамыз. Әр шағын кәсіпкерлік ұжым ұлттық киім тігумен айналысатын болады. (әр топ өздерін таныстырып өтеді)

1-топ. Біздің шағын кәсіпкерлігіміз «Атамұра» деп аталады. Біз бас киімдерді тігеміз.

2-топ. Біздің шағын кәсіпкерлігіміз «Дәстүр» деп аталады. Біз сырт киімдерді тігеміз.

3-топ. Біздің шағын кәсіпкерлігіміз «Арман» деп аталады. Біз аяқ киімдерді тігеміз.



Жақсы балалар, сендер өздеріңді таныстырып өттіңдер. Енді әр шағын кәсіпкерлік өздері тігетін киім түрлері туралы мәлімет беруі керек. Ал мәлімет беру үшін келесі жұмыстарды атқарамыз. Мен әр топқа мәтін таратып беремін, сол мәтіндер бойынша жаңа сөздермен танысасыңдар. Ол үшін тақтаға назар аударыңдар.

IV. Жаңа сөздермен жұмыс 1. Дұрыс айтуға дағдыландыру. (сөздерді мәнерлеп оқимын, оқушылар дауыстап қайталайды, дәптерге жазып алады) 2. Ауызша сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.

V. Негізгі кезең.

1- кезең. Қазір сендер осы жаңа сөздердің көмегімен алдарыңда жатқан мәтінді түсініп оқып, мазмұнын бір-біріңе айтасыңдар.

Сендер өз мәтіндеріңді оқып, ақпарат алдыңдар. Енді орындарыңнан тұрып бір-біріңмен ақпарат алмасыңдар. Ақпарат алып болсаңдар орындарыңа отырыңдар.

2-кезең. Жақсы, енді сабағымыздың келесі кезеңіне көшейік, ол үшін алдарыңдағы мәтін бойынша келесі топқа сұрақтар дайындаңдар.

Сұрақ-жауап алмасу.Топтар бір біріне сұрақ қояды.

1-топ. «Атамұра» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы. – Бас киімнің түрлерін атаңдар? - Қыздарға арналған тақиялар немен әшекейленеді? - Бөріктің қандай түрлері болады?

2-топ. «Дәстүр» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы. - Сырт киімдерге нелер жатады? - Сыйлы қонаққа не жабады? - Ұлттық киімдерді немен безендіреді?

3-топ. «Арман» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы. - Аяқ киімдерді атаңдар? - Мәсінің етіктен айырмашылығы қандай? - Байпақ неден жасалады?

3-кезең. Балалар сендер ұлттық киім туралы толық мәлімет алдыңдар, сұрақ-жауап алмастыңдар енді шағын әңгіме жазыңдар.

Оқушылар жазған әңгімелерін оқиды.



4-кезең. Грамматикалық тақырып. Балалар біз қандай грамматикалық тақырып өтіп жатырмыз. (Етістіктің райлары) райдың неше түрі бар? Енді алдарыңдағы мәтіннен ашық райда тұрған етістіктерді тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.

5-кезең. Жақсы балалар, енді біраз бой жазып, сергіп алайық ол үшін ойын ойнайық. Ойын «Мақалды жалғастыр» деп аталады.

Топтар бір біріне киім туралы мақалдың басын айтады келесі топ жалғастырады.

Киім жағасымен (жарасады).

Киімің бүтін болса, (өз басыңа күтім болғаны).

Адам көркі - (шүберек).

Киіміне қарап қарсы алады, (ақылына қарап шығарып салады).

Киім пішсең кең піш, (тарылтуың оңай)

Қаңтарда қалпақ (киім болмайды)



6-кезең. Әр шағын кәсіпкерлік өздері тігетін киімдеріне жарнама жасайды.

VI. Қорытындылау кезеңі: Сонымен,балалар бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі қандай? (ою-өрнекпен, асыл тастармен, моншақтармен әшекейленеді, қымбат маталардан, аңдар терісінен тігіледі.)

VII. Бекіту:

Нені білдік? – киім атауларын білдік; ұлттық киімнің ерекшелігін білдік;

Нені үйрендік? - жаңа сөздерді үйрендік.



VIII. Бағалау. Топ жетекшілерінің бағалауы

IX. Үй тапсырмасы. Сабақтың тақырыбына байланысты шағын шығарма жазу.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет