Сабақ. Сабақтың тақырыбы : Қысқы ойындар. Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу



бет13/13
Дата11.11.2022
өлшемі30,76 Kb.
#157697
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
мүсіндеу ұоқ тері

Оқу іс-әрекетін қорыту.
Балалардың мүсіндеген жұмыстарын тексеріп, балалардың өздеріне талдату, бағалату.

32-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.


Қайталау, пысықтау кезеңі, жұмысты қорытындылау.
Оқу іс-әрекетінің түрі: мүсіндеу.
Сабақтың мақсаты: әртүрлі геометриялық фигуралардан адам денесін құрастыру дағдыларын жетілдіру; кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасын, көңіл күйін бере білу.
Керекті құралдар мен материалдар:
Толық түлғасы бейнеленген адамдар суреттері, дайын жұмыстың үлгісі, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
балалар үшін: жұмыс дәптері, ермексаз, тақтайша, кескіш таяқша, қолорамал.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру.
1.Кіріспе әңгіме: балалардан отбасы мүшелері, олардың аты-жөндері , олармен араларындағы қарым-қатынас жөнінде әңгімелеу. Балалардың әңгімелерінен кейін отбасы мүшелерін мүсіндеуді жалғастыратындықтары туралы айту.
2.Түсіндіру: жұмыстың орындалу барысын көрсетіп, әйелдердің денелерін мүсіндеудегі айырмашылықтарды түсінліру.
Әіел адамның мүсіні: Түрлі түсті ермексаз бөліктерін жұмсартып аламыз.
Ақ түсті ермексазды қызыл сары ермексазбен қосып,түсі дене түстес реңге дейін жақсылап илеп, араластыру. Алынған ермексаз домалақтап басын, мұрнын жасап алу, цилиндр пішінінде қолдарын жасау.
Негізгі түсті (көйлектің түсі) ермексаз кесегін бірнеше бөлікке бөліп алу. Үлкен бөлігінен ңилиндр жасау. Цилиндр пішінді ттермексаздың көбірек көлемін бас бармаңтың көмегімен төмен
карай ысырып, конус пішініне келтіру. Бұл кеудесі болады. Қалған бөліктерден жалпақтап, көйлектің жеңдерін жасау. Түсті ермексаздан кішкене цилиндрлер илеп, туфлиін жасау.
Мүсінді толық құрастыру:
кеудесіне басын біріктіру;
басына мұрнын жапсыру;
Кара түсті ермексазды жұмсартып, шаштың түріне келтіріп,басына жапсыру;
кеудесіне қолдарын біріктіріп, дайын жеңдерді орналастыру.
Денесіне аяқтарын, аяқтарына туфлиін біріктіру; киімін әртүрлі тәсілмен безендіруге болады;
тіс шұқығыш шидің көмегімен көзі мен аузын бейнелеу.
3.Өзіндік жұмыс:Балалар жұмыс тәртібімен танысып, мүсіндеу жұмысын орындайды.
Оқу іс-әрекетін қорыту.
Ед жақсы жасалған жұмыстарды және өз қиялдарымен айырмашылығын пайдалана білген балалардың еңбектерін атап , сабақты қорытындылау.

Просмотрено: 53%


  • Скачать материал


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет