Сабақ Сабақтың тақырыбы: ю ю дыбысы мен әрпі



бет3/3
Дата11.01.2017
өлшемі0,72 Mb.
#7292
түріСабақ
1   2   3

60-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөздерге дыбыстық талдау.

Сабақтың мақсаты:

1) Сөздерге дыбыстық талдау жасауды үйрету, оқушыларға дыбыс түрлерінің дауысты, дауыссыз болуын ұғындыру, сөз, сөйлем туралы ұғымдарын кеңейту.

2) Оқушылардың ойлауын, тілін дамыту.

3) Төрт түлікті құрметтеуге баулу, еңбекке тәрбиелеу.



Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақгың көрнекілігі: үлестірмелі сурет, сюжетті сурет, текшелер. Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

Окушыларға оқу-құралдарын алдырып, сабаққа дайындау.



II. Өткен сабақты қайталау.

III. Жаңа сабақ:

1. - Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?

- Бұл жануарларды төрт-түлік деп атайды.

- Енді, осы жануарлардың төлдерін атаңдаршы. Түйенің төлі - бота, сиырдың төлі - бұзау, жылқының төлі - құлын, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі — лақ.

2. — Енді, дыбыстық талдау жасаймыз.

3. Оқушыларға сюжетті суреттер бойынша сөйлем құрастыру. Бала атты суғарды. Үсен атын тарады.

Мына бос торкөздерге сөйлем құрастырамыз. Асан бәтеңкесін тазалап қойды.

Сызықтың шығып тұрған себебі, ол бас әріппен жазылады.

4. Дәптермен жұмыс.

Қолдың еркін қозғалысына байланысты.

- Балалар, енді мына суретгерге зер саламыз. Мұнда да аттарын жазып, дыбыстық талдау жасаймыз.

Құрт, май, айран, ірімшік.

6. Енді балалар мына сөздерді қатыстырып, сөйлем құраймыз.

Қымыз — биеден алынады.

Шұбат - түйенің сүті.

Схема бойынша сөйлем құрастыру.

Әжем бие сауды. Биеден қымыз алынады.

Түйеден шұбат алынады.

Оқушыларға схема ішіне сөздерді қалай орналастыру керектігін түсіндіру.

Бірінші сөйлем үш сөзден құралған, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен

жазылады. Мысалы: Қымыз, шұбат - шипалы сусындар.

- Дұрыс.


IV. Сергіту сәті

Бас бармақ - әке. Балаң үйрек - шеше. Ортан терек - мен. Кішкентай бөбек - сен.



V. Қорыту.

Енді ойын ойнаймыз "Кім жылдам?"

Тиістісін тауып, сызықпен кос.

құрт сиыр

май түйе

ірімшік жылқы

қымыз қой

шүбат ешкі

айран

Сол қатардағы сөздерді, он. қатардағы сөздерді сызықша арқылы



байланыстыру.

VI. Оқушыларға берілген жүлдызша, төртбұрыш арқылы жауаптарын бағалау, мадақтау.

61-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сөз және сөйлем құрайық.

Сабақтың мақсаты: Сөз бен сейлемнің құрастыру жолдарын ұғындыру. Оқушыларға сөз бен сөйлемді ажырата білуіне мән беру.

Сабақтың міндеттері:

1) Білімділік: Сөздік қорларын арттыру, тіл байлығын дамыту.

2) Дамытушылық: Өз табиғатымыздың байлықтарын қорғауға бағыттау.

3) Тәрбиелік мәні: Табиғаттағы жануарлардың тамаша қасиеттерін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: "Жабайы андар". "Оқу-құралдары" және "Осы суреттерден өзгешесін тап" атты стенд.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме көрнекілік.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II. Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтарға жауап алу.



III. Жаңа сабақ.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, яғни аты "Сөз және сөйлем".

Енді бәріміз мына суреттерге қарап отырып аттарын атаймыз. 1. Жолбарыс, зебр, аю және доп.

- Ал енді осы суреттерге қарап отырып, өзгешесін кім байқады?

- Дұрыс "шар" екен.

Олай болса бұл андар орманның дапаның еркін жүретін андары екен. Мінеки, балалар, бұл андардың аттарын атай отырып "сөз" жасалды. Енді назарларынды мына екінші суреттерге салыңдар. Мұнда да өзгешелік бар, алдымен аттарын атайык,- Кітап, қалам, бор және керік. "Керік" деген сөз таныс емес болар, оны біз жираф дегенбіз бәріміз хормен "керік" деп айтайық. Енді мінеки, балалар, біз енді бұл суреттен де "сөз" құрап алдық.

Енді бізде тағы "сөйлем" ұғымы бар. Осы атаған суреттерімізден сөз құрау арқылы, осы сездерден сөйлем құрастыруымыз керек.

—Дұрыс балалар, өте әдемі жақсы құралған сөйлемдер.

Өткен әрпіміз бойынша "ребус" шешіп керейік. Өзім түсіндіремін, шеше алмаса көмектесемін. 1. "Борсық", ал енді 2-сін өздерің табыңдар.

Суреттен допты көрдік осы доп "п" әрпінің орнына "с" әрпін койсақ. "Дос" сөзі шығады. Өздеріңнің достарың бар ма?



IV. Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті.

Өзіндік жұмыс.

— Балалар, "сөйлем" ұғымын ары қарай жалғастырамыз. Бәріміз мына суреттерге қараймыз. Сөйлем құрау керек.

Балалар арамен ағашты аралады. Мында қарайықшы, неге терт бос көздер қойған? Солардың ішін толтырып қойсақ, сурет бойынша сөйлем құралады.

Балалар ағашты арамен аралады

Бұлай тұрған "I" себебі сөйлем бас әріппен жазылады.

Келесі сурет те солай, енді оған өздерің құраңдар.

— Айнаш қамыр жайды.

Тор көздерге толтырып көрейік. Айнаш қамыр жайды.

— Айнүр би биледі.

Айнұр би биледі.

Топпен жұмыс. "Кім шапшаң?" ойыны. Бала отын ара — 1 топтың жұмысы. Қыз қамыр биші — 2 топтың жұмысы.

Балалардың сөз сөйлем ұғымының қаншалықты меңгергенін тексеремін.

V. Оқулықпен жұмыс.

Суреттер бойынша сөз, сөйлем құрастыру.



VI. Дәптермен жұмыс.

Қолдын еркін қозғалысына байланысты.



VII. Бекіту. Суреттерді көрсете отырып "алма, ағаш, жапырақ" сөйлем құрай отырып, сабақты бекіту.

VIII. Үйге: Өз беттерінше сөз, сөйлем кұрау.

IX. Оқушыларды бағалау, мадақтау.
62-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме "Тамақтану".

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларды казақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру.

Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету.

2. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту. Жалпы ой-өрісін дамыту.

3. Ойлауға, байқағыштықка тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: тағам түрлері, суреттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру.

Балалардың назарын сабаққа аудару. Сабаққа даярлықтарын тексеру.



II. Үй тапсырмасын қайталау.

III. Жаңа сабақ.

- Балалар, қай кезде қауын, қарбыз піседі?

- Балалар, бүгін аптаның, қай күні?

- Бүгін біз сауат ашу сабағында сурет арқылы "Тамақтану" тақырыбына әңгіме құраймыз.

Тамақ, қуырдақ, бесбармақ, жент, қаймак, сорпа. Дыбыстық талдау жасау.

- Біз дыбысты естиміз, бірак көрмейміз. Дыбыстар нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс қалай дыбысталады?

- Ал, дауыссыз дыбыстар ше?

- Дауыссыз дыбыстарга нелер кедергі жасайды?

- Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыстар кандай текшелермен белгіленеді?

- Өте дұрыс, өткен сабақты қайталап шықтық. Балалар сурет арқылы жаңа сабақты талдаймыз. Тамақ деген сөзде неше дауысты дыбыс бар?

т — дауыссыз ж — дауыссыз с — дауыссыз а — дауысты е — дауысты о — дауысты

м — дауыссыз н — дауыссыз р — дауыссыз а — дауысты т — дауыссыз п — дауыссыз К — дауыссыз а - дауысты

2 - дауысты дыбыс 1 - дауысты дыбыс 2 - дауысты дыбыс

3 — дауыссыз дыбыс 3 — дауыссыз дыбыс 3 — дауыссыз дыбыс.

- Балалар, енді біз "Адасқан әріптерді тап" ойынын ойнайык, дыс асық ышақ есе әйнек абак

Ребус шешу.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Біп-биік болып өседі.

Дәптермен жұмыс.

Жазғанда түзу отыруға, қаламды дұрыс ұстауға, дәптерді дұрыс қоюға дағдыландыру.

Сурет бойынша дыбыстарға талдау жасау.

уық — у — дауысты - у — дауыссыз екіге бөлінеді.

у — дауысты а — дауысты у - дауысты ы — дауысты

у — дауыссыз ы — дауысты қ - дауыссыз а — дауысты

з - дауыссыз

Сөйлемді жазғызу.

Өрісте қозы жайылып жүр.

Сурет арқылы балаларға сұрақ қою.

Бала неге мінген?

Бала атқа мінген деп балалар көргенін мазмұндайды.

Балаларға мына сөздерді жазғызу.

Уақыт, тура, дуадақ.

Ребус шешу. Тауық, кит.

Дәптермен жұмыс.

Балаларды мадактап, сабақты схема арқылы қорыту.

Сүт Конфет

Айран - Қант
63-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Сурет бойынша әңгіме "Жазда көл жағасында". Сабақтың мақсаты:

1. Балаларды жаз мезгілінің ерекшелігімен таныстыру.

Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету.

2. Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сәздік корын байыту. Жалпы ой-өрісін дамыту.

3. Балаларға табиғат өзгерісін байката отырып, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: сурет, окулык, қима буындар.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру

Балалардың назарын сабақка аудару. Сабаққа даярлықтарын тексеру.



II. Өткен сабақты қайталау.

III. Жаңа сабақ.

— Ал, балалар, суреттен не көріп отырсыңдар?

— Көл жағасы.

— Тағы не көріп отырсыңдар?

— Қызды және баланы.

Бүгін біз сауат ашу сабағында сурет арқылы "Жазда көл жағасында" тақырыбына әңгіме құраймыз.

Жаз келді. Балалар көлге келді. Олар суға түсті. Күнге қыздырынды. Балалар суға, жағалауға қоқыстар тастамайды. Табиғатты қорғау керек.



Ойын ойнату. "Бөтен буынды тап" ойыны.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Біп-биік болып өседі.

Дәптермен жұмыс.

Оқулық бойынша буындарды салыстыру. а - ә; о - ө; ал - әл; от - өт; ар - әр; ор - өр; нар - нәр; ос - өс; ы - і; ү - у; ыс - іс; қүй - күй; тыс - тіс; түс - түс.

Дұрыс жазылмаған сөзді сызықпен қорша.

Бата өсиет өнеге

Акыл шірін күре

Жілік үран әрлі

Балаларды мадақтап сабақты қорыту.
64-сабақ

Сабақтың тақырыбы: Білім еліне саяхат.

Сабақтың мақсаты: Балалардын жыл бойы алған білімдерінің сапасына көз жеткізу. Ана тіліндегі өткен дыбыстарды қайталау. Сөзді буынға бөліп және тұтас окқға жаттықтыру. Сауат ашуда сөздік қорды байыту, түрлі суреттер және сөздік ойындар арқылы балалардын байланыстырып сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әліппе, суреттер, ребус схемасы, атрибуттар.

Сабақтың барысы:

— Балалар, біз бүгін білім еліне саяхатқа шығамыз. Ол жерде сендердің жыл бойы балабақшада не үйренгендеріңці тексереді. Сендер ондай сынаққа дайыңсындар ма?

— Дайынбыз.

— Ендеше саяхатка аттанайық.

Жолда "Ғалым" кездесті. Ол сабақ жүргізу тізгінін өз қолына алды.

1.Балалар мына көрсетілген суреттерді атап, дыбыстық талдау жасап жіберейік.

2. Мына суретте кандай пішіндер бейнеленген?

3. Логикалық есеп.

Қыстыгүні ағаш басында үш алма өсіп тұрды. Оның біреуін мен үзіп жедім, сонда қанша алма қалды? Жауабы: Қыста алма өспейді.

4. Кеңістікті бағдарлау (Ғалым елінің иесі балалармен қоштасады).

— "Ғалым" аға, біз енді калай жүреміз? Жолымыздан адасып қалдық қой.

— Тура жүріп оңға бұрылсандар, іздеген жерлерінді табасыңдар. Балалар музыка әуенімен саяхатқа аттанады (Әріптер еліне келеді). Әріптер елінен бұларға ақ сақалды қария кез болады.

— Амансыңдар ма, балаларым!

(Әріптер атасы балаларға өзінің тапсырмасын ұсынады).

"Өзгеше буынды тап" ойыны.

(Әріптер атасы балаларға рақметін айтып, кала береді). Т: — Біздің саяхатымыз әрі қарай жалғасады. Жүре-жүре "Сауаттылық" еліне келіп жетеді.

Сұрақ белгісі елінің иесі, өзінің үтір, нүкте көмекшілерімен балаларды қарсы алады, оларды таныстырады.

Сұрақ белгісі өзінің тапсырмасы бар конвертін ашады да, мына төмендегі тапсырмаларды оқиды.

І.Ата, көктем, оқушы деген сөздерге сөйлем құрандар.

2.Дидактикалық ойын.

3.Ребустағы сөзді сурет бойынша оқу.

4.Суреттер арқылы "мектеп" сөзін жазу.

5.Жұмбақтар шешу.

а) Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

ә) Ат міндім қара ала таяқ,

Жүргенде жол салады табандатып. (Қалам)

Сұрақ белгісі балалармен қоштасады.

— Балалар, біз бағанадан бері жол жүріп шаршаған болармыз. Ән айтып, би билеп, біраз бой жазып алайық. (Бой жазу жаттығулары).

Саяхат одан әрі жалғасуда. Оларды енді қуыршақ елінің кейіпкерлері қарсы алады. (Түлкі, қоян, тазша бала).



Қуыршақтар: - Сәлеметсіздер ме?

Балалар: - Сәлеметсіз бе?

Тәрбиеші: - Балалар, біз қайда келдік?

Балалар: - Ертегілер еліне.

Тәрбиеші: Балалар, түлкі, қоян қай ертегінің кейіпкерлері? Б" — "Құлақ", "Тазша бала" ертегілерінің кейіпкерлері. Т: - Балалар, сендер қандай ертегі қойып бергілерің келеді? Балалар "Жыл басына таласқан хайуанаттар" ертегісінен койылым көрсетеді.

Балалар қол ұстасып саяхатқа аттанады. Жолда оларға сандық кез болады. Онын ішінде қозы.

Т: — Бұл сандықты ашпас бұрын жұмбақ шешейік.

Жұмбақ: Кішкене ғана қошақан.

Өзі сондай момақан. (Қозы)

Балалар: - Қозы.

Т: — Қозы ненің төлі?

Б: — Қойдың төлі.

Т: — Осы кішкене қозы туралы кім әңгімелеп айтып береді?

(Бір бала әнгіме айтып береді. Жаңбырдың тырсылдаған дауысы естіледі)

Т: — Балалар, бұл не дыбыс деп ойлайсыңдар? Жауынды бізге не әкеледі? Дұрыс, қане, оқиықшы мына ғажайып бқлттардағы буындарды.

Най - за - ғай.

- Балалар, қарандаршы қандай ғажайып ағаш. Қалталарда қағаз қыстырылып түр, оқиықшы "Сөзді өзгертіп оқы", - депті. Діңінде қандай сөз жазылған екен? Жапырактарында ше? Қане, косып оқиық.

- Өте жақсы, балалар. Байқайсындар ма, балалар, күн де кешкіріп қалыпты. Біздің қайтар уақытымыз таяп қалған сияқты. Ал енді қайтсақ қалай қарайсыңдар.

Балаларға қайтар жолда "Ән аруы" кездеседі. Балалар жол бойы ән айтудан сайысқа түседі.

- Бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

- Қандай елдерге саяхат жасадық?



Сабақ соңында "Ғалым аға", "Сұрақ белгісі", "Әріптер атасы", "Ән аруы" жиналып сабақты қорытындылай келіп, үздік шыққан балаларға сыйлықтарын береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет