Сабақ Сабақтың тақырыбы :«Ұшқыш болғым келеді»



Дата18.02.2017
өлшемі71,53 Kb.
#10018
түріСабақ
«Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мичурин орта мектебі»ММ

Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы:«Ұшқыш болғым келеді» Қ.Аманжолов

Өткізген: Тулекина Х.С.

2016жыл

Сабақтың тақырыбы: «Ұшқыш болғым келеді» Қ.Аманжолов

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Өлеңнің негізгі идеясын ашу,ұшақ түрлері оның адам өміріндегі пайдасын білу.
Дамытушылық: Өлеңді талдау арқылы мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: екінші дүниежүзілік соғысы батырларының ерліктерін жадымызда сақтауға, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: диалогтік оқыту,бірлескен жұмыс,АКТ, оқыту үшін бағалау.СТО
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, суреттер топтамасы,бағалау парағы. Сабақ барысы:

Мақсаты

уақыт

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Күтілетін нәтиже




3 мин

Ұйымдастыру

Амандасу.Үлкенге де «сіз»,

Кішіге де «сіз»

Амандасып алайық

құрметпенен біз.

Топ ережелерін еске түсіру.Бағалау критерийлерін айту


Хормен қайталап амандасады.

Зейіндері қалыптасады

білу

12мин

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге қандай тапсырма берілді? Бұл әңгімедегі кейіпкерлерді ата Кімдер?

Рөльге бөліп ойнау.

1топ. «Жайлау»көрінісін суреттермен бейнеле-қорға

2топ.Жұмашқа ақыл кеңес жаз.Ашық хат

3топ.Мақалдан сабақтың түйінін шығару.

1.Еріншектің ертеңі бітпес.

2.Асық ойнаған азар,

Доп ойнаған тозар

Бәріненде қой баққан озар.

3.Татулық — табылмас байлық.

4.Әдепті бала — арлы бала,
Әдепсіз бала — сорлы бала.

Мұғалім бақылайды, бағалайды



Бір-бірінің ойларын тыңдайды.Сұрақ

тарға жауап береді, өзара пікір алысады, бір- бірін толықтырады, Әр топ берілген тапсырмаларды орындайды.



Рөлде ойнауға ,ойын айтуға, пысықтауға, дәлелдеуге, сабақтың түйінін табуға үйренеді.




4мин

Қызығушылығын ояту

Ұшақтар туралы бейне материал



Балалар, біз жайлауға барғымыз келеді,немен жетуге болады? Олай болса,мына жұмбақты шеше отырып табайық.

Құстан аумайды, 
Көкте заулайды. (Ұшақ) 

Ұшақ (ағылш. airplane, plane, орыс. самолёт).


Ұшақты жүргізетін адамды кім дейді?

Қандай ұшқыштарды білесіңдер?


Не білдік?



Жұмбақтың шешімін табады.
Оқушылар ұшқыштар туралы білгендерін айтады.

(Т.Бегелдинов,

Х. Доспанова, Л,Беда, И.Ф.Павлов)

Көріп,түсінген

дерін баяндайды.


Ойы жетіледі,аудио-визуалды қабылдап қабілеттері артады




1мин.

сергіту

Кәне, қанат жазайық

ұшақтар²


Самғап биік ұшайық

Тікшақтар, ұшақтар

Кәне, қыздар –уау

Кәне, ұлдар-уау

Бәрімізде -уау²


Бой сергітеді,

қимылмен көрсетеді.



Оқушылардың ынтымақтастықтары артады

түсіну

10мин

Жаңа сабақ

Қосымша мәлімет

Оқулықпен жұмыс
Сөздік жұмыс


Қолдану мақсатына сәйкес ұшақтар азаматтық және әскериұшақ болып ажыратылады.

Әскери ұшақтар қазақ жерінде 1940 -1945 жж. кеңінен қолданылған.

Олай болса,біз топтарға ат берейік.

1топ.-Aero L-39- оқу-жаттығу ұшағы

2топ-Ан-12- тасымалдаушы

3 топ-Су-25- Әскери

шабуылдаушы ұшақ

Автор туралы мәлімет беру.Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жерде 1911 жылы дүниеге келеді. Қасым Аманжолов — (1911-1955) қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны. 1938 жылы тұңғыш өлеңдер жинағы "Өмір сыры" деген атпен жарық көрді. "Достар", "Туған жер", "Домбыра, "Көкшетау", "Орамал", "Өзім туралы« т.б. өлеңдері бар.


Өлеңді мәнерлеп оқыту.Түсініксіз сөзді түртіп алу.

Өлеңнен не түсіндік?

1 топ. Аспан қандай?

2 топ.Неге ұшқыш болғысы келеді?

3топ. Шекараны ұшқыштар қорғай ала ма? қай шумақтан табуға болады? Қандай мемлекеттермен шектеседі?:Оңтүстік-Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, солтүстігі-батыс, Ресей,шығысы-Қытай. Олар әуеде де шекараны қорғады.

Ұшыш болу үшін қандай болу керек?



мәлімет алады, дүниетанымы кеңейеді

Өлеңді мәнерлеп оқиды,түсініксіз сөзді түртіп алады.

Түсінігін айтады, сұрақтарға жауап береді.


Білімдері кеңейеді,есте сақтау қабілеттері артады.

Автор туралы мәлімет алады.

Өлеңнің мазмұнын түсінеді, дауыс ырғағына салып оқуға жаттығады.


Талдау

қолдану


(10 мин)

Шығармашылық тапсырма

Өлеңді талдау.

Көкке ұшамын -  /


Ұшқыш болар баламын.-//
Соңына ерем-/
Ер ғарышкер ағаның-//

Шумақ- 4тармақтан
Кідіріс жасағанды- бунақ дейміз.

Өлеңді мәнерлеп оқыту

Өлеңді әндетіп оқимыз.(Айгөлек әніне салу)


Үлгіге қарап өлеңді талдайды және оқиды.

Топта бірлесіп жұмыс жасайды, талқылайды, өлеңді талдайды.


Мәнерлеп оқиды,әндетіп айтады.

Ойын айту, өлеңді талдауға жаттығады,

дәлелдейді





(3мин)

қорытынды

Арманға жету үшін не істеу керек?
Ал өздерің нені армандайсыңдар?Ұшаққа арманын жазып ұшыру.

Тақырып бойынша түйінді негізгі ой айтады

Ойын қортындылауға жаттығады.

бағалау

2мин

Кері байланыс

Мұғалім топты, жеке оқушыларды бағалайды.

Сабақ ұнады ма?



Топ басшылары топ мүшелерін бағалайды. Саусақпен көрсетеді.

(орташа, жақсы,өте жақсы)



Бағалауға үйренеді







Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу, «Менің арманым» тақырыбында эссе жазу








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет