Сабақ Сабақтың тақырыбы



Дата27.02.2020
өлшемі34,88 Kb.
#57464
түріСабақ
Тренер, аға оқытушы: Тусупкалиева Гульмира Куантаевна, «Өрлеу БАҰО» АҚФ Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ

Мұғалімдер санаты: тарих, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері




Күні:

Сабақ

Сабақтың тақырыбы

«Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектептен тыс жерлерде «шынайы» сабақтарды ұйымдастыру және өткізу»

Жалпы мақсаты

мұғалімдердің мектептен тыс жерлерде ықпалдастырылған сабақты ұйымдастыру және өткізу дағдыларын дамыту.

1-сабақ: «Туған жер» бағдарламасы аясында мектептен тыс жерлерде «шынайы» сабақтарды жүзеге асыру туралы жалпы түсінік

3-сабақ: Мектептен тыс жерлерде ықшамсабақ жобасын құрылымдау

2-сабақ: Мұражайда сабақ ұйымдастыру жолдары («Сәкеннің өмірбаяны мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақ үлгісі негізінде)

4-сабақ: Ықшамсабақ көрсету. Рефлексия.

Оқу нәтижесі

«Туған жер» бағдарламасы аясында мектептен тыс жерлерде «шынайы» сабақтарды жүзеге асыру туралы жалпы түсінікпен танысады;

Мұражайда сабақ ұйымдастыру жолдарын тәжірибеде игереді

Мектептен тыс жерлерде ықшамсабақ жобасын құрылымдай алады.


Ресурстар

«Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» - http://www.akorda.kz/kz/events/ akorda_news/press_conferences/memleket-basshysynyn-bolashakka-bagdar-ruhani-zhangyru-atty-makalasy.

Сәкен Сейфуллин өмірі туралы - https://kk.wikipedia.org/wiki.

Қазақстан тарихы (ғылыми-танымдық басылым). 2-басылымы, өңделген. – Алматы: Атамұра, 2013. – 552 бет, суретті, карталы (474-бет).

Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым./Құраст. Б.Тоғысбаев, А.Сужикова. – Алматы. «Алматыкітап баспасы», 2012. – 384 бет (184 бет).

Уақыты

Тренер іс-әрекеті

Мұғалімдер іс-әрекеті

15

Миға шабуыл: «Сағат дос». Сағат тілімен төрт сұрақ беріледі.

12.00 ˗ Рухани жаңғыру бағдарламалық мақсаты туралы не білесіздер?

15.00 – Орта білім беру жүйесінде бұл бағдарламалық мақсатты жүзеге асыру тетіктерін анықтау (кем дегенде 5)

18.00 – мектептен тыс жерлерде оқу процесін ұйымдастыру дегенді қалай түсінесіз? Өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.

09.00 – Мектептен тыс жерлерде оқу процесін ұйымдастыру бойынша 3 идея ұсыныңыз.


Сағаттың 4 тіліне сұрақтар жасырылады. Мұғалімдер сағат тілдеріне пікірлескісі келетін мұғалімдердің атын бір-бірлеп жазады. 4 топқа бірігеді. Бұл жерде шулайды, бір топтан бір топқа ауысуыда мүмкін, ол маңызды емес. Сағат тілі бойынша 4 топқа бірігіп болған соң. Жасырылған сұрақтар ашылады.

Бірінші жинақталған топ – 12

Екінші жинақталған топ – 15

Үшінші жинақталған топ – 18

Төртінші жинақталған топ - 9


5

Кері байланыс: «Пайдалы ұсыныс», мақсаты мұғалімдердің талдауы бойынша бес пайдалы ұсынысты стикерге жазып ерекшелеу және назарларын аудару.

Мұғалімдер тыңдайды.

45

Шағын дәріс: «Туған жер» бағдарламасы аясында мектептен тыс жерлерде «шынайы» сабақтарды жүзеге асыру туралы жалпы түсінік (презентацияны пайдалану)

Мұғалімдер тыңдайды. Пікірлерін білдіреді.

25

Пирамида әдісі: мақсаты, жалпы түсінік бойынша ойды жинақтау.

Сұрақ (осы тақырып бойынша 1 сұрақ қою)

Екі сөз (ерекше таңқалдырған сөз жазу)

Үш кілт сөз (осы тақырып бойынша маңызды сөз жазу)



Мұғалімдер пирамида әдісі бойынша ойларын жинақтайды. Алған ақпаратты бекітеді. Лектор мұғалімдердің дайындаған сұрақтары бойынша жауап береді.

2-сабақ

35


Мұражайда сабақ ұйымдастыру жолдары

(«Сәкеннің өмірбаяны мен шығармашылығы» тақырыбындағы сабақ үлгісі негізінде)



«4 бағытта талдау» әдісі, мақсаты тақырыпты төрт қыры бойынша зерттеу. Берілген тапсырма бойынша анықтама келтіреді, факт жазады, мысал және мысал емес мәліметтер жазады.

Сәкеннің өмір баянымен танысу үшін мұғалімдерге үш бағыт бойынша тапсырма беріледі (бір топ географиялық көз қараспен жасайды, екінші топ әдебиетшілер, үшінші топ тарихшылар).



Мұғалімдер мұражайдағы мәліметтерді және интернет ресурстарды пайдаланып, кестені толтырады.

Анықтама

Факт

Мысал

Мысал емес

Географтар – анықтама береді

Тарихшылар – факт келтіреді

Әдебиетшілер – мысал жазады

Барлық топ – мысал емес бөлігін бірлесе толтырады.



10

«Құпия зат» әдісі, мақсаты қызығушылықты арттыру, мұғалімдердің байқағыш қасиеттерін дамыту. Әдіспен жұмыс жасау дағдыларын арттыру.

Сәкен Сейфуллиннің алтын сағаты туралы жасырын мәлімет айтамын. Оны мұғалімдер тауып, ол туралы мәліметті толықтырулары қажет.



Мұғалімдер жасырылған затты іздеп тауып, ол туралы мәлімет айтады. Бұл жұмыс қызығушылықты арттырады, сергітеді. Балалардың өзіндік ізденуіне септігін тигізеді.

25

«Селфи репортаж» әдісі. Мақсаты, мұражайдағы Сәкен шығармаларымен танысу.


3-4 адамнан тұратын шағын топтарға бірлеседі. Мұражайдағы деректерді пайдалану арқылы Сәкен шығармашылығымен танысады.

10

Кері байланыс: тапсырманы орындап болған соң кері байланыс беру үшін мұражай экскурсоводына сөз беріледі. Мұражай экскурсоводы мұғалімдердің деректерін толықтырып, кері байланыс береді.

Осы кезде мұражай залдарын аралауға мүмкіндік болады. Және мұғалімдер өздерінің жасаған жұмыстарын толықтыруға мүмкіндік алады.

10

Рефлексия: «ВАК»

Көру арқылы не үйрендім?

Есту арқылы не үйрендім?

Қозғалу арқылы не үйрендім?




Алдын-ала берілген корточка бойынша топқа бірігіп, үш шеңбер жасайды. Әр топтың міндеті карточкада көрсетіледі. Берілген бағыт бойынша рефлексия жасайды.

3-4 сабақ

3-4

3-4 сабақ: Мектептен тыс жерлерде ықшамсабақ жобасын құрылымдау және қорғау.

Мұғалімдер практикалық жұмыс жасайды. Ол үшін адам санына байланысты 4-5 топқа бөлінеді.

Мұражай мен тарих сабағына қатысты бірнеше тақырыптар беріледі. Сонымен қатар, мұғалімдер өздеріде тақырып ұсына алады.


  1. Қазақ халқының тарихи тұлғалары (бір тұлға таңдауға болады).

  2. Қазақ халқының киіз үйі және оның жабдықтары.

  3. Қарағанды облысының мәдениті.

  4. Атасу кентінің тарихы.

  5. Атасу кентіндегі киелі орындар.

Таңдалған тақырып бойынша ықшамсабақ жоспарын әзірлейді.

Ықшамсабақ жоспарлау критериі:

-жас-ерекшелікті анықтап алу;

-мақсаттың тақырыпқа сәйкес болуы;

-сабақтың барысының нақтылығы;

-мұражай деректерімен байланысты болуы;

-мақсатты ашу үшін 2 тапсырма құрастыру;

-бағалау әдісін жоспарлау.

Берілген критерий бойынша мұғалімдер сабақ жоспарын құрылымдайды. Нәтижесінде әр жұмысты ортада қорғайды. Қорғау барысында берілген критерийді назарға ұстау қажет.

Кері байланыс: қорғалған жұмыстар бойынша тренер кері байланыс береді.


20

Рефлексия: «Телестудияға қоңырау» тәсілі. Мақсаты, бір күндік курс бойынша мұғалімдердің білімін жинақтау.

Ұйымдастырылуы:

Топтарда жаңалықтар бағдарламасын жасау қажет.

1-тыңдаушы: телестудияға телефон соғып осы курс туралы хабар береді (рефлексия).

2-тыңдаушы: Телестудиядағы диктор; бұл туралы теледидардан хабарлап,

тілшімен байланысады.

3-тыңдаушы: Тілші; оқиға орнынан тыңдаушыларға мазмұнды сұрақтар қою арқылы тың ақпарат ұсынады.

Басқа тыңдаушылар тілші сұрағына жауап беріп, жаңалықтың мазмұнын ашады (рефлексия).

Соңында диктор қорытынды жасайды (рефлексия).

Қажетті құрал-жабдықтар: бейнекамера, микрофон.



Тренер тыңдаушылардың жетістіктерін бағамдап, ерекше тұстарын атап көрсетеді және курсты қорытындылайды.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет