Сабақ Сабақтың тақырыбы: о дыбысы және әрпі. Сабақтың мақсаты


-сабақ Сабақтың тақырыбы



бет3/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,6 Mb.
#31478
түріСабақ
1   2   3

32-сабақ

Сабақтың тақырыбы: К дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. К дыбысымен таныстыру. К дыбысына тіл ұстарта отырып сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату.

2. Дидактикалық материалдар арқылы балалардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту. Балаларды К дыбысы бар сөз, сөйлем ойлауға үйрету.

3. Таза қазақ тілінде сөйлеуге, байланыстырып сөйлеуге түзу отыруға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Көрнекіліктері: к дыбысынын баспа түрі, текшелер, кеспе әріптер.

Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, қазір қай мезгіл?

- Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Тәрбиеші жұмбақ шештіре отырып, бүгін қандай дыбыстың өтілгендігін бірінші дыбысынан балаларға аңғартады. Тәрбиеші жұмбақ жасырады.

Өз атын өзі шақырады.

Сөйтіп күнді батырады. (Көкек)

- Көкек деген сөзде бірінші қандай дыбыс?

- Кім К дыбысына байланысты адам аттарын атайды?

- Енді осы адам аттарында К дыбысы қай жерде тұрғанын талдайық.

- К дыбысының айтылу ерекшелігіне тоқталады. "К". Түсіндіру. К дыбысы - дауыссыз дыбыс, дауыссыз дыбыс көк текшемен белгіленеді.

Жана үйретілген К дыбысынан сурет арқылы өлең жолын жаттату:

К әрпі


Көркем ғой

Көктебе деп,

Ұшып жүр кептер, көбелек.

Жайнатып тұр маңайды,

Күн нұры көктен себелеп.

- Ал енді, балалар, мен сендерге к әрпі бар сергіту өлеңін үйретейін.

Дыбыстан қашып,

Қаққан безек.

Қорқақ жасық. Бұл не? (Көжек)

Осы өлеңді балаларға қимыл арқылы 2-3 рет жаттата отырып орындату.

— Балалар, барлығың жаттығуды жақсы жасадыңдар. Енді қызық ойын ойнайық.

Балаларды 3 топқа бөледі. Тақтаға А, О, Б, В, Г, F, Д, Е, Е, Ж әріптерінің үлгісін іліп кою.

Сол үлгіні тәрбиеші өзі көрсетіп тұрады. 3 топтың балалары сол көрсетілген дыбыстың дауысты не дауыссыз екенін тез ажыратып айтулары керек.

Егер шатасса, келесі топ балалары жауап беріп, ұпай санын жинайды. Тіл ұстарту:

Кекілік-ау, кекілік,

Кетіп қалма секіріп.

Көңіл-күй әуенімен "к" дыбысын буын ішінде айыру жаттығуы: Ка-ка, ко-ко, ку-ку, кэ-кэ, ки-ки, ке-ке.

Қол жаттықтыру дәптеріне "к" дыбысының жаттығу жұмысын орындату.

Сөйлем құрату. Тақырыбы: " Көк".

Көкен ауылда тұрады.

Ауылдың қасында қол бар.

Көлдің суы мөлдір, таза.

Еркебұлан,

Назкен көлге шомылып,

Еркебұлан балық аулады.

Қорытындылау.

Ойын: "Қай дыбысты дыбыстадым"? деп сыбырлау арқылы "к" дыбысының айтылу, есту арқылы жеткізуге үйрету "к" дыбысына жұмбақ жасыру арқылы "к" дыбысын бекіту. Жұмбактар шешкізу:


  1. Жұп-жұмыр жоны бар,

Инеден тоны бар,

Түйреген, түрпі...

Бұл не? (Кірпі)

2. Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды. (Күн)

— Кірпі, күн сөзінде неше дыбыс бар, бірінші қай дыбыс естіледі? "к" дыбысы қай жерде келіп тұр?

— Қалай естіледі? - деп балалардан жауап ала отырып, сабақты қорыту. Үйге тапсырма: Көжектің суретін салып келу.


33-сабақ

Сабақтың тақырыбы: I дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. I дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру; сөзге дыбыстық талдау жасату; оқуға, жазуға жаттықтыру 2. оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту. 3. Өз ана тілін елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суретті үлгі бойынша кітаптың ішіктің, түлкінің, ілгіштің суреті, текшелер.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ойын

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Сабаққа даярлығын тексеру.



II. Өткен сабақты қайталау.

1. Өтілген дыбыстарды кеспе әліппеден тапқызу.

2. Қала, жан, ана, ата т.б. сөздерді кеспе әріптермен жазғызып, буынға бөлгізу.

III. Жаңа сабақ.

Кеспе әріптен і әрпін көрсете отырып, өлең шумағын оқу. Жалғыз таяқ боп тұр, Төбесінде доп тұр. Бұл не?

Бұл і дыбысы деп, әріп таңбаларын көрсету. Айтылу артикуляциясына мән беру.

- I дыбысы жуан айтыла ма, жіңішке айтыла ма?

- Дұрыс. Айтылуына қарай қандай дыбыс дейміз?

- Көрдіңдер ме, дауысты дыбыс екі түрлі айтылады екен. Айталық ы дыбысы жуан дауысты, і десек жінішке дауыспен айтамыз.

Сондықтан да дауысты дыбыстар жуан, жіңішке болып екіге бөлінеді. Мысалы: ы-і, ү-ү, а-ә, о-ө.

IV. Сергіту сәті

Жел соқты гу-гу

Жаңбыр жауды тырс-тырс.

Жаңбыр басталды.

Күн ашылды.

V. Сурет бойынша жұмыс.

Тақтаға кітап, ілгіш, ішік, түлкі суреттері ілінеді. Сөйлем құрастыру. Сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Мысалы: ілгіш і-дауысты дыбыс, қызыл.

л-дауыссыз дыбыс, көк

г-дауыссыз дыбыс, көк

і-дауысты дыбыс, кызыл

ш-дауыссыз

дыбыс, көк - текшемен белгілейміз.



  • Қане, бәріміз хормен оқиық ілгіш

Енді сөзді буынға бөліп оқиық. іл-гіш.

VI. Өз бетінше жұмыс жүргізу

- Кеспе әліпелеріңе тіл, кітап сөзін жазыңдар. Оқушыларға аз ана тілінің қадір қасиеті, кітап жайлы түсінік беру.



VII. Мақалмен таныстырып, бірін жаттатқызу.

Кітап - білім бұлағы.



VIII. Жазу жұмысы.

І-нің үлкен, кіші әрпін жаздыру. Ін, тіл, тіс сөздерін жазғызу.



IX. Сергіту сәті

Кі-кі-кі - бұлаңдайды түлкі.

X. Оқулықпен жұмыс.

XI. "Әріп тастамақ" ойыны

Ойынның шарты: 7-8 балаға бір-бірден әріп таңбасын таратады. Оқушы өз қолындағы әрпіне сай сөз ойлап табады айтады.

XII. Үйге тапсырма:

1. Дәптердегі жазуды аяқтау.

2. Тіл. кітап туралы мақал-мәтел жаттау.

XIII. Бағалау.


34-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ә дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Ә дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыра келіп, балаларды сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету.

2. Ә дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету.

3. Ұғымталдыққа тәрбиелеу. Үлкендерге құрмет көрсетуге баулу.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Пайдаланылған әдістер: Сұрақ-жауап; ой қозғау; ой толғау; логикалық ойын дамыту, бақылау: мәнерлеп оқу қаблетін дамыту; ән айту; көрсету; таныстыру; серуен; проблемалық сәт тудыру.

Ұйымдастырылуы: Серуенде ұлттық заттарды ұстатып көрсету, заттардың атын атату.

Сабақтың көрнекілігі: Әже (суреті), бесік. сырмақ, текемет, көрпе жастық, әлди (қуыршақ); әріптер (касса), әтеш (суреті); әке (суреті); суреттер, "әукешім". сөзжұмбақ "әліппе".

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші:

— Мына суреттен нені көріп тұрмыз?

— Әтешті.

Әтешіміз "ақ" қанат

Күзетшідей қырағы.

Таң азаннан қақпада,

Айқай салып тұрады.

— Балалар, әтеш таң азаннан неге айқайлайды?

— Ал, ояндың енді не істеу керек?

- Дұрыс, азаматсындар! Ал, қанеки бастайық (Сергіту жаттығуын жасау).

— Ал енді, іске кірісейік. Әтеш тек кана бізді оятты ма?

- Әке қайда кетті?

— Әпке қайда кетті?

— Әже ше? Әлди ше? ... (Үйде қалды ...)

- Мынау - Әлім. Ол жақсы, әдепті бала. Әжесіне, үлкендерге сәлем береді. Ол - әдепті бала.

- Бізде сондай әдепті балалар бар ма екен? (... иә...)

- Мынау не?

- Сиыр, ... "әукешім".

— Әсел қайтті?

— Әсел әукешімді сауды, әукешім көп сүт берді...

- Сүт өте пайдалы. Бал қосып ішсең, ауырмайсың.

Сюжетті ойын: Қатысушылар: Әсел, әже, әлди.

Әсел: - Әже, әлди жылады.

Әжесі: - Әлди-бөпем, әжең келе жатыр

Әжең "әлдиді" тербетеді...

Әсел: - Әже, әлдиді бесіктен шешіп алайық.

Әжесі: — Жарайды, шешіп алайық.

Әкеле ғой, көрпесі мен жастығын.

Әжесі мен Әсел әлдиді бесіктен шешіп алады...



Тәрбиеші: — Ойынға кімдер қатысты?

- Әже, Әсел, әлди.

- " Бұл сөздер қай дыбыстан басталады?

- Ә дыбысынан.

Тәрбиеші Ә әрпін әріп кассасынан алып, балаларға көрсетеді. Ә дыбысының дыбыстық мәдениетін сақтап, анық таза айту үшін артикуиялық жұмыс жүргізеді.

- Балалар, Ә дыбысына қатысты тағы қандай сөздерді айта аламыз?

- Әлім, әңгіме, ән,...

— Жарайсындар. Олай болса "әлди-бөпем" әнін үйренейік...

Әлди-әлди бөпешім,

Ұйықтай қойшы көкешім.

Бармақтарың майысып

Ұста болар ма екенсің?

Күйші болар ма екенсің?...

(Балаларға әрі қарай жалғастырып айтуға көмектесу: өз ойларынан шығарып, жалғастырады).

Сабақты қорыту.

— Балалар, бүгін сабақта не үйрендік? ...

— Өте тамаша. Үйден тағы да бір өлең құрастырып көріндерші: Мысалы: Әне отыр мысық

Өзі сондай қызық

Қарайды ол маған

Бір көзін қысып...

— Баланың "эвристикалық" қабілетін арттыру үшін тәрбиеші сөзжұмбақ ұсынады:

Әже (суреті).

Әтеш (суреті).

Сәбіз (суреті).

Сабақты қорытып, балаларға ерекше кабілет танытқаны үшін, сабаққа жақсы қатысқаны үшін, өз үлесін қосқаны үшін, әр оқушыны жеке-жеке мадақтап сабақты қорытады.

— Балалар, ә дыбысының қатысуымен айтылатын сөздер өте көп. Үйден ойланып келіңдер. Келесі сабақта сөздерінді, құрастырған (мысық туралы) өлеңдерінді тыңдаймыз.

Ал бізге барлык әріптерді үйрететін кітап "Әліппе" деп аталады (таныстыру).

Таныстырар әріппен

Мынау кітап - әліппең

"Әліппе" деген аты оның

Басталған қай әріптен? (Ә)

— Балалар, үйден кітап, журнал, әліппе т.б. карап шығып, әр қарағанда Ә әрпіне назар аударындар. Әпке, әжелеріңнен оқып беруін сұраңдар.



35-сабақ

Сабақтың тақырыбы: И дыбысы және әрпі.

Сабақгын. мақсаты: 1. И дыбысы мен әрпін таныстыру. И дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасау. 2. Балаларға и дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудара отырып сөздік қорларын байыту. 3. Балаларды таза, ұқыпты жүруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, сөздік, үйрету, тіл жаттықтыру.

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, текшелер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: суреттер көрсету арқылы ой-тұжырым жасау арқылы басталады.

— Суретте не көріп тұрмыз?

— Ит, кит, шие.

— Иә, осы ит, кит, шие сөздерінде қай дыбыс көп қайталанады?

— И дыбысы дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз. И дыбысы сөздің басында, ортасында, соңында кездеседі. Ойын "Кім зейінді?"

Тәрбиеші өлеңді оқып шығады. Балалар зейін қойып тыңдап отырады. Өлең аяқталған соң и дыбысы кездескен сөзді балалар кезекпен айтады.

Ұшып кетті инелік,

Бізден қорқып именіп,

Тікұшаққа ұқсайтын,

Инелікке тимелік,

Мен көп оқып үйренем,

Білім сырын игерем.

Бейне құдық қазғандай

Болса да білім инемен.

— Инелік, именіп, тимелік, игерем, именем.

Тәрбиеші "И" дыбысы мен "й" дыбысының айырмашылығын айтып түсіндіреді.

Балаларға қол шапалақтау арқылы дыбыстату.

И-не, и-не-лік, ти-ме-лік, и-тел-гі.

Буынға бөлінбейтін "и" дыбысы бар сөздер:

Ит, кит.


Сөйлем құрату.

Тақырыбы "Шие".

Мысалы: Болат пен Ислам бақшаға шие екті. Оны суарды, баптады. Шие жақсы өсті.

Шие сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Балаларға ребус шешкізу (инелік).

Сергіту сәті: Мен шиемін, шиемін,

Күннің көзін сүйемін.

Осы өлең жолын балаларға айтқызып, жаттату.

Ойын: Сөзді есіңе сақта.

Ойын мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Ойын шарты: Тәрбиеші өтілген жаңа дыбысқа байланысты сөздерді сол ретте қайталап айтып шығулары керек. Сөздерді шатастырып алса, Қолындағы бір қиықшасын тәрбиешіге, не ойын бастаушы балаға береді. Кім қолындағы қиықшасын кебірек сақтаса, сол жеңімпаз болады.

- Ал енді мына сөздерді кім буынға шапалақ арқылы бөледі? инелік

кәм пит

ки ік


ит

са қи на


ки ме шек

- Балалар, бүгін біз кай дыбыспен таныстық? Тәрбиеші: — И дыбысын қандай текшемен белгілейміз? Тәрбиеші:

Исатайдай батыр болам,

Иса атамдай ақын болам.

Игі істе батыл болам,

Игілікке жақын болам.

Осы өлең жолдар арқылы сабақты корытындылау.
36-сабақ

Сабақтың тақырыбы: "3" дыбысы және онын таңбасымен таныстыру

Сабақтың мақсаты: Ұсынылған сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу, сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілетін арттыру мақсаты көзделеді.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, касса, суреттер, текшелер.

Әдіс-тәсіддері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңінен басталған сабақ өткен тақырыпты пысықтап, жаңа тақырыпты түсіндіріп қорытындылайды.

Сабақта белсенділік көрсеткен балаларға мадақтау тәсілі де ескеріледі. Сабақ жұмбақ жасырудан басталады.

Ләззатта бар,

Жанатта жоқ.

Азатта бар,

Қанатта жоқ ("з" әрпі).

Жауабын айтқан бала сол "3" дыбысына сөз ойлап айтады. "Сөз ойла, көп ойла" ойынын ойнату.

Барлық балаларға жеке-жеке доп лақтырып доп алған бала сол дыбысқа сөз ойлап айтады. (Сөздің басында, ортасында, соңында, "з" дыбысы).

Суретке қарап дыбыстык талдау жаса.

"Зебра" сөзін шапалақ ұру арқылы буынға бөлі.

Бой сергіту:

Ұзын қанат инелік,

Инелікке тимелік,

Ұшақты біз жасадық

Инеліктен үйреніп.

Зу-зу, зу-зу, зу-зу.

Дәптерлеріндегі берілген тапсырманы орындау. Үзік сызықтарды қос. Буындап оқы. ЗЕ-РЕ КАЗ

Өзіндік жұмыс.

Әріптер тізбегін ұқрып, алты сөз құра.

Қ-о-й-с-и-ы-р-з-е-б-р-а-б-ұ-з-а-у-к-а-р-б-ы-з-т-е-р-е-з-е.

Дауысты дыбыстарды қызыл бояумен боя, дауыссызды көк бояумен боя.

- Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар. Сендер әріппен таныстындар, сөз құрадыңдар. Қазір орнымыздан тұрып, бір сәт сергіп алайық та сабақты сурет салумен аяқтайық.


37-сабақ

Сабақтың такырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Ө ө дыбысымен таныстыру.

2. Бір сызықтың бойына Ө ө әрпін жазуын, сөз және сөйлем құрастыруын қадағалау.

3. Буынға бөлуін, ауызша және жазбаша жазу қабілетін арттыру.



Сабақтың әдісі: Ойын, көрнекілік

Сабақгың көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріп, кітаптар, кесте. Үлестірмелі материалдар: Әріп элементі, әріп, Әліппе.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Үлестірмелі материалдарды тарату.

II. Қайталау (тіл дамыту)

а) Ө ө дыбысымен таныстыру.

ә) Ө ө буыны бар сөздерді буынға бөліп, оқыту: -өс; -өк; -өр.

б) Ө ө дыбысына байланысты жұмбақтар жасыру.

Сарғайып отсыз піседі,

Үзіліп жерге түседі. (өрік)

в) Ө о дыбысына байланысты тақпақ

Өткел бар көше астында,

Жер асты екі арада.

Өрілген қымбат тас мұнда

Шамдары тұтас самала.

III. Жазу.

а) Жазуға қолды даярлау. ә) Ауада жазу.

б) Әріптің жазылуын бақылау.

в) Баспа және жазба түріне көңіл бөлу.

г) Үлестірмелі материалдармен жұмыс.

г) Үлкен Ө әріпін саусағымен үстінен басу, сызып жазу.

д) Тақтаға тәрбиеші өзі жазып көрсетеді.

е) Өз бетінше жұмыс. (Жазуды ұзын жолға тізіп шығу).

IV. Ойын: "Кім жылдам?"

(Кеспе әріптерді пайдаланып, жылдам о-ө дыбысының орнын ауыстыру).

соз — сөз тор — төр

қол — көл от — өт

жон — жөн он — өн

V. Сабақты бекіту:

Сөз оқыту: өрнек, көл, көш, көп. . .

Хормен:

VI. Сабақты қорыту:

-өс; - өр; - өк айтқызу.



VII. Мадақтау.

38-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларды ү дыбысымен таныстыру, аталған дыбысқа сөз ойлату арқылы сөздік қорларын байыту.

2. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.

3. Шыдамдылыққа, ептілікке тәрбиелеу. Жан-жануарларды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көркемділік.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, фигуралар, схема.

Пәнаралық байланыс: есеп сабағы, психология.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық (балаларды көңілдендіріп алу.)

— Балалар, бір-бірімізге сабақты бастамас бұрын, жақсы тілек айтайықшы.



II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабаққа шолу.

IV. Жаңа сабақ:

— Балалар, бізге бүгін үкі конаққа келіпті. Ол орманнан көптеген жаңалықтар ала келіпті. (Үкінің суретін немесе макетін көрсету.)

— Үкі туралы не білеміз?

— Балалар, үкі де сендер туралы көп нәрсе біледі екен. Үкі деген сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз? (Балалар "ү" деп жауап береді).

— Ендеше, бүгін біз сендермен "Ү" деген әріппен танысамыз. (Баспа, жазба түрін көрсету).

— "Ү" дыбысы кездесетін сөздерді айтайықшы.

— Үйрек, үй, үйеңкі, үзеңгі, үміт, сүзбе, күз, күшік, күрек, үз т.б. (Осылайша кім қанша сөз айтады бақылау жасау, онымен қатар сөздердің қорларын арттыру).

V. Сергіту сәті: "Күн шықты".

Сабақты ойын түрде жалғастыру. Қызыл телпекті апасына алып баратын жолмен жүріп өтуіне көмектесу. Бұл схемада жол бойында есте сақтауға ыңғайлы ерекше, қызықты заттар кездеседі.

Алдымен қызыл Телпек көпір арқылы өтуі қажет. Бұл көпір өте қорқынышты, себебі көпірдің кейбір тұстары сынып тұр. Бұл көпірден сәтті өту үшін жаттығу ретінде "Крестер мен нүктелер" тапсырмасын орындайық. Әр оқушыға арнайы фигуралар беріледі, әрбір шеңберге "+" таңбаларын үшбұрышқа "—" таңбаларын қойып шығу (1,5 мин. беріледі).

Жарайсыңдар, сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар, ал енді көпірден асықпай өтіп, гүлді алқапқа шығамыз. Әрі қарай жол бізді сиқырлы орманға алып барады. Орманда ағаштар көп екен, жел соғып тұр. Сендер қорыққан жоқсыңдар ма?

-Жоқ. Ендеше орманда: Шыршадан шыршаға секіріп жүретін бір аң бар екен. Ол өзіміз жақсы білетін тиін.

— Балалар, сендер білесіңдер ме? Тиін "жазу машинкасы" ойынын ойнағанды жақсы көреді. Кеспе әріптерден сөздер жазып көрейікші: үй, ата , шөп, нан, доп т.б.

— Жарайсыңдар, балалар. Сендер жақсы ойнағандарыңа тиін өте қуанышты. Ал енді әрі қарай жол жүрейік. Міне, біз қызыл Телпектің әжесінін үйіне де жеттік. Қызыл телпек те, әжесі де сендердін үйді жақсы тауып келгендеріңе қуанышты, рақметін айтып жатыр.

— Сонымен бүгін біз сендермен қандай дыбыспен таныстық?



Қайсысы қалай дауыстайды?

Бүркіт шаңқылдайды.

Қарға қарқылдайды.

Арыстан ақырады.

Әтеш шақырады.

Кірпі пысылдайды.

Жылан ысылдайды.

Құрбақа құрылдайды.

Шегіртке шырылдайды.

Ешкімді ешкім күндемейді.

Олардың ішінде, айтыңдаршы

Не ғана үндемейді? (Балық)

Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау, сабақты аяқтау.

39-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

1. Дыбыстар туралы балалардың ұғымдарын кеңейту. Сөздік қорын молайту.

2. Аталған дыбыстар сөздік қай буында кездесетінін білдіру. Ойын ойнату барысында игерген білімдерін бекіту. Сөзге дыбыстық талдау жасату.

3. Мақсатты ойын арқылы білімдерін тиянақтау.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сауат ашу сабағында көрнекілік үшін суреттер, текшелер, қол жаттықтыру дәптермен таныстыру қолданылады. Сабақтың барысында тәрбиеші:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктемде қандай өзгерістер болады?

- Ал, енді мына бір өлеңге кұлақ түріңдерші. "Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер" - деген өленде не туралы айтылған?

Гүл - дер

- Дұрыс солай "гүл" деп айтсақ сөздің басында қандай дыбыс естіп отырмыз?

— Өте жақсы. Енді Г дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба? Дыбыс жасау үшін кедергі келіп тұр. Сондықтан Г дыбысы дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз. Гүлдін астына текшемен белгілейміз.

Сабақты түрлендіру үшін, балаларды қызықтыру мақсатымен осы жерде "Кім зейінді?" деген ойын ұйымдастырылады.



Ойын шарты: Фланелеграф тақтасына Г дыбысы бар суреттерді іліп, "қай суретте аталған Г дыбысы кездеседі?" — деп сұрау керек. Балалар да, Г дыбысы қай сөзде бар екенін анықтайды. Г дыбысын кім бұрын атаса, сол жеңімпаз аталады.

Балалар, "Гүл" десек, Г дыбысы сөздің қай жағында кездесіп тұр.

— Ал көгершін десе ше? Кө - гер — шін.

— Яғни Г дыбысы сөздің басында, ортасында кездеседі екен.

— Ондай болса, сергіту сәтін жасайық.

Орнымыздан тұрайық

Гүлді жұлып алайық.

Орнымыздан жылжып

Басқа гүлге барайық.

— Енді, балалар, бүгін сендермен Г дыбысымен таныстық. Қазір біз осы дыбысты ауада жазамыз (5-6 рет ауада жазғызу).

Үзік сызықтарды қосу арқылы Г дыбысын жаздыру. Енді айналамызда Г дыбысынан басталатын қандай заттар бар, атап көрейік.

— Гүл, галстук, гауһар, көгершін.

— Енді балалар, "Адасқан әріптер" ойынын ойнаймыз. Шарты: Балаларға кеспе әріптер таратып, сол әріптер бойынша сөз құрастыруды ұйымдастыру, жұмбақ жасыру.

Суреттерді көрсете отырып "Дұрыс буын" ойынымен сабақты қорыта келіп, жұмбақ жасыру.

Қатар-қатар түйме,

Бассаң салар күйге. (Гармонь)

Жайса - көлдей,

Жиса - жеңдей. (Кереге)

Мінезін оның түсінгем,

Ашуы тамақ пісірген. (Газ)

Жұпар исі еседі,

Жайнап бақта өседі.

Қайсы әріптен басталған,

Аты не, кім шешеді? (Г)

Өзі сондай нәзік,

Су құйсаң кетеді.

Алаканын жазып. (Гүл)

— Қазір серуенге шыққанда айналамен таныстыру кезінде гүлдің суретін салып, бақшадан гүл тереміз.

— Сонымен бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?

— Г дыбысы қандай дыбыс?

— Қандай текшемен белгіледік?

— Яғни Г дыбысы қандай дыбыс?



40-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Я дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты:

Балаларға Я әрпі мен дыбысының айтылуын және сөздегі орнын тапқыза отырып таныстыру.

Әр түрлі ойын ойнату арқылы сөзжұмбақ, ребус шештіру арқылы логикалық ойлануын дамыту.

Өлең айткызу, жұмбақжасыру арқылы тітдерін дамытып, туған жерді, жануарды т.б. қорғауға тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер, суреттер, сөзжұмбақ. Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Шымшып алады қолсыз,

Сырғанақ жоқ онсыз.

Жауабын кім табады?

— Ондай болса кім айтады жылдың қай кезі екен қазір?

— Қыстың қай айы?

— Аптаның қай күні?

— Бүгін біз сауат ашу сабағында Я дыбысымен танысамыз. Дыбыстың әріптен айырмашылығы қандай?

— Дұрыс. Я дыбысын айтып көрейікші, қандай дыбысқа жатады екен, хормен: Я.

— Мына суретте нені көріп тұрсыңдар?

— Қоян.


— Қоян сөзін буынға бөлейікші.

— Сендерге қай буындағы дыбыс таныс емес?

— Олай болса я дыбысымен танысайық.

Ол дауысты дыбыс. Сөздің ортасында, соңында және жеке буын құрай алатын дыбыс екен.

— Бәріміз сергіту сәтін жасайық.

Ұзын кұлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы-қырлы жерлерде,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын салып көзінің.

Келе жатқан томпандап,

Көжегі екен өзінің.

- Балалар, бізге бүгін тағы бір қонақ келіпті. Ол қонағымызда бір дорба жұмбағы, өлеңі бар, екінші дорбасында сендерге сыйлығы бар екен, сол дорбаның қайсысын ашсақ — сыйлық аламыз.

- Бірінші дорбаның жауабын дұрыс тапсақ, екінші дорбаны аламыз.

- Іске сәт! Кезекпен келіп алайық.



Еркебұлан: Қолы жоқ сурет салады,

Тісі жоқ тістеп алады. (Аяз)



Жазира: Жесең ащы,

Көзіңнен шығарар жасты. (Пияз)



Мөлдір: Қоян отыр партада,

Екі қолы қалтада.

Апай сабақ сұраса,

Ұйықтап қалыпты партада.

- Жарайсыңдар, балалар, көптеген сыйлықты алатын болдыңдар ғой. Мен де сендер сияқты сыйлық алғым келіп отыр, бір жұмбақты сендерге жасырайын, сендер жауабын табыңдар.

Тал басында

Тамаша үй. (Ұя)

- Ұяны қай кезде жасаймыз?

- "Баспалдақ" ойынымен сабақты аяқтайық

Ойын шарты: Балалар кім Я дыбысы бар сөзді көп айтып, баспалдақтың жоғарғы сатысынан төмен түссе, сол оқушы Аяз атаның шанасымен сырғанақ тебуге барады: 2 топпен жарысады.

- Бүгін біздің баспалдақтан тезірек түсіп, Аяз атаның шанасына отырған балаларға және өз білімдерінді жақсы көрсеткендерің үшін рақмет.



Я дыбысын қайталату.

Сабақты қайталап, пысықтап, мадақтау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет