Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26мин.
|
Мұғалім жыр туралы барлық ақпаратты оқушыларға айтып, таныстырады. Өзара талқылайды.
|
Берілген мәліметті негізге ала отырып, бүгінгі күні онда кімдер
тұратынын картадан көрсетеді.
“«Тұран» - Тұр елі - түркілер елі деген сөз. Иран тайпалары мен Афрасиабтың соғысы Сейхұн (Сырдария) – Жейхун (Әмудария) шегарасында болған.”
|
Дескриптор:
-Картаны пайдаланады.
-Пікір алмасады.
Жалпы - 5 балл
|
Кітап
6-сынып оқулығы
|
Топтық жұмыс
|
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Шумақта қандай көркемдік тәсілдер барын анықтайды.
“Шеңгелін ажал салды ма,
Ер Тұңғаны алды ма,
Сұм дүние артта қалды ма...
Қайғылы жүрек жыртылды-ау.”
|
|