Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
IV. Пысықтау.
Тест жұмысы, 5 минут
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
Жинақтау.
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Дыбыс қалай таралады?
3.Вакуумда дыбыс тарала ма
Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16Гц –тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар.
Инфрадыбыстар –
Ультрадыбыстар –
Дыбыс туындауының себепкері – денелердің тербелісі
Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады.
1.Домбырамен күйсандықтан бір нота орындату.
2.Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?
Жауабы: Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады
V. Есептер шығару.27-жаттығу. №3, №4, 27-жаттығу. №2.
Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
26-жаттығу 1,2
Қосымша есептер.
№1К.
Толқын ұзындығы 2 м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0,2с. Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?
Бөлшектердің толқындары тербеліс жиілігі 0,6Гц, толқынның таралу жылдамдығы 12 м/с. Толқын ұзындығын анықтаңдар.
№2К.
Балықшы қалтқы 1 мин ішінде толқында 24 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 8м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
Толқынның таралу жылдамдығы 8 м/с, толқын ұзындығы 4 м. Бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды қандай?
№3К.
Бөлшектердің тербеліс жиілігі 340 Гц, толқын ұзындығы 1 м. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
Көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 3м болса, қайықтың 0,5 Гц жиілікпен тербелгендегі толқынның таралу жылдамдығы қандай? VІ. Қорытындылау.Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§31,32 дайындық сұрақтарын талдау.
Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?
Ауада қандай толқын тарайды-көлденең бе, әлде бойлық па?
Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?
Қандай дыбыстар музыкалық деп аталады?
Дыбыс қаттылығ немен аныталады?
Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіңдер?
Бағалау
|
Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”
14 төмен болса – “2”
|
Үйге тапсырма
|
§31,32,33; 1-3 cұрақтар, Есептер шығару. 26-жаттығу. №1, №2.
|