Сабақ Сабақтың тақырыбы: ю ю дыбысы мен әрпі



бет2/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,72 Mb.
#7292
түріСабақ
1   2   3

49-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ц ц дыбысы мен әрпі

Мақсаты:

1. Ц дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға, жазуға үйрету. Ц дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы окушылардың білімі мен тілін дамыту, сөздік қорын молайту, диалогка үйрету, мәнермен оқуға жаттықтыру.

2. Аналогия бойынша қарым-қатынас орнату және ауыстыру қабілетін дамыту.

3. Хайуанаттарға деген сүйіспеншілігін арттырып оларды қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, кестелер, карточкалар, сылдырмақ, тест тапсырмасы, түсті борлар, тақтадағы жазу, қима әріптгл сөзжүмбақ.

Әдісі: проблемалық, сұрақ-жауап, талдау-жинақта тексеру, жарыс, қорытындылау.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Назарын аудару.



II. Өткен сабақты пысықтау.

1. Тақтаға жазу.

2. 2, 3 оқушыға оқыту.

3. Мазмұнын айтқызу. Жатқа оқыту.

4. Қорыту.

III. Жаңа сабақ.

1. Кіріспе. Клоун қонақта. "Бәрімен сәлемдесіп", "Щеткалар" өлеңін оқып "қуанады" сөзін куырады, - деп бәрін күлдіреді.

2. Диалог. Сергіту сәті.

Бақа-бақа балпақ,

Басын неге жалпақ?

Темір терсек көтеріп,

Содан басым жалпақ.

- Бүгін біз Ц дыбысын өтеміз. Мынау Ц дыбысы. Кәне, бәріміз айтып көрейікші.

- Бізге қатты естіліп түр екен. Бұл Ц дыбысы сонаң қатаң ба?

- Иә.


- Ц дыбысы ұзаққа созылмайды екен. Дауысты дыбыстар ұзаққа әндетіп созылады екен. Ал дауыссыздар тез, қысқа түрі айтылады екен. Мысалы "а", "о" дегенде ұзаққа созылады, байқадыңдар ма?

- Ал "Ц" дыбысы ше? Қысқа әрі қатты естіледі. Сондықтан ц дыбысы қатаң дауысссыз дыбыс. Ол бізге орыс тілінен енген.



Суретпен жұмыс.

Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?

- Бишілерді, әншілерді (көрермендерді) т.б.

- Дұрыс, бишілер де, әншілер де өнер адамдары екен. Олар өз өнерлерін қай жерде көрсетеді.

- Қолдарыңды ұрып буынға бөліңдерші.

- Кон-церт.

- 2 буыннан тұрады.

- Ц дыбысы қай буында тұр?

— 2-ші буында.

— Қанша дауысты дыбыс бар?

Ц дыбысы сөздін басында, ортасында, соңында кездеседі. Таңбалануы Ц ц (ш дыбысына ұқсас)

Сөздік жұмыс.

Цех, цирк, кон-церт, цифр.

Дыбыстық талдау. 1 дауысты дыбыс. 1 буынды сөз. Сөздерді оқу, сөздік жұмысы, сөйлемдер құрау.

3. Оқулықпен жұмыс

1. Цирк қай көшеде орналасқан?

2. Сөздерді оқу.

3. Буындар: ца, цу, цы, це, ци

4. "Циркте" мәтінін оқу. Мәтінде неше сойдем бар? Әңгіменің мазмұнын айтқызу. Хормен оқыту.

Жазба жолдағы сөздерді оқу. Дәптермен жұмыс. Жалғауды көрсету. Ци, Це. Өздік жұмыс. Сөзжұмбақ шешу "Арена"

IV. Қорытынды.

— Бүгін не үйрендік? Жаңа сөздерді атау.

— Мен сендерге жұмбақтар оқимын, ал сендер циркте кездесетін аңдар болса айтып отырыңдар.

Өзі айлакер,

Өзі бір қу.

Жүрген жері

Айқай да шу. (Түлкі)

Қалқиып ұзын құлағы

Елендеп қорқып тұрады. (Қоян)

Таптым-таптым тап жорға,

Табаны жалпақ боз жорға. (Түйе)

Жер астында

Жездемнің камшысы жатыр. (Жылан)


50-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ч дыбысы мен және оның әріп таңбасымен таныстыру.

Сабақтың мақсаты: Өтілген дыбыстар туралы балалардың білімдерін бекіту. Дидактикалық материалдарды пайдаланып балалардың ойлау қабілеттерін, қиялын дамыту (буын құрау, сөз құрау, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту). Дамыту ойындарын ойната отырып, игерген білімдерін бекіту. "Ч" дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру. Балалардың "Ч" дыбысы бар сөз, сөйлем ойлап табуына назар аудару, олардың сөздік қорына мән беріп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сабақ барысында аталған мақсаттарға жету үшін кеспе әріптер, текшелер, суретті үлгілер көрнекілік ретінде пайдаланылады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, әңгімелету, ойын, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Қай ай?

- Аптаның қай күні?

- Балалар, біз сауат ашу сабағында қандай дыбыстармен таныстық?

- Біз алдымен дыбыс дегеніміз не? Соған тоқталайық. —Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? —Ал дауыссыз дыбыстар ше?

-Дауыссыз дыбыстарға нелер кедергі жасайды? -Дауысты дыбыстар қандай текшелермен белгіленеді? —Ал дауыссыз дыбыстар ше?

- Ал біз әріптерді көреміз бе? Бірнеше сауалдарға балалар жауап береді.

Тәрбиеші: — Өте дұрыс өткен сабақтарды жақсы меңгерген екенсіңдер. Балалар, енді мен сендерге бір жұмбақтар жасырамын, сендер шешуін табыңдар.

Орындық тұр -Қарайық,

Ұқсайды оған қай әріп? (ч)

Дұрыс айтасындар Ч әрпіне ұқсайды. Бүгінгі біздің өтетін жаңа әрпіміз осы Ч әрпі.

Тәрбиеші балаларға Ч әрпінің жазба және баспа әріп таңбасын көрсетіп, таныстырады.

Тәрбиеші балаларға чемоданның суретін көрсетеді.

- "Чемодан" деген сөз қай дыбыстан басталады? "Ч" дыбысы дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?

- Дауыссыз.

Неліктен дауыссыз дыбыс, қане, бәріміз айтайық. Ал енді "Ч" дыбысына байланысты кім тез сөздер тауып айтады?

- Қане, кім "Чемодан" сөзін тақтаға текшелер арқылы жазып береді. (Бір бала тақтаға "Чемодан" сөзін жазып береді, буынға бөледі, қалған балалар орындарында отырып, дауыстап оқиды). "Чемодан" сөзінде неше буын бар?

Шапалақ ұру арқылы буынға бөлгізу.

"Ч" дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екенін білдірту. Буындар құратып, оны оқыту (ча, чу, че, чи).

— Балалар, "Ч" дыбысын ауада жазып көрсетейікші. Алдымен мен жазайын, сендер ауада жазып қайталаңдар.

— Балалар, дәптермен жұмыс жасар алдында бой сергіту жаттығуын жасайық.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Биік болып өседі.

Өте жақсы, қазір дәптерлерінді ашып, үлгіге қарап, үзік сызыктарды қосып, Ч әрпінің баспа түрін жазайық.

Балалар жазып болған соң ойын ойнаймыз.



Ойын: "Балықшы".

Шарты: Балалар аквариумнан магниттік кубиктерді қармақпен аулап алады да, кубиктегі қандай әріп, кандай дыбыс екенін тауып, сол әріпке сөйлем құрап, әңгімелеу қажет. Мақсат: Алған білімдерін тиянақтау. Бұдан кейін таныс дыбыстарды есте сактау үшін сол дыбыстан басталатын нәрселердің суретін көрсетіп, оны балалардың өздері де салып, қай дыбыстан басталатынын қайталау.

— Балалар, бізде бүгін қандай сабақ болды? Кдндай әріппен таныстық. Қане, "Ч" дыбысына тез сөз ойлап жіберіндерші. Сабақты тағы бір рет қайталап сұрап, пысықтаған соң, қорытындылауға болады.



51-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ь белгісі және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды Ь белгісімен таныстыру, таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.

2. Ь белгісі қатысты сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен ой-өрісін, тілін дамыту.

3. Ұқыптылыққа, таза әдемі жазуға дұрыс оқуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жеке суреттер, буындық кестелер, кеспе әріптер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, ойын.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру. Балаларды сабаққа даярлау.

II. Өткен сабақ.

1. Ч дыбысы қандай дыбыс?

2. "Кім жылдам?" ойынын ойнату арқылы ч дыбысы бар сөздер айтқызу.

3. Кеспе әріптерден сөз құрату.

4. "Болашақ чемпиондар" өлеңін жатқа сұрау.

ПІ. Жаңа сабақ.

1- Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

2. Тақырыптық суретпен жұмыс.

Конь-ки сөзіне дыбыстық талдау жасату, ь белгісі бар сөздердің айтылуын, оқылуын түсіндіру.

3. Суретке сөйлем құрату.

4. Бағандағы сөздерді оқып беріп, сөздердің мағынасын түсіндіру.

5. Оқушыларға бағандағы сездерді жеке-жеке окыту.

6. Сөздерді буынға бөліп оқыту.

7. Балаларға жартылай дауыспен 2-3 минут оқыту.

8. Жазу жолындағы сездерді оқыту.

9. Буындық кестелерден сөз құрату, оны оқыту.



Сергіту сәті

Бір, екі, үш

Жинап алып күш,

Қолға қалам аламыз.

10. Дәптермен жұмыс.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

"Қай буынды жоғалттым" ойыны. Суретке қарап, жоқ буындарды табу.



V. Бағалау. Балаларды мадақтау, жақсы қатыскан балаларға жұлдызша беру.
52-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ъ белгісі және әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ъ белгісімен таныстыру. Ъ белгісі бар сөздерімен таныстыру, сол сөздерді жазуға үйрету.

2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, әдемі жазуға, дұрыс оқуға машықтандыру.

3. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын.

Көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, буындық кестелер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

11. Өткен сабақты қайталау.

- Сұрақ жауап арқылы өткен сабақты қайталау.

1. Казақ тілінде неше әріп бар?

2. Дауысты дыбыстар нешеу?

3. Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

4. Дауыссыз дыбыстар нешеу?

5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? Сөздерге дыбыстық тащдау жасату. Экипаж ащы

р — дауыссыз

о - дауысты, жуан

я — дауысты, жіңішке

л - дауыссыз

ь — жіңішкелік белгісі

5 — әріп, 4 дыбыс

Кеспе әріптерден сөз құрату, сол сөздер арқылы сөйлемдер құрату.

Вагон. Жүрдек поездарда вагондар көп.

Фонтан. Фонтаннан мөлдір су көкке шапшып тұрады.

Шахтер. Шахтер — құрметті маман.



IV. Мақсат қою.

(Оқушыларға бүгінгі сабақты баяндау)



V. Жаңа сабақ.

Ъ — айыру белгісі. Ешкандай дыбыстық таңбасы емес. Дауыссыз дыбыс пен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде казак тілінде орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: Мысалы: разъезд, подъезд, съезд.

Ъ белгінің баспа және жазба түрін көрсету, таныстыру.

Ъ және ь белгілерін салыстыру.

Лагерь — подъезд

Рояль — съезд

Фильм — разъезд



Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

Суретпен жұмыс "Разъезд".

(Оқушыларға сұрақтар қою арқылы сөйлемдер құрату. "Разъезд" сөзіне түсінік беру. Шағын әңгіме құрату).

Ребус шешкізу.

(Жасырын сөз: Подъезд) Подъезд сөзін түсіндіру. Дыбыстық талдау жасату. Подъезд -7 әріп, 6 дыбыс.



Дәптермен жұмыс. VI. Бекіту.

"Кім жылдам?" ойыны арқылы ъ таңбасы туралы түсініктерін тексеру.



VI. Сабақты қорыту.

— ъ таңбасы қандай сөздерде кездеседі? Сөздерге дыбыстык талдау жасату.



VI. Үйге тапсырма беру.

Дәптердегі жазуды аяқтау.



53-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме і

Мақсаты:

1. Сурет бойынша байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сұрақтарға жауап беріп, өз ойын дұрыс жеткізе білуте, сөйлем құрауға баулу.

2. Оқушылардың сөзді ести білу және еске сактай алу қабілетін, тіл байлығын, ой-өрісін дамыту.

3.Отансүйгіштікке, достық қарым-катынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Суреттер, ойыншықтар, гүлдердің суреті, т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасын қайталау.

III. Жаңа сабақ.

1. Ойыншықтарды көрсетіп, оқушылармен әңгіме өткізу.

— Мынау не?

— Ол доп, секірме(скакалка), обруч.

Түсі қандай? Көлемі қандай? Ол не үшін керек? Тағы сол сияқты сұрақтарды қоя отырып суретпен жұмыс жүргізу.

2. - Суретте не көріп тұрмыз?

— Ат қойып кім, немен ойнап жүргенін айтайық.

— Ал, енді сызба бойынша сөйлем құрастырайық.

- Біз доп ойнадық,

- Сөйлем неше сөзден құралған?

- Ал мұнда неше сөзден сөйлем құрауымыз керек.

- Төрт сөзден сөйлем құрауымыз керек.

- Балалар далада ойнап жүр, тағы да сол сияқты.

- Мына суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?

- Көктем мезгілі.

- Оны қалай білдіңдер? Сабақты қорытындылау.

54-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Буынға бөлейік.

Сабақтың мақсаты: а) Сөздердін бір буыннан да, көп буыннан да тұратынын білдіру.

ә) Сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынын түсіндіру.

б) Буындық белгіні қол жаттықтыру дәптеріне жаздыру.

в) Ойын "Жоғалған буын".



Көрнекіліктер: суретті үлгі құралы - қыз баланың суреті, текшелер, ойын, дәптер, қалам.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Тақтадағы суретке ат қою, қыз баланың есімі — Сара.

- Енді, Сара сөзі неше буыннан тұрады екен, ойлап көрелік. Са-ра.

- Бірінші буынын кім айтады?

- Бірінші буыны Са.

- Екінші буыны -ра.

- Дұрыс. Екі буыннан тұрады. Себебі екі дауысты дыбысы бар. Дауысты дыбыс жеке өзі ғана бір буын құрай алады. Мысалы, А-ша.



Ойын: "Жоғалған буын". Балаларды екі топқа бөлу.

- Мен бірінші буынды көрсетемін, сендер жоғалған буынды табасыңдар.



Ойынның шарты: Жылдам ойлап, келесі буынды табу. Қай катардағы топ бұрын аякталса, сол топқа бір-бірден ойыншық қойылады.

- Ал, енді ойынымызды бастайық:



Үй - . .., бө- -не, қар- 7, сауыс- , тыр- ", кө- , тор-, бүр-Ойын соңында жеңімпаз топқа түсті жалауша беріледі.

- Балалар, енді мына сызбаға қарап сөйлем құрастырайық. Сөйлемдегі сөздердің санын тор көзге жазайық.

қарлығаш ұя

Қол жаттықтыру жұмысы.

Тақтаға текшелермен екі сөз жазып, әрқайсысын буындық белгімен белгілету. Мысалы: "Сара" сөзі текшемен былай жазылады: көк, қызыл, қызыл.

- Мына сызбаның көшірмесін дәптерге түсірейік.

- Бұл өрнек неше торкөзден құралған?

- Енді осы өрнекті қолымызды үзбей, сатылап көшіреміз.

- Енді әуе шарларына жазылған буындардан сөз құрау: Ұ-зақ, кө-кек, қар-лы-ғаш, тор-ғай, тыр-на, боз-тор-ғай. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау. Ұзақ — жыл құсы. Торғай шырылдады. Тырна ұшып келді. Сабақты қорыту. Буын туралы білімдерін тиянақтау.




55-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз.

Сабақтың мақсаты: 1. Сөз туралы ұғым беру.

2. Оқушылардың тілін, ойын ойын арқылы дамыту.

3. Ойлану және дұрыс сөйлеу мәдениетіне және табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекіліктер.

Көрнекілік: суреттер, қима буындар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

- Балалар, бүгін бізге қонакқа "Тапқышбек" келіпті, ол бізге сөз туралы ұғым беру үшін әртүрлі ойындар әкеліпті. Сол ойындарды ойнап көрелік. - Бірінші ойын "Буындардан сөз құра".

- Балалар, мынау ненің суреті?

- Дұрыс, ағаштың сабағы екен. Сабақтың жапырактарында буындар жазылған. Оң жақтағы және сол жақтағы буындарды қосып сөздер құрайық.

- Ба-лық, ба-ю, ба-қа, қа-сық, та-уық, мы-сық

- Тапқышбектің алғашқы ойынын жақсы ойнадыңдар.

- Екінші ойын "Сөздерден сөйлем құра".

Мына берілген сөздерден сөйлем құрастырайық. Бірінші сөз Бақа екен және 2 тал бос клетка берілген. Ондай болса үш сөзден тұратын сөйлем құрайық.

Бақа суда жүреді.

Балық та суда жүреді.

Мысық - өте әдемі.

Қоңыз — жәндік.

Күшік үй күзетеді.

- Біздің үшінші ойынымызды былай ойнаймыз. Әрбір сөзде неше әріп болса сонша нүкте қоялық. Бірінші соз ою екен. Ою дегеніміз не, оны кандай жерде колданамыз?

Ою, дала, ағаш, қауын, арпа, алмас

- Енді балалар, біз бағанадан бері шаршадык, сергіту сәтін өткізейік.

- Біздің алғашқы ойынымызға ағаштардың сабағына жазылған буындардан сөз құрағанбыз. Айналамызда өсіп тұрған ағаштарды қорғауымыз керек. Ағаштарды, өсімдіктерді су құйып, күтіп жүрсек ағаштар үлкен болып өседі. Жалпы ағаштардың өсімдіктердін тигізетін пайдасы мол. Балалар, сол ағаштар секілді үлкендердің айтқанын тыңдап, сабақты жақсы оқысақ, біз де үлкен болады екенбіз.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үлкен болып өседі. (Әрбір сөзге байланысты қимыл-қозғалыстар жасату)

- Келесі ойынымыз "Сөз құрастыр"

- Қарандаршы, мынау ненің суреті?

- Күн.


- Жақсы күн. Осы «күн» сөзін катыстырып сөйлем құрап көрелік. Балаларға сөйлем құратып құрамында неиге сөз бар екенін білдірту.

- Карандаршы, күннің бетінде және шашыраған сәулелерінде буыңдар жазылған, осы буындардан сөз құрастырайық.



Ой-шыл, о-йыл, ой-на, ой-мақ, ой-ла, ой-лан, о-йық. Ойыннан соң балаларды сергіту үшін "Әрқашан күн сөнбесін" әнін айтып беру.

- Енді балалар, суретке қарап сөйлем құрастырайық.

- Мына суреттегі кім?

- Бала.


- Осы балаға ат қоялық.

- Ерлан.


- Ерлан — ойшыл бала.

- Келесі сөйлемді құрайық.

Мына ойында сандарды кіргізіп сөздер беріліпті. Сол сөздерді тауып көрелік.

т10тон. қонақ-конақ, к3-күш, 5-ік - бесік

- Балалар, біз бағанадан бері ауызша ойындар ойнадық. Енді дәптермен жұмыс жасаймыз. Қолымызды жаттықтырайық.

- Мынау ненің суреті?

- Күшіктің.

- Осы күшіктін суретін дәптерімізге салайық. Клеткаларды санап дәл суреттердей ұқсатып салайық.



Сабақты қорыту.

Әрбір ойынды ойнап біткен соң, бізге конаққа келген Тапқышбек оқушыларды мадақтап, көтермелеп отырады.

Сабаққаа жақсы қатысқан балаларды ауызша бағалау.

56-сабақ

Сабақтың такырыбы: Жоғалған сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1. Өткен дыбыстарды қайталау, зейінін бақылау.

2. "Жоғалғал сөздер" ойынымен таныстыра отырып, сөздер, сөйлем құруға және дұрыс буынға бөлуін қадағалау.

3. Қолдарын әдемі жазуға тәрбиелеу және қызығушылығын артгыру.



Сабақтың көрнекілігі: әліпби, кеспе әріп кассасы,

суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті.



Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Дөңгелек құрып, кілемге отыру. ә) Әліпбиді қайталау.

б) Жұмбақ жасыру.

"Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама". (Кітап)

II. Қайталау

1. Кеспе әріптен өткен дыбыстарды тауып, текшеге тізу.

а) Тт дыбысына сөздер құрату.

э) Сол сөздерді кгітыстырып, сөйлем құрау.

б) Суретпен жұмыс.

"Қай әріпті жоғалттым?" ойыны яау, яүлкі, кіля, яелефон



2. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

III. Жаңа сабақ.

І.Тақтамен жұмыс "Жоғалған сөздер" ойыны

Көктем жылынды. Жер

Құстар


2.Берілген сөздерден сөйлем құрау

Көктем, жылы, құстар. Ұя, балапан, наурыз.

3. "Сөз ойла, көп ойла" ойыны.

2,3,4,5 дыбыстардан тұратын сөздер ойлату.

3. Қолдарын жазуға даярлау.

ссс


ххх

ооо


4. Сөзжұмбақ жасыру

быз. ға. мақ.

5.а) Қарбыз, қарға, қармақ сөздерін буынға бөлгізу. ә) Мағынасын ашу.

б) Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем ойлау.

в) Осы сөздердің ішінен бұрынғы өткен дыбыстарьш тапқызу.

IV. Сабақты қорыту

V. Мадақтау.

57-сабақ

Сабақтың такырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаты: Балаларға сөйлем жайында терең түсінік беру.

Сабақтың міндеті: а) Сөйлем сөзден, сөздер дыбыстардан тұратынын түсіндіру. Сөйлемде неше сөз бар, сөзде неше дыбыс бар екенін ұғындыру. ә) Сөйлем құратуға үйрету. Ойлау, зейін, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, таныстыру ойын, қол жаттықтыру жұмысы.

Көрнекілік: кеспе әріптер, суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

— Балалар, сауат ашу сабағы бізге не үйретеді?

— Әріптерді, дыбыстарды үйретеді, жазуға, оқуға үйретеді.

— Дыбыстарды біз айтамыз, құлағымызбен естиміз, ал әріптерді біз көзімізбен көреміз, қолымызбен жазамыз. Ендеше, балалар, бір сөз ойлап, сол сөзге дыбыстық талдау жасап көрейікші. Мысалы: оқушы, ауа, мектеп.

оқушы ауа ме

к т е п

5 дыбыс 3 дыбыс 6 дыбыс

Балалар, біз бүгінгі сабағымызда сөздерден сөйлем құрап үйренеді екенбіз.

Мына тақтадағы ағаштардын қанша гүлі бар екен қане, бәріміз санап шығайық. 6 гүлі бар екен.

Ендеше осы гүлдердегі дыбыстардан сөз құрастырып көрейік. Құрастырған сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату. Ойын Ұйымдастыру "Бірдей әріптерді қос". Ойынның ережесі: екі үйшіктегі бірдей әріптерді қосу. Бой сергіту жаттығуы.

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Үлкен құрған соң,

Алақанды ұрайық

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға,

Шапалақта, шапалақ

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

Ал енді, балалар, сабағымызды жалғастырамыз. Қане, бәріміз тақтаға қарайық, неше сызбаны көріп тұрсыңдар?

- Ендеше осы сызбага сәйкес сөйлем құрастырып көрейік. Балалардың бүгінгі сабақта алған білімдерін тиянақтау. Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау. Қол жаттықтыру, дәптермен жұмыс.

58-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттардың жеке атауын ата.

Сабақтың типологиясы: Жаңа сабақты меңгерту.

Білімділік мақсаты: Жеке заттардың атауларын білу, оның ішінде жеміс атауларымен таныстыру. Оларды не үшін пайдаланамыз, олар қайда өседі? Олардан не жасалатынын денсаулыққа адам ағзасына әсері қандай екенін атап түсіндіру. Буындық дыбыстық талдау жасауға дағдыландыру.

Дамытушылық: Ойлау, ой-өрісін дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету. Әр заттың аталуын есте сақтау. Тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Айналадағы заттарға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Жаттығулар орындату барысында ұқыптылықка, ойындар ойнату, ребустар шешкізу арқылы жылдамдықка тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Жеке суреттер, себетке салынған жемістер, ребус.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

I. Ұйымдастыру. а) амандасу ә) оқушы түгендеу б) зейіндерін сабаққа аудару.

IV. — Бүгін, балалар, біз заттардың жеке атауымен танысамыз және жазу жазамыз, әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.

V. Жаңа сабақ.

а) — Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде ауа-райы қалай болады?

- Күзде пісетін қандай жемістерді білесіндер?

- Ал енді, балалар, мына себетке қараймыз. Қандай заттар?

- Себеттегі әр түрлі жемістер.

- Қане, әр қайсысының атын атайық. -Алма, алмұрт, ананас, жүзім, банан. Бұлардың барлығы күзде пісетін өсімдіктер.

- Қане, жемістердің атын атап, буынға бөлейік. Мысалы алма — ал-ма, ал-мұрт т.б.

Ал енді, ойын ойнайық. Көзді жұмып тұрып себеттегі жемістерді сипап сезу арқылы анықтап, ойын сипаттату. -Қане, Арман, кел бір жемісті ала ғой.

— Банан. -Дәмі тәтті.

— Бұл тропикалық өсімдік, бізде өспейді.

—Алма қызыл, дәмді, одан тосап, сусындар дайындауға болады, ағашта

өседі.

Осы жемістер адам ағзасына пайдалы және әр түрлі витаминдер береді екен. Адамның өсіп жетілуіне жақсы көмектеседі. Дәптермен жұмыс.



Осы жемістердің атын жеке-жеке жаздыру. Сергіту жаттығуы.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

Ал енді мына буыннан сөз құраймыз.

Алма, жүзім, шие.

Жалқаулықты тастаймыз,

Шынығамыз жастай біз.

Ырғағымен әуеннің,

Жаттығуды бастаймыз.

"Өрнекті аяқта" жаттығуын орындату.



VI. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

- Сонымен қандай заттармен (жемістермен) таныстық?

— Жемістер қайда өседі? -Жемістерден не жасалады? т.е.с

VII. Енді, балалар, мына ребусты шешсек бүгінгі өткен жемістердің аты шығады. Тез ойлап табайық.

Жемістердің атауына байланысты жұмбақтар жасыру. Окушылардан өздері білетін өлендер сұрау.



VIII. Үйге тапсырма. Дәптерге жеміс суретін салып келу және оны сипаттап келу. Жұмбақ, өлең жаттап келу. Бағалау. Оқушыларды мадақтап, бағаларын атап айту.
59-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Заттардың жалпы және жеке атауы.

Сабақтың мақсаты: 1. Суретке қарап берілген көкөністер, жәндіктер мен ағаштардын атауын атап жазуға үйрету. Олар туралы білімдерін кеңейту. Адам ағзасына әсері қандай екенін білдіру.

2. Ойлау қабілеті мен көркем жазу дағдысын дамыту.

3. Оқушыларды табиғатты аялауға және табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сүрак-жауап, әңгіме, ойын.

Көрнекілік: такырыптық суреттер, үлестірмелі карточкалар т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Түзу отыр партада,

Қыры батпас арқаңа.

II. Өткенді пысықтау

Оқушылармен көкөністер, ағаш, жәндіктер туралы өз білгендерімен әңгіме жүргізу. Сұрақ-жауап:

І.Қазір жылдың қай мезгілі?

2.Күз мезгіліне қандай айлар жатады?

3.Күз мезгіліндегі адам еңбектерін ата?

4. Көкөністерге нелер жатады?

5. Қандай ағаш түрлерін білесің?

6. Қандай жәндіктерді білесіндер?



III. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі. Тақтаға көрнекілікті іліп, көрнекілікпен жұмыс жүргізу. Жеке әр суретті көрсете отырып, атауын сұрау. Әр қатардан өзгешелігін таптыру.

а) — Бұл не?

-Қиярдың пішіні, түрі қандай?

— Қияр жасыл түсті, сопакша, қара тікені бар.

— Неге қолданамыз?

Осы сиякты сәбіз, асқабақ, пияз туралы түсіндірме-әңгіме жүргізу

— Мынау не?

— Пияздың пішіні қандай?

— Пиязды не үшін пайдаланамыз?

-Дұрыс, балалар. Пияздың сонымен қатар емдік қасиеті бар екен. Пияз қыс мезгілінде тұмаудан сақтану үшін қолданылады. Тұмау кезінде оның ащы суы бізге кеп көмек екен.

ә) Сол сиякты ағаш түрлерімен жұмыс.

—Шырша, терек, қайың.

— Шырша жасыл түсті, көйлек пішіндес. Шырша қысы-жазы бір түсті болады. Шыршаны жаңа жыл мерекесінде пайдаланады.

б) Қоңыз, кірпі суретін көрсетіп әңгіме жүргізу.

Мысалы: - Бұл кірпі. Кірпі сопақша, тұмсығы ұзын, жотасы тікенекті. Кірпі адам өміріне өте пайдалы: оны үйде, аулада асырауға болады. Кірпі жүрген жерде жылан болмайды. Кірпі сүтпен қоректенеді.



IV. Сызба арқылы сөйлем құрастыру.

Оқушылар ағашты суғарды.

Ағаш биік өсті.

Ағаш жапырактары сарғайды.



V. Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық. Қалтамызға салайық.



VI. Өзіндік жұмыс.

Қияр, пияз, асқабак, қайың, шырша, терек сөздерін буынға бөліп, дыбыстық таддау жасау. Мысалы: асқабақ

ас-қа-бақ 3 буын бар, себебі 3 дауысты дыбыс бар. а — дауысты, жуан с - дауыссыз, қатаң қ — дауыссыз, қатаң а — дауысты, жуан

6 — дауысты, үнді

а — дауысты, жуан ' қ — дауыссыз, қатан

7 әріп, 7 дыбыс бар.



VI. Көзді жұмып тұрып, сезім арқылы кдндай жеміс ұстап тұрғанын айту және сипаттау.

Осы көкөністер жерде өседі.

Олардан тосап жасауға болады және адам ағзасына витаминдер береді.

Көкөніс, ағаштар туралы жұмбақтар шешу.

Ызақор бұғып жатып,

Сақалын тығып жатыр. (Пияз)

Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды. (Ағаш)



IX. Жазу үлгі дәптеріндегі тапсырманы жазу. Тізбекті жалғастыру.

Оқушыларды мақтау, бағалау. Үйге тапсырма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет