Алаш Орда (1917—1920) — Ақпан мен Қазан төңкерістері соң 1917 ж. желтоқсанның 13 құрылған қазақ-қырғыз Алаш автономиясының үкіметі.[1]
.Алаш Орда құрылтайы
1917 ж. желтоқсанның 5—13 Орынборда 2-ші бүкіл қазақ-қырғыз құрылтайы өткізілді.
Құрылтайдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды. Олардың ішіндегі ең негізгілері: қазақ-қырғыз автономиясын жариялау, милиция һәм Ұлт кеңесі (Үкімет) құру мәселелері болды.
Құрылтай делегаттары Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қазақтардың өмір сүруінің өзін күрделендіріп жіберген анархия(тәртіпсіздік) жағдайында елді аман сақтау үшін, «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі берік билік құру, оған «Алаш Орда» деген атау беру (төрағасы Ә. Бөкейханов, Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді), сондай-ақ милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады. Алаш астанасы — Семей (кейін Алаш-қала атауын алды) қаласы еді. Бұл туралы кейіннен Ә. Бөкейханов (1919 ж. ақпанның 11) былай деп мәлімдейді: «съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны болдырмау, өлкеде большевизмнің дамуына (яғни қазақтар үшін жат-таптық жіктелу) жол бермеу мүдделерінен туындады…». Үкімет төрағалығына үш қайраткер — Бөкейханов, Құлманов және Тұрлыбаев ұсынылды. Көп дауыс алған Бөкейханов төраға болып сайланды. А. азамат соғысы жылдарында Кеңес құрылысына жау күштер жағында болды. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен А. үкіметін таратты. Кеңес өкіметі Алаш пен А-ны Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінен аластауда алдау мен арбау әдісін де, қару жұмсап, күштеу жолын да қолданды. Кезінде (1919, 1920 ж.) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды. Сол кезде Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Кезекте бостандықтың жауы — большевизммен күрес тұрды.Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметіне Кеңестерге қарсы жақпен бірігуге тура келді. Өйткені Кеңес үкіметі кеңестік негіздегі автономияларды ғана қолдап, көтермелесе, ал ақтардың Алаш автономиясына көзқарасы басқаша болды. Соңғыларының қолдауына сүйене отырып, қазақ халқы, дәлірек айтқанда Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар тобы белгілі бір деңгейде дербестікке жетуге болады деп санады. Бұл жолдағы күрес оқиғалары төмендегідей өрбіді.Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды
№ 13 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : Бүкілресейлік құрылтай.Ойыл уәлаяты.Түркістан мұхтарияты
Сабақтың мақсаты : Жаңа сабақты түсіндіру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : ой қозғау, жеке шығармашылық жұмыстар
Сабақтың барысы : Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы — 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ресейде қалыптасқан саяси жағдайға байланысты мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін шешу және басқару пішімін айқындау мақсатында шақырылған халық өкілдерінің жиналысы. Оның нақты заңды статусы 2 наурызда Мемлекеттік думаның Уақытша к-ті мен Санкт-Петербург кеңесінің атқару к-ті келісімге келуі нәтижесінде жасалды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына партиялық тізім бойынша 730 делегат белгіленді. Сайлау 17 қыркүйекте өтіп, жиналыс 30 қыркүйекте шақырылатын болды. Бірақ Уақытша үкіметтің 9 тамыздағы шешімімен сайлау 12 қарашаға, ал жиналыстың шақырылуы 28 қарашаға қалдырылды. Ресей империясы көлемінде 73 сайлау округі құрылды. Қазіргі Қазақстан жерінде Жетісу, Сырдария, Орал және Дала сайлау округтері ұйымдастырылды. Қазақ зиялылары Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына үлкен үмітпен қарап, халықты сайлауға әзірлеу жолында қолдан келген мүмкіндіктердің бәрін пайдаланып қалуға тырысты. “Қазақ”, “Бірлік туы”, “Сарыарқа” газеттері арқылы халықты сайлауда ауызбірлік танытуға шақырды. Облысы қазақ к-ттері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халық арасына өз өкілдерін жіберді. 1-жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына на кандидаттар тізімі ұсынылды (қ. Бірінші жалпықазақ съезі). Олар Алаш партиясының атынан тіркелді. Сайлау барысында Алашпартиясы барлық қазақ облыстарында ең көп дауыс алды. Бірақ Қазан төңкерісі нәтижесінде өкімет басына келген кеңестік билік сайлау нәтижелерін мойындамады. 1918 ж. 5 қаңтарда Санкт-Петербургте “Барлық билік Құрылтай жиналысына берілсін!” деген ұранмен көшеге шыққан халыққа большевиктер тарапынан қару қолданылды. 6 қаңтар күні ашылған Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына на қатысуға келген депутаттар күшпен қуылып таратылды. Сөйтіп Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының іске кірісіп, алдына қойған демокр. мақсат-мүдделерді жүзеге асыруына мүмкіндік болмады.
Түркістан мұсылмандарының IV төтенше съезі 1917 жылы 27 карашада Қоқан қаласында ашылды. Оған Түркістан аймағының әр бөлігінен келген 300-дей өкіл қатысты. Мұнда «Түркістан территориялық автономиясы» (Түркістан мұхтарияты) жарияланды және оның Халық кеңесі сайланды. Түркістан автономиясының төрағалығына М.Тынышбаев, министрлер болып Мұстафа Шоқай, Ш.Шахиахметов, А.Қожанов, Ә.Оразайұлы, Х.Ағаев т.б. сайланды. Халық кеңесі төрағалығына С.Лапин бекітілді.
Сабақты бекіту сұрақтары
1. Бүкілресейлік құрылтайдың мәні неде ?
2. Қоқан қаласындағы ашылған съездің тарихи маңызы ?
3. «Түркістан мұхтарияты» ұғымы
№ 14 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : 1918ж 28 қаңтарында Алашорда үкіметі қызметінің басталуы
Сабақтың мақсаты : Алашорда үкіметінің құрылуы жайлы тың мәліметтермен таныстыру, оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдісі :түсіндіру, сұрақ – жауап.
Сабақтың барысы : Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің баска да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұраксыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыкка ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын.Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді.Съезд қазақ автономиясы мәселесі бойынша бірауыздан қаулы қылды:1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Әмудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі — халкы қазақ-қырғыз, халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға;2) қазақ-кырғыз автономиясының жер үстіндегі түгісуы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын;5) қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халыктың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады;6) Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уакытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы 25 болып, 10 орын қазақ-кырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылады. Алашорданың уакытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады.Съезд Алаш автономиясының Алашорда аталған (Алаштың ордасы немесе үкіметі) ұлт кеңесінің құрамын сайлады. Алаш автономиясы үкіметінің, яғни — Алашорданың төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. II Жалпықазақ съезі қырғыз-қазақты бүліншіліктен қорғау үшін... ешбір тоқтаусыз милиция түзу туралы шешім қабылдап, оның Алаш автономиясына кіретін әрбір облыс пен уездегі санын анықтап, оларды соғыс өнеріне үйрету мен қажетті қару және киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады.Бірақ осы шешімді жария ету мәселесіне келгенде пікір алшақтығы байқалды. Ә.Бөкейханов бастаған топ мемлекеттік автономия туралы шешімді қазақ арасында тұрып жаткан орыс қауымының келісімін ала отырып іске асыруды ұсынды. X. Досмұхамедов пен оны қолдаушылар автономия туралы шешімді бірден жария етіп, оны нығайту қамына кірісіп кетуді жақтады. Съезд бұл хабарды Түркістан өлкесі құрамындағы қазақтардың Алаш автономиясы құрамына енуге байланысты пікірін анықтап алған соң барып ресми түрде жария ету жөнінде келісімге тоқтады.Съезд белгілеген — әскер жасақтау, ұлт қазынасын құру, оку-ағарту жүйесін қалыптастыру және баска шаралар ұлттық мемлекеттіктің шаңырағын көтеруге бағытталған әрекеттің көрінісі еді.1917 жылғы II Жалпықазақ съезінде бүкіл қазақ жерін, оның халқын біртұтас мемлекет туы астына жинауға бағытталған батыл қадам жасалынды.Съезд өз жұмысын аяқтаған бетте Алашорда үкіметі Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті жерге жеделхаттар жолдады. Ә.Бөкейханов пен М.Шоқайдың қолдарымен бекітілген бұл хатта «Алаш баласын біріктіріп, өз алдына автономия ету» мақсатында оңтүстік қазақтарының келісімін алу үшін Сырдария облысының съезі шақырылатындығы айтылды. 1918 жылдың қаңтарында Түркістан қаласында өткен съезд Алаш автономиясына қосылу мәселесін үш күн ұдайы талқылаған соң, осындай сын сәтте Сырдария облысының Түркістан автономиясы құрамынан бөлініп кетуі өлке ұлт-азаттық қозғалысына ауыр соққы болып тиерін негізге ала отырып, «1. Сырдария облысы қазіргі уақытта ... әзірше Түркістан автономиясында калады. 2. Алашорда өз алдына автономия иғлан қылып болып, Түркістан автономиясымен союз (одақ) болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге қарар қылады», — деген шешімге келді.
II Жалпықазақ съезі қаулысына сәйкес ұлттық-территориялық Қазақ автономиясы 1918 ж. 28 қаңтарда «Сарыарқа» газеті арқылы ресми түрде жарияланды. Ал, нақты қазақ автономиясы және оның Уақытша Ұлтгық Кеңесі «Алашорданың» іс жүзіндегі көрінісі сол кезде бірден шешілмеді. Е.Сайлаубайдың30 «Семейдегі Алашорда үкіметінің құжаттары мен іс-қағаздары» атты мақаласы Алашорда үкіметі тарихының ғылыми зерттеу арнасын кеңейтуде әрі аталмыш үкіметтің қызметін жан-жақты көрсетуде Семей қаласындағы «Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы қазаіргі заман тарихының құжатнама орталығы» архив қорларында ҚР ШҚО Қазіргі заман құжатнама орталығы. Р-37-қор. 1-тізбе.126-іс. сақталған құжаттар біршама мүмкіндіктер береді26.[№4,45б] Алаш қозғалысы мен Алаш Орда үкіметіне қатысты құжаттар құжатнама орталығындағы Бүкілресейлік Уақытша үкіметтің Семей облыстық басқарушысы (48-қор), Бүкілресейлік Уақытша Үкіметтің Семей уездік басқарушысы (50-қор), Семей уездік земство басқармасы (Р-37-қор), Алаш қалалық қоғамдық басқармасы (Р-133-қор), т.б. қорлардағы істер кездеседі. Аталған мұрағаттық қорларда Алашорда қайраткерлері Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Х.Ғаббасов, т.б. қайраткерлердің қолтаңбалары қойылған іс-қағаздары сақталған. Құжаттарды бірнеше мағыналық топқа бөледі: 1) Алаш әскери ұйымын құру және оны жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси экономикалық қарым-қатынас: 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар;
Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданысы 1918 жылдың маусым айынан басталып, 1919 жылдың қазан айына дейінгі аралықты қамтиды. Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктеріндегі әртүрлі қалыптағы штамптар баспаханалық әдіспен басылған. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым және қазан айларындағы кеңселік іс-қағаздары бланктерінде қойылған.
Сабақты бекіту сұрақтары
Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай ?
ІІ Жалпықазақ съезі жайлы жеке көзқарастарың ?
Алашорда үкіметінің басшысы кім ?
№ 15 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : 1918ж маусым оқиғалары. Қазақстан аймақтарында Кеңес өкіметінің құлатылуы
Сабақтың мақсаты : Қазақстан аймақтарында Кеңес өіметінің құлатылуы жайлы түсіндіру
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі :сұрақ-жауап, миға шабуыл, ауызша баяндау
Сабақтың барысы :
Автономияның елге түсетін салмағының ең ауыры — қазына жинау ісі болды. «Пұл жағынан істі тоқтатпастың жалғыз-ақ шарасы — ақшаны қазір қарызға алу, жұрттан ақша жиналған соң орнына салу. Олай болса Орданьң өзі де, жергілікті комитеттері де қарызға берілетін ақшасы бар жерлерді қарастыру» идеялары да көтерілді. Мұндағы мақсат ұлт қазынасы жиналғанға дейінгі уақытты бос жібермей, ұтымды пайдалану еді.
Алаш жетекшілері Сібір, Самара (Комуч) үкіметтеріне, Уфадиректориясына сенім артып, біртутас мемлекет ретіндс Алаш автономиясын мойындайды деп үміттенді. Соған орай Алаш автономиясын ресми тану жөніндс өтініштер жасап, әр турлі деңгейде көмек беруді сұрайды.
Уфа мемлекеттік мәжілісінен (8 қыркүйек, 1918 ж.) автономияға ұмтылған халықтардың бәрі де үмітті еді, бірақ ол үміттері ақталмады. Уакытша жалпы Ресей үкіметінің 1918 ж. 4 қарашадағы жарлығы бойьшша Алашорда үкіметі таратылып, оның орнына қазақтардың мәдени-тұрмыстық және экономикалык мұқтаждарын қанағаттандыру ісін басқаратын Алаш жөніндегі Бас өкіл тағайывдалды. Мұндай жарлықтар Алашордадан басқа Сібір, Орал, Башқұрт, Самара сияқты облыстық үкіметтер туралы да шықты.
Алашорда үкіметі 2-ші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сөйкес 1918 жылы 11-24 маусымында заңдық күші бар 8 пунктен тұратын қаулы-қарарлар қабылдады. Соған орай Колчак үкіметінің Ішкі істер министрі А.Гатгенбергер Ә.Бөкейхановқа бірнеше рет жеделхаттар жолдап, «Алашорда» шығарған жарлықтарды, жасаған зандарды ала келіңіз,»- дейді. Ә. Бөкейханов қазақ большевиктеріне қарсы нақты күрес жүргізуді назардан тыс қалдырмады. Оның С.Қадырбаевқа жолдаған «қазақтан шыққан большевиктерге еш рақым қылмаңыз» деген жедел хатынан Алашорда үкіметініц ісі қатаң тәртіпке негізделгені байқалады. Қазақ большевиктерінің іс-әрекеттері басқа облыстармен салыстырғанда Семей меи Орал облыстарында басымырақ болды. Солармен күресу мақсатында 1918 жылдың 8 маусымында «большевик заманында Алашқа қастық ойлап, зияншылық қылғандарды тергеуге «военно-полевой сот» ашу жөніңде, одан кейін 1918 ж. 31 шілдесінде «ерекше қазақ соты мен тергеу комиссиясын кұру жөнінде қаулы қабылдайды32. Сарыарқа. 1919.№67.[№5,295-297б.]
Сабақты бекіту сұрақтары
1. Алашорда үкіметінің құлауына себеп болған жағдайлар ?
2.Алашордалықтардың алдарына қойған мақсаттары мен нақты әрекеттеріне сипаттама беріңдер.
№ 16 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : Алашорда үкіметі және оның қызметі (қаулылары,шешімдері,саясаттағы ұстанымдары)
Сабақтың мақсаты : Алашорда үкіметінің құжаттары жайлы жаңа білмдерін қалыптастыру, өзіндік іздене білу қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі :түсіндіру, лекция, баяндау
Сабақтың барысы : Қазақ өлкесінде аса үлкен саяси маңызы алған Алашорда үкіметі туралы Тәуелсіздік жылдарынан бері ғылыми түрде терең зерттеліп жүр. Ол жайлы деректер баспа беттерінде көптеп жарияланып жатыр. Алашорда қозғалысы тарихының деректемелік негіздерінің алғашқы ғылыми жіктелу үлгісі зерттеушілер Д.Аманжолова, К.Нұрпейісов және М.Қойгелдиевтің еңбектерінде көрсетілген.Зерттеуші К.Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» деген еңбегінде деректерді төрт топқа бөліп көрсетеді:
1) 20-30-шы жылдарда жеке жинақтарда жарияланған деректер;
2) 1913-1918 жылдарда қазақ ұлттық баспасөзінде жарық көрген деректер;
3) Қазақстанның, Ресейдің, Америка Құрама Штаттарының, Францияның, Түркияның т.б. елдердің мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған деректер;
4) Алаш қозғалысының Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Халел Досмұхамедов, Мұстафа Шоқайұлы, Мұхаметжан Тынышбаев сияқты жетекші қайраткерлерінің жеке мұрағаттары мен жарияланған еңбектерінде кездесетін деректемелер.
Қазіргі кезде Алашорда қозғалысының қызметін жан-жақты көрсететін құжаттар жинағын жаңа деректер негізінде шығару қажеттігі және оның алынатын көздері туралы айтылуда.
Семей қаласындағы «Қазіргі заман тарихы құжаттамасы орталығының» археографы Л. Қадырова Алаш үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының бланктері әр түрлі сипатта болғанын айтады:
1.Алашорда үкіметі мен Семей облыстық Алашорда комитеті кеңселік іс-қағаздары бланктері түсі ақ, қалың, ал Алаш әскери ұйымы штабы қолданған бланктер сары, жұқа, көлемі жағынан кішірек болып келеді;
2. Алашорда үкіметі мен Семей облыстық Алашорда комитеті бланк қағаздарының көлемі өзгермелі.
3. Бланктерде сол жағында штамптер басылған.
Штамптердегі жазулардың мәтіні қазақ және орыс тілдерінде. Ал құжатқа қойылған мөрлерде қазақ және орыс тілдерінде, арабша төте жазылған жазуларды байқауға болады. Жалпы қойылған мөрлердің түсі, сиясы күлгін, ашық көк болып келген. Алашорда үкіметінің мөрі 1918 жылдың маусым айынан қазан айына дейінгі кеңселік іс-қағаздар бланктеріне қойылған екен, ал Семей облыстық Алашорда комитетінің мөрі 1919 жылдың қыркүйек, қараша айларындағы іс-қағаздарына қойылған. Осы құжаттарға қарап Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының толтырылу мазмұнына сәйкес, осы үкіметтің атқарған қызметтерін көруге болады.
Тағы бір айта кететін мәселе бұл Алашорда үкіметінің ресейлік аймақтық үкіметтермен қарым-қатынас жасауы және үлкен саяси күштермен арасындағы байланысты айқындайтын деректер мұрағат қорынан табылады. Мысалы, Сібір Облыстық Кеңесі (Сібір думасы және Сібір автономиясы атауларымен де белгілі желтоқсан 1917 жыл-қаңтар 1918 жыл), Сібір Уақытша үкіметі («Уақытша Бүкілресейлік үкімет» деп аталған маусым-қазан 1918 жыл), Самара Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитеті
(«Комуч» үкіметі, маусым-тамыз 1918 жыл ), Уфа Директориясы (қыркүйек –қараша 1918 жыл), Колчак үкіметі (қараша 1918 жыл-желтоқсан 1919 жыл) және Кеңес өкіметі (ақпан –маусым 1918 жыл). Сонымен қатар аталған саяси күштердің жергілікті бөлімдерімен арақатынастық сипатын көрсететін де - осы құжаттар.
Алаштанушы азаматтарымыздың бірі Е.Сайлаубай Семей мұрағатында сақталған құнды құжаттарды бірнеше мағыналы топқа бөліп көрсетіп жазады: 1) Алаш әскери ұйымын құру және жабдықтау; 2) Алашорда үкіметінің және жергілікті ісіндегі түрлі саяси күштермен саяси-экономикалық қарым-қатынас (облыстық комиссариат, облыстық басқарушы, облыстық земство, уездік земство, қалалық дума, т.т.); 3) Алашорда үкіметі және Қазақ облыстық соты; 4) Алашорда үкіметінің орталық және жергілікті Колчак үкіметімен арақатынастық байланысын көрсететін құжаттар. Жалпы айтқанда, Алашорда үкіметінің ең елеулі, басты бағытты мақсат-міндеттерінің бірі – ұлттық әскери жасағын (милиция ) құруды іске асырып орындау болды. Осы міндеттің шешілу жолын айқындап, зерттеуге мұрағаттағы құжаттар негіз болады. Сонымен бірге Алашорда үкіметінің кеңселік іс-қағаздарының мөрлері, штамптері басылған құжаттар көптеп саналады. Құжаттарға сүйенсек, Алашорданың кеңселік іс-қағаздарының қолданылуы 1918 жылдың маусым айынан бастап, 1919 жылдың қазан айына дейінгі уақытты қамтиды.
Сабақты бекіту сұрақтары
1.Алашорда үкіметінің қабылдаған қаулылары мен шешімдерінің маңыздылығы.
№ 17 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : Алашорда бөлімдері
Сабақтың мақсаты : Алашорданың шығыс және батыс бөлімдеріне кеңірек тоқтала отырып, оқушылардың білімдерін кеңейту
Сабақтың түрі : лекция сабақ
Сабақтың әдісі : лекция, ауызша баяндау
Сабақтың барысы : Алашорданың Батыс бөлімі, Күнбатыс Алашорда, Батыс Алашорда - XX ғасыр басында Батыс Қазақстан аймағында орнаған ұлттық-мемлекеттік «Алаш автономиясының бір қанаты (немесе құрамдас бөлігі)». 1918 жылы қыркүйекте Уфа Директориясын кұру мәжілісіне Алашорда үкіметі тарапынан 12 делегат қатысты. Олар 11 қыркүйекте автономиялық үкімет төрағасы Әлихан Бөкейхановтың және Халел, Жаһанша Досмұхамедовтер (Орал), Бақтыгерей Құлманов, Уәлитхан Танашев (Бөкей ордасы), Сағындық Досжанов (Орынбор), Есенғали Тұрмұхамедов, Бижан Жанқадамов (Ақтөбе), сондай-ақ Ахмет Бірімжанов (Торғай), Әлімхан Ермеков, Мұхаметжан Тынышбаев (Жетісу) сияқты үкімет мүшелерінің катысуымен төтенше мәжіліс өткізді.Мәжілісте Алаш автономиясының жергілікті басқару жүйесі туралы мәселені талқылап, бұрынғы «Ойыл уәлаяты» Уақытша үкіметін тарату, оның орнына Алашорданың Батыс бөлімін құру туралы шешім шығарды. Ол ресми түрде «Алаш автономиясының батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімше» деп аталды. Оның төрағалығына Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Алашорданың Батыс бөлімінің әкімшілік құзіретіне бұрынғы «Ойыл уәлаятының» жеріне коса Бөкей ордасының, Ақтөбе, Ырғыз уездерінің (Закаспий облысы) аумағы кірді. Яғии Уфа мәжілісінің шешімінен кейін бұрын «облыстық қазақ комитеті», «Ойыл уәлаяты» аталған Күнбатыс Алашорданың жер аумағы 2 есе өсіп, тұрғын халқының жалпы саны 1,5 млн. адамға жетті.[1] Үкімет мүшелерінің біразы Семей маңындағы Алаш қаласы атанған (қазіргі Жаңа Семей) елді мекеніне келіп, өздерін Алашорданың шығыс бөлімі деп жариялады. Үкімет мүшелерінің екінші бөлігі Орал облысындағы Жымпиты қаласына келіп, өздерін Алашорда үкіметінің батыс бөлімі немесе Ойыл уалаяты деп атады. Үкіметтің тағы бір бөлігі Жетісу облысында әрекет етті. Елде азамат соғысы басталған 1918 жылдың жазында Алашорда бастаған күштер және Кеңес өкіметінің соңынан ерген күштер қарама-қарсы жақта қалып, өкімет үшін бір-бірімен ашық күреске шықты. Нәтижесінде азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін таратты. Кезінде (1919, 1920) Кеңес өкіметі Алаш қозғалысына белсене қатысқандардың барлығына кешірім жасағанына қарамастан, олар түгелге дерлік сталиншіл әкімшіл-әміршіл жүйенің құрбандарына айналды.
Сабақты бекіту сұрақтары
1. Алашорданың шығыс бөлімінің орналасу аймағы ?
2. . Алашорданың шығыс бөлімінің орналасу аймағы ?
№ 18 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : Алашорда және Ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде
Сабақтың мақсаты : Алашорда және Ресейлік саяси күштер азаматтық қарсыласу кезеңінде жайлы айтып түсіндіру.
Сабақтың түрі : лекция сабақ
Сабақтың әдісі : түсіндіру, ой қозғау, лекция
Сабақтың барысы : Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстан экономикасын құлдырауға әкеп соқты. Ауыл шаруашылығында өлкедегі егіншілік облыстар бойынша біркелкі дамымады. Ол құнарлы жер көп болған, егіншілікпен оны жақсы меңгерген және орыстың қоныс аударушы шаруаларынан тәжірибе алған халық айналысқан аудандарда бәрінен де жақсы дамыды. Соғыс егін шаруашылығына елеулі өзгерістер енгізді. Ең алдымен, ауыл шаруашылық бақша дақылдарының егіс көлемі ұлғайды.
Ер азаматтарды жаппай майданға алу мал шаруашылығының да құлдырауына әкеп соқты. Ұсақ мал көбірек, ал ірі мал азырақ өсіріле бастады.
Соғыс жылдарында қазақтың мал шаруашылығы бірінші кезекте жайылымдық алаптарды одан әрі тартып алу салдарынан зардап шекті. Бұл мал санының азаюына әсер етті. Қазақтардан тартып алынған жерлерде капиталистік үлгідегі ірі мал өсіретін шаруашылықтар құрыла бастады. Соғыс жылдарында мал санының қысқаруына ауық-ауық өткізіліп тұратын реквизиция да әсер етті. Патша өкіметі соғыс қажеттері үшін жергілікті халықтан түйе, жылқы, сиыр, жинады. Мал санының қысқаруы ең алдымен қазақ халқының армия қажеттері үшін мәжбүрлеу тәртібімен ет беруге болғандығынан орын алды. Сан миллиондық армияның өсе түскен қажеттерін қанағаттандыру мүмкін емес еді. Осының салдарынан соғыс тапсырыстары көбінесе орындалмай қалатын.
№ 19 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : Алашорда және Түркістан байланыстары
Сабақтың мақсаты : ХХғ 17 ж Түркістан мұсылмандары мен алашордалықтар арасындағы байланысының тарихи маңыздылығын ашып көрсету
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : миға шабуыл, ой қозғау, түсіндіру
Сабақтың барысы : 1917 жылы 26-29 қарашада Қоқанда өткен IV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан (Қоқан) автономиясы - Мұхтариаттың құрылғанын жариялады.[4]. Съезде сөйлеген Мұстафа Шоқай былай деп атап көрсетті: «Орталықта болып жатқан жағдайлар шет аймақтарды ұлттық төңкерісті (1917 жылғы Ақпан төңкерісін айтып отыр. - авт.) өздерінің қорғап қалуына мәжбүрлеп отыр. Большевиктердің Қазан қан төгісін бастан өткізген Ресей мен Түркістан өз тағдырларын өздері шешуі керек».[5]. Түркістандағы Алаштың оңтүстік қанатының көсемдері Кеңес өкіметіне қолынан келгенше үш-ақ ай белсенді қарсылык көрсетті. Алаштың Сібір облыстық думасы көлеміндегі сібірлік «автономистерімен» одағы аз уақытка созылды. Алаш қайраткерлері Сібірлік автономистер үкіметінің құрамында Сібір көлемінде қазақтың аумақтық және ұлттық федералдық автономия құру принципін байқап көруді ойластырған еді.
II Бүкілқазақ съезі Түркістанда тұратын қазақтардың Алаш автономиясына қосылуы туралы мәселені Сырдария облысы өкілдерінің съезі шешуге тиіс деген қорытындыға келді. Сырдария қазақтарының съезіне Алашорда тарапынан Б. Құлманов, М. Дулатов және Т. Ибрагимов өкіл етіп жіберілетін болды. Ә. Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай біріге отырып қол қойған құжатта съезді шақыру, бұрын М. Шоқай жариялағанындай 1918 жылғы 10 қаңтарда емес, 5 каңтарға ауыстырылды.
Сабақты бекіту сұрақтары
1. Алашорда мен Түркістан байланыстарының тарихи мәні.
2. Алашорда мен Түркістан автономиясы арасындағы келісімдер.
№ 20 – сабақ
Сабақтың тақырыбы : Алашорданың 1919 ж тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі
Сабақтың мақсаты : Алашорданың Комучпен, Уфа Директориясымен және Колчак үкіметімен саяси қарым – қатынасы жайлы айтып түсіндіру
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |