Сабақ Сабақтың тақырыбы: Адам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады Сабақтың мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі81 Kb.
#5652
түріСабақ
5-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Адам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алады

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларды өздерін табиғаттың және қоғамның бір бөлігі екенін сезінуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: жер бетінде адамдар әртүрлі және оларға тіршілікке қатысты заттың бәрінің ортақ екенін түсіндіру

Тәрбиелік мақсаты: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: суреттер

Қолданылатын әдіс: түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

«Өзім туралы бір ауыз сөз» тіл дамыту жаттығуы. Мысалы: «Мен адаммын. Шашым қара, ұзын, көзім қой көзді, бойым орташа, тәттіні жақсы көремін».

Біз өзіміз туралы айтайық. Жер бетінде өсімдік, жануарлар әлемі бар. Ал жалпы тіршілік атаулының ішіндегі саналысы адам.



Жаңа материалмен жұмыс.

Оқушыларға қойылатын тірек сұрақтаы арқылы әңгіме жүргізіледі.



  • Адам туралы айтыңдар. Оның қандай жақсы және қандай жаман қасиеттері бар?

  • Адам қоршаған әлемге қалай қарайды?

  • Адам өсімдіксіз және жануарларсыз өмір сүре ала ма?

Әңгімеден соң оқушылар мұғалімнің басшылығымен «Адам табиғаттың бір бөлігі» деген түсініктерін қорытындылайды.

  • Адам ауамен тыныс алады, тамақтанады, өседі, ақыл ойы дамиды, ұрпақ қалдырады. Сондықтан адамға да ауа, жарық, жылу, қорек қажет. Енді адам жануардан несімен ерекшеленетіні жөнінде айтайық (адам ойлайды, сөйлейді, еңбек етеді).

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді мұғалім оқиды, сонан соң оқушылар оқиды.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.


  • Адамға қол, аяқ, бас не үшін керек?

  • Олар қандай қызмет атқарады?

Адам мен жануарды салыстыру. «Венн диаграммасын» толтыру.

«Венн диаграммасы»




айырмашылығы
адам жануар


айырмашылығы




ұқсастығы

Қорытынды жасау.

Адам ақылды. Ол табиғатты зерттеп, оны қорғайды. Жер бетінде болып жатқан өзгеріс, жаңалықтардың бәріне жауап береді.

«Білімпаздар үшін» рубрикасы.



  • Біз өзімізге қажеттінің бәрін Жерден аламыз. Бағбан жеміс ағашын өсірсе, егінші егіншілікпен айналысады. Жеміс жидек, дәнді дақыл, көкөністер азық. Адамдар сонымен қатар мал шаруашылығымен айналысады. Қазақ халқы үй жануарларын төрт түлік мал деп атайды. Оларға түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі жатады. Төрт түлік малдың ауыл шаруашылығына тигізер пайдасы мол.

Ұжымдық жұмыс. Ережелер құрастырып, дәптерлеріне жазады.

Өздік жұмыс.



ҮІ. Сабақты қорыту.

Адам ақылды болғандықтан, ол қоршаған әлемде өзін қалай ұстау қажет?



Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Адамның табиғатта өзін ұстауы туралы ереже құрастыр.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

6-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Адам еңбегімен даңқты

Білімділік мақсаты: жаз бен күз мезгілдеріндегі адам еңбегі туралы түсініктерін арттыру

Дамытушылық мақсаты: жер бетінде адамдар әртүрлі және оларға тіршілікке қатысты заттың бәрінің ортақ екенін түсіндіру

Тәрбиелік мақсаты: табиғатты аялай білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Көрнекілігі: «егістік пен бақшадағы еңбек», «бақтағы жұмыс», «ауыл шаруашылық машиналары» атты суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

ІІІ. Психологиялық дайындық.

Сұрақ:

  • Адам не үшін еңбек етеді? (оқушы жауаптары тыңдалады).

  • Енді көзімізді жұмып, бір сәт «Ешкім не жаз мезгілінде, не күз мезгілінде еңбек етпесе, ...» деп ойланып көрейік. Онда не болады? (оқушылардың пікірі тыңдалады).

ІҮ. Пікірталас

«Адам міндетті түрде еңбек ету керек» деген тақырыпта пікірталас ұйымдастыру. Пікірталас барысында оқушылар еңбектің арқасында адамның көп жетістіктерге жететіндігіне көздерін жеткізеді. Адам тамақтанады, киінеді, баспана салады. Еңбек адамды ақылды, мейірімді, қамқор болуға баулиды.

Қорытынды:

Адам төрт мезгілде де еңбек етеді.

Бақ, егістік, бақша, гүлзарларда еңбектенеді.

Көкөністер мен жемістерді өсіреді.

Баспаналарын жөндейді.

Малға азық дайындайды.

Қысқа азық дайындайды.

Табиғатқа қамқорлықпен қарайды.



Оқулықпен жұмыс.

Балалар мәтінді қарындашпен белгілеп отырып оқиды және кестені толтырады. Мәтінді оқу барысында балалар білетіндерін түрту белгісімен, білгісі келетіндерін «?» белгісімен, жаңа ақпаратты «+» таңбасымен белгілейді. Содан кейін кестенің бөліктерін толтырады.



Білемін

Білгім келеді

Не білдім?










Мәтін мазмұны бойынша жұмыс.

  • Адам жаз мезгілінде бақ, бақша, егістік пен саябақтарда қандай еңбек атқарады?

  • Ал күзде ше?

  • Бақшадағы күзгі жұмыс басқа мезгілдегі жұмыстардан қалай ерекшеленеді?

Дәптердегі тапсыманы оқушылар өз беттерімен орындайды., орындай алмай қиналған балалар жұппен немесе оқулықтың көмегімен орындайды.

ҮІ. Сабақты қорыту.

Оқулықта берілген сұрақтарға жауап беру.

Сергіту жаттығуы.

Қорытынды. Еліміздің экономикасының өркендеуі үшін көптеген адамдар ауылда, қалада аянбай еңбек етеді. Сондықтан біз олардың еңбегін құрметтеуіміз керек. Біз де сапалы білім алып, алдағы уақытта Отанымыздың өркендеуіне өз үлесімізді қосамыз.



Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

«Менің бақтағы, бақшадағы, саябақтағы еңбегім» тақырыбына мәтін құрастырып, сурет салып келу.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

7-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сенің еңбегің

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушлардың еңбек туралы алған түсініктерін кеңейту

Дамытушылық мақсаты: еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру

Тәрбиелік мақсаты: еңбексүйгіштікке баулу, адам еңбегін сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Қ. Мырза Әлидің «Өзін пісірген ас тәтті» өлеңі оқылады.

Өлеңнің мазмұны талданады.

ІІІ. Өткен сабақты пысықтау.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Әңгіме жүргізу.



  • Ақын Қ. Мырза Әлидің өлеңі жалпы нені насихаттап отыр?

  • Үйдегі еңбек. Біз де үйде анамызға көмектесеміз: ыдыс жуамыз, үй және есік алдын сыпырамыз, төсек жинаймыз. Еңбек адамды шыңдайды.

  • Адам жастайынан еңбек етуге үйренуі тиіс. Жалқаулық адамды аздырады.

Мәтінмен жұмыс.

Оқулықтағы мәтін оқылады. Оқушылар мәтіннің мазмұнын талдап, «Адам еңбектің арқасында табиғаттың байлағын игеріп, дәулетке кенеледі» деген қорытынды жасайды.

«Еңбек не береді?» сызбасын құрастырады.

Оқулықтағы суретпен жұмыс.

Мамандықтар туралы әңгіме жүргізіледі.

Жаңа сабақты бекіту.

Оқушылар үйде атқаратын жұмыстары туралы, яғни ата аналарына, ересектерге қалай көмек көрсететіндерін айтады.



ҮІ. Сабақты қорыту.

Әрбір адам неге еңбектену керек?



Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді? Сол мамандық туралы оқып, біліп келіңдер.

ҮІІ. Бағалау.

Оқушылардың еңбегін мадақтау.

8-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек. Көкжиектің негізгі және аралық тұстары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларды тұсбағдарды қолдана білуге, жергілікті белгілер бойынша бағытты анықтай білуге үйрету

Дамытушылық мақсаты: байқампаздық пен әуесқойлықтарын дамыту

Тәрбиелік мақсаты: айналадағы қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат. Құрал-жабдықтарын тексеріп шығу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Мұғалімге бұл сабақтарды табиғат аясында өткізген тиімді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет