Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1.Жасуша органоидтары дегеніміз не?
2. Олар қандай органикалық заттардың молекулаларынан түзілген?
3.Жануарлар мен өсімдіктер жасушасы қандай органоидтері арқылы ажыратылады?
4.Екімембраналы органоидтерді ата?
5. Мембранасыз органоидтерді ата?
6. Жасуша қабырғасындағы гемицеллюлозалар және пектин, микрофибрилдің рөлі қандай?
|