Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»



бет1/3
Дата17.02.2017
өлшемі480,24 Kb.
#9757
түріСабақ
  1   2   3
Сыныбы: 3 сынып  

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық киімдері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды  қазақ  халқының ұлттық киім үлгілерімен, түрлерімен таныстыру…

Тәрбиелік: Киім түрлерімен таныстырып, әсемдік талғамын, қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі:жаңа білім беру  сабағы

Сабақтың түрі:рөлдік ойын

Оқыту нысаны:топпен  жұмыс                                                                    

Сабақтың көрнекілігі: ұлттық киім үлгілерінің суреттері,  тапсырмалар, интерактивті тақта.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, іздендіру.

Сабақтың барысы:

1.  Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа әзірліктерін тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру.                         

3. Жаңа тақырып.

Сабақтың тақырыбына шығу үшін, оқушылармен сұрақ-жауап алмасу.

-Киімнің қандай түрлері болады? (жыл мезгілдеріне байланысты, ер адамдарға арналған, әйел адамдарға арналған, балаларға арналған киімдер)                                                                                                     -Жақында біз қандай мерекені атап өтеміз? (наурыз мейрамы)                                                                    Дұрыс, осындай мерекелік іс-шараларда адамдар қандай киімдер киеді? (ұлттық киімдер)                - Мына суреттердегі қай ұлттың киімдері деп ойлайсыңдар (қазақ халқының)                                         Дұрыс айтасыңдар, сонымен  бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар? (қазақтың халқының

ұлттық киімдері)                                                                                                                                              Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақ халқының ұлттық киімдері». Ал, сабағымызға қандай мақсат қоямыз? (қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлерімен танысу, олар туралы ақпарат алу, ерекшелігін білу)                                                                                                                                           Дұрыс,  сабағымыздың мақсатына жету үшін, біз бүгін жеке кәсіпкерлік ұжымдарын құрамыз. Әр  шағын  кәсіпкерлік  ұжым  ұлттық киім тігумен айналысатын болады. (әр топ өздерін таныстырып өтеді)



1-топ.Біздің шағын кәсіпкерлігіміз «Атамұра» деп  аталады. Біз  бас киімдерді тігеміз.

2-топ. Біздің  шағын кәсіпкерлігіміз «Дәстүр» деп  аталады. Біз  сырт киімдерді тігеміз.

3-топ.  Біздің  шағын кәсіпкерлігіміз «Арман» деп  аталады. Біз  аяқ  киімдерді тігеміз.       

Жақсы балалар, сендер өздеріңді таныстырып өттіңдер. Енді әр шағын кәсіпкерлік өздері  тігетін киім түрлері туралы мәлімет беруі керек. Ал мәлімет  беру үшін келесі жұмыстарды атқарамыз.  Мен әр топқа мәтін таратып беремін. сол мәтіндер бойынша жаңа сөздермен танысасыңдар.                                                                                                                                                                                                                        



4. Негізгі кезең.

1- кезең.   Қазір сендер осы жаңа  сөздердің  көмегімен алдарыңда жатқан мәтінді түсініп оқып, мазмұнын бір-біріңе айтасыңдар.

Әр халықтың өз ырымдары, өз ерекшеліктері сонымен бірге өз ұлттық киімдері де болады. Қазақ халқының киімдері жас шамасына қарай ерекшеленген. Жастар киімі ою-  өрнекті , қызыл –жасылды болса, үлкендер киімінде өрнектер болады.

         Киім- кешек үшін негізінен малдың жүні мен терісі пайдаланылады. Сонымен бірге сән- салтанатқа арнап ерекше құнды материалдан тіктіретін болған. Қазақтың киім-кешектеріне: тақия, бөрік сәукеле, шапан, тон, камзол, бешпент, бүрмелі көйлек, етік т.б жатады.

Камзол-ұлттық киімнің бір түрі. Камзолды көбіне аналар, әжелер қыз балалар киген. Камзолдың белі қыналып жасалған жеңі шолақ, жеңсіз де болады. Камзолдың етегі кең болады.

Бешпент – жеңілдеу тігілген киюге ыңғайлы, көйлектің сыртынан киетін киім. Бешпент негізінен қысқа болып келеді. Бешпентті ұлдарға киюге болады.

         Сырт киімдер: шапан, тон, тұлып, тымақ, етік, саптама етік.

         Сулық киім: шекпен.

         Бір киер: той думанда киетін қымбат материалдан сәнді етіп тігілген        киімдер.

         Ішкі киімдер: көйлек, қамзол, кәзекей.

         Қазақ халқы бас киімді аса қадірлейтін болған. Бұл баскиімдер екіге бөлінеді: Ер адамдарға, әйел адамдарға арналған.

         Ер адамдарға: тақия, бөрік, тымақ, қалпақ.

         Әйел адамдарға: тақия, сәукеле, бөрік, орамал, кимешек.

         Сәукеле ең сәнді, күрделі баскиім. Сәукеле- қалыңдықтың бас киімі. Оны той өткенше киетін болған. Сәукеленің төбесін асыл тастармен, алтын, күміспен әшекейлейтін болған.

         Тымақ пен бөрікті аң терісінен, сеңсеңнен жасап, барқыт пен атласпен тыстаған.

Қазақ халқынын ұлттық киімдерінің көп ғасырлық тарихы бар. Ұлттық киімдер- эстетикалык мәні жағынан да маңызды дайындалған


¥лттық киім-бай тарихи , мәдени мұра, Қазақтың ұлттык киімдері негізінен ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді. Аяқ киімдер таза теріден сәндеп, ою жапсырылып жасалады. Және сәндеу үшін күмістен тағы басқа да асыл тастармен әсемделген. Аяқ киімдер ерлерге арналған саптама етіктер, мәсі мен кебіс және жас ерекшеліктеріне қарай сәнді оюлы етіктер болып бөлінеді. Мәсі –өкшесіз. Жұмсақ аяққа жеңіл киілетін қонышты аяқ киім.

Кебіс—көбінесе былғарыдан тігіліп, қалыпқа қатырылған қонышсыз аяқ киім.


Қазақта, әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса кұрметті қонаққа ат мінгізіп шапан жауып, борік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады.

Тымақ- қазақта тымақтың түрлері көп, соның ең бағалысы түлкі тымақ.Оның маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлк терісі тігіледі де,сырты мақпалмен, пүлішпен не басқа маталармен сырылып тысталады.

Тақия -қазақта тақияның түрі көп.Соның ішінде аса сәндісі,көркем бүлдіршін қыздар киетін үкілі тақия.Ол биіктігі 10-15 см мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, жалпақ төбесіне үкі тағылатын жеңіл бас киім.Айнала жиегіне ою салынып түрлі асыл тастармен комкеріледі. Тақияны барлық адамдарға жас ерекшелігіне қарай


Бөрік-жеткіншектерден бастап,ересек адамдарға дейін киетін бас киім.Ол етегін айналдыра қымбат тері күсіліп, доңгеленген пошымда,тігіледі.Пошымына қарай үкілі, камшат деп бөлінеді.



Қауіпсіздік ережесі:

                   1. Қайшыны ашық тастама.

                   2. Үшкір жағын адамға ұсынба.

                   3. Қағазды үнемде.

                   4. Таза, ұқыпты жұмыс жаса.

                   5. Жұмысыңды болған соң, үстел үстін жина.

         Оқушылар жұмысын жасайды.

IV. Сергіту сәті.

Сендер өз мәтіндеріңді оқып, ақпарат алдыңдар. Енді орындарыңнан тұрып бір-біріңмен ақпарат алмасыңдар.                                                                                     Ақпарат алып болсаңдар орындарыңа отырыңдар.

 2-кезең. Жақсы, енді сабағымыздың келесі кезеңіне көшейік, ол үшін алдарыңдағы  мәтін  бойынша  сұрақтарға жауап бересіңдер.                           

1-топ. «Атамұра» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы.                                                            – Бас киімнің түрлерін атаңдар?                                                                                                -  Қыздарға арналған тақиялар немен әшекейленеді?                                                           -  Бөріктің  қандай түрлері болады?

2-топ. «Шеберлер»  шағын кәсіпкерлігінің сұрағы.                                                                                                                                      — Сырт  киімдерге нелер жатады?                                                                                     -  Сыйлы  қонаққа не жабады?                                                                                             -  Ұлттық  киімдерді немен безендіреді?

3-топ. «Арман» шағын кәсіпкерлігінің сұрағы.                                                                      -  Аяқ киімдерді атаңдар?                                                                                                         -  Мәсінің етіктен айырмашылығы қандай?                                                                     -  Байпақ неден жасалады?

 Жақсы балалар, енді біраз бой жазып, сергіп алайық ол үшін ойын ойнайық. Ойын «Мақалды жалғастыр» деп аталады.

Топтар бір біріне киім туралы мақалдың басын айтады келесі топ жалғастырады.

Киім  жағасымен (жарасады).                                                     

Киімің бүтін болса, (өз басыңа күтім болғаны).

Адам көркі — (шүберек).                                                                                

Киіміне қарап қарсы алады, (ақылына қарап шығарып салады).

Киім пішсең кең піш, (тарылтуың оңай)

Қаңтарда қалпақ (киім болмайды)

5-кезең. Әр шағын кәсіпкерлік өздері тігетін киімдеріне жарнама жасайды.

VI. Қорытындылау кезеңі: Сонымен, балалар бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі қандай? (ою-өрнекпен, асыл тастармен, моншақтармен әшекейленеді, қымбат маталардан, аңдар терісінен тігіледі.)



5. Бекіту:

Нені білдік? – киім атауларын білдік; ұлттық киімнің ерекшелігін білдік;



Нені үйрендік?  -  жаңа сөздерді үйрендік.

6. Бағалау.Топ жетекшілерінің бағалауы

7. Үй тапсырмасы.Сабақтың тақырыбына байланысты шағын шығарма жазу.    

Кап Естай

ШҚО Үржар ауданы, Көкөзек ауылы

«Көкөзек орта мектеп-бақшасы» КММ

Бастауыш класс мұғалімі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет